Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай

Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай

Булы монша – адамдар жуыну, босаңсу және кей ауруды жеңілдету үшін баратын пеші бар бөлме. Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай және моншада қанша уақыт отыруға болады?

 

Қанайналымды жақсартады

 

Моншаға бару адамдардың жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Моншадан алынатын ылғал жылу қылтамырлардың кеңеюіне ықпал жасап, соның себебінен қанайналым жақсарады. Нәтижесінде қан ағза бойымен кедергісіз ағып, мүшелер мен жасушаларды оттекпен қамтамасыз етеді.

 

Терінің демалуы

 

Моншада немесе саунада жылудың әсерінен тер көп мөлшерде бөлінеді. Нәтижесінде, терінің төменгі қабатынан барлық ластықтар шығатын тесіктер ашылады. Сұйық конденсат ластықты жуып, өлген жасушаларды тері бетінен алып шығуға көмектеседі.

 

Жаттығудан кейінгі қалыпқа келу

 

Адамдар машықтанудан соң жиі бұлшықеттер ауруын сезінеді. Ол ағзаның жүктемеге қалыпты реакциясы. Бірақ бұлшықеттерді босаңсытып, олардың қалпына келуін қамтамасыз ету маңызды. Монша жаттығудан кейін қалыпқа келуге көмектесе алады.

 

Күйзелісті азайту

 

Жылы моншада болу эндорфиндердің (бақыт гормоны) түзілуіне ықпал етеді. Олар күйзелісті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, моншада болу кортизол гормонының түзілуін азайтады. Ол күйзелісті жағдайға жауап ретінде бөлінетін гормон. Сондықтан моншадан соң адам өзін босаңсыған және жаңарған секілді сезінеді.

 

Мұрын қуысының ашылуы

 

Монша жылулығы дененің барлық шырышты қабығына өтеді, сондықтан моншада жеңіл әрі терең тыныс аласыз. Буда аз уақыт отырғанның өзі мұрынның бітелуін кетіреді. Сондықтан, моншаға барудың тұмауды емдеуге де көмегі тиеді.

 

Монша ішіндегі буда отыру уақыты әр адам ағзасының ерекшелігіне, монша түріне және температураға қарай әртүрлі. Десе де, орташа есеппен қолайлы уақыт – 10-15 минут.

 

Моншада температура жоғары болғандықтан, кей адамдар тобына оған баруға болмайды:

 

- жүкті әйелдер;

 

- жүрек ауруы бар адамдар;

 

- гипертония (жоғары қан қысымы) немесе гипотониясы (артериялық қысымның төмендеуі) бар адамдар;

 

- қояншығы (ұстамалы ауру) бар адамдар;

 

- антибиотик қабылдап жүрген адамдар;

 

- психотроптық дәрілер қабылдап жүрген адамдар.

 

Монша процедуралары денсаулыққы зиян келтірмес үшін буға қалай түсу керегін білу керек.

 

Бірнеше қарапайым ереже:

 

Буға демалыс, бу, қарама-қарсы душ және суға түсуді кезектестіре отырып, кезең-кезеңмен кіру керек;

 

Ағзаға моншадағы температураға бейімделуге уақыт беріңіз. Моншаға кіре сала буға түсіп, белсенді процедураларға кірісіп кетпеңіз;

 

Қолайлы температура - 90-100℃ градустан жоғары болмауы керек. Буда 10-20 минут отыру жеткілікті. Егер бірінші рет барсаңыз, 3-5 минуттан бастаңыз;

 

Буға 3-4 рет кірген жөн.

 

Төменгі сөреден бастаңыз. Бірнеше минут өткен соң хал-жағдайыңыз жақсы болса, жоғарыға көтерілуге болады;

 

Буға кірмес бұрын душқа түсіп алыңыз, бірақ шашыңызды суламаңыз. Буда су шашпен отыруға болмайды. Басыңызға бас киім киіңіз,

 

Булы бөлмеде тұруға болмайды. Отырған кезде аяғыңыз салбырап тұрмауы керек, аяғыңыз сөреге тиіп тұрсын. Босаңсуға тырысыңыз.

 

Ағзаңызды тыңдаңыз. Егер басыңыз айналса немесе ауа жетпесе, бірден булы бөлмеден шығыңыз;

 

Моншада және моншадан кейін таза су көбірек ішіңіз.

Дереккөз: Мassaget.kz 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста