Шежіре
Шежіре - Сарыүйсін руы
САРЫҮЙСІН – Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі тайпа.
Шежіре - Сіргелі руы
Қазақ шежіресінде Сіргелі - Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі.
Шежіре - Жалайыр
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады.
Шежіре - Дулат руы
Дулат, Дулу, Дулуғ, Далу, Далуғ, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Олардың ішіндегі ең жиі ұшырайтыны – дулу (қытай жылнамасы бойынша).
Шәкәрім Құдайбердіұлы: Шыңғыс хан шежіресі
Шыңғыс хан 1154 жылы, доңыз жылы моғол ішінде Блунилдық деген жерде туыпты. Туғанда бір қолы жұмулы болған соң, кіндігін кескен қатын ашып қараса, уысында қан бар екен, соны ақсақалдар естіп, «көп ел болып, зор хан болып, көп қан төгеді екен»
Шәкәрім Құдайбердіұлы: Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі
Атамыз Адам пайғамбардан бері қарай атадан-атаға үзілмей жазылып келген шежіре ешбір жұртта жоқ. Адам пайғамбардан Нұх пайғамбарға шейін айтылған аталар - таурат сөзі, қай кітапта болса да сол таурат кітабынан алып жазған.