Шежіре - Сіргелі руы

Шежіре - Сіргелі руы

Сіргелі руы. Қазақ шежіресінде Сіргелі - Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, біз келтіріп отырған ата-тегінің таралуына қарағанда (1-қосымша), Сіргелі - Бақтиярдың немересі, Үйсінге бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Алайда зерттеушілер көне деректерден Сіргелі туралы мәлімет тапқан жоқ. Кеңес кезеңінде бір топ зерттеушілер Н.А.Баскаков пен С.К.Ибрагимов XV-XVI ғасырға жататын Рузбехан еңбектерінен Сіргелі руы туралы мәліметтер тапты. Рузбеханның көрсетуінше, қазақтар жазда Еділ бойын жайлап, қыста Сырдария жағасына, Түркістан төңірегіне қарай көшіп кетіп жүрген. Қазақстанның батыс аудандары бір кезде Ноғай ордасына қарады. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі солтүстік Кавказға кетіп, басым көпшілігі жаңа құрылған Қазақ хандығының құрамына енді. Бұл туралы қазақ ру-тайпаларының көбісінің (наймандар, қыпшақтар, қоңыраттар, үйсіндер, ергенекті, ашамайлы, телеу), сонымен қатар солтүстік Кавказда ноғайлар ішінде сіргелілердің үштаңбалы руларының болуы көп жайды аңғартады.
«Алаш айнасы» интернет-порталы бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
В.Востров бұл мәліметтерді өз еңбегінде келтіре отырып, «бұл екі ру мен аталардың тек жай ұқсастығы емес, сөз жоқ, Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін екі туысқан халықтың құрамындағы сол ру мен тайпа» деген қорытынды жасайды. Сөйтіп, сіргелілер Батыс Қазақстаннан Сырдария мен Түркістанға, Талас пен Шу бойына Жәнібек және Керей сұлтандармен бірге келген рулар құрамында осы маңда қалып кетуі де ғажап емес. Қалай дегенде де XV-XVI ғасырларда Сіргелі руларының аталары Талас пен Түркістан төңірегін мекендеді. Әдеби деректерде Сіргелі руының ата-тегі туралы деректер азын-аулақ. Мәселен, орыс шығыстанушысы Н.Аристов өз еңбегінде Сіргелі руы сегіз ата - Байжігіт, Қарабатыр, Батырлар, Үштаңбалы, Айтбозым, Елібай, Төрттаңбалы, Жаңабайға бөлінетінін тұңғыш рет айтады.
Оған іле-шала М.Тынышбаев та Сіргелі руы (манат) төменгідей болып жіктелетінін дәлелдейді: Төрттаңбалы, Үштаңбалы, Батырлар, Қарабатыр, Жанай, Бөдене. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеулердің нәтижесінде Э.А.Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ата-тегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Айтбөзым, Шақабай, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қөңыр), Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген), Батыр (Құдайберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса, Ақкеңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Тутаңбалы, Қайшылыға бөлінеді. Бұл мәліметтер тек қана Шымкент уезіндегі Сіргелілер тегі туралы ғана сипаттама беретіндіктен, Әулиеатадағы бұл аталар жайында ешнәрсе жоқ. Сондықтан оны түгел емес деп есептейді. Ұлы жүздің тегін қарастыратын В.Востров өз еңбегінде Сіргелілер туралы тек қана Н.Аристов деректерімен шектеледі, сол себепті оның зерттеулері Н.Аристов мәліметтерімен дәл келетіндей. Бұл әдеби мағлұматтарды аз болса да, өз байқап-түйгенімізбен салыстыра отырып, Сіргелінің ата-тегін жасауға тырыстық (10-қосымшаны қараңыз). Сіргелі шежіресі бойынша, біз біраз мәлімет берушілерден құнды мағлұмат жинап алдық. Олар - Шымкент облысы Созақ ауданы Жуантөбе қеңшарының тұрғыны 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; сол облыстың Бабаата ауылының тұрғыны, 1892 жылы туған (Дулат) Жұматай Тоқбаев; Шымкент облысы Алғабас ауданы Майбұлақ кеңшарының тұрғыны, 1888 жылы туған (Байжігіт) Тәжібай Бердібаев пен Төрткүл ауылының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлековтер еді. Олардың ішінде Сіргелі ата-тегі туралы ең білгірлер бізге бұл рудың этнонимі жайында қызық аңыз айтып берген - Бердібаев пен Төлеков. Мәселен, Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Жәнібек ханның замандасы, бақуатты Бақтиярдың ұлы Ойсылдың бірнеше әйелі және 30 ұлы болыпты. Олардың арасында ақылмандары да, көрікті еркетотайлары мен іскерлері де бар екен. Солардың бірі Жәнібек ханның сұлу қызына ғашық болып, ол қыз екіқабат болып қалады. Бұны білген хан ашуланып, Ойсылдың барша ұлдары мен келіндерін қонаққа шақырып, бәрін қырып тастапты. Тек қана Ойсылдың қырда жылқы бағып жүрген ұлы Өтеп пен оның Ізбике атты екіқабат әйелі Ошақтыда төркіндеп жүріп, аман қалып, Манат атты ұл туыпты. Ол ес жиып, ат жалын тартып мінуге жараған кезде оған сіргелі тай мінгізіп, еліне шығарып салыпты. Ол ата-жұртына жеткенде көкпардың үстінен шығып, бұл додада өзінің епті әрі күшті екенін танытып, тайының да тұлпар тектес топ жарғандығын көрсетіп, жиналған ел-жұртты таңғалдырыпты.
Оны енді байқап, бір-бірінен сұрастырып, «сіргелі тай мінген мына мықты бала кім?» дегенге келеді. Тойдан кейін әкесі Өтептің ағасымен көрісіп табысады, ол әмеңгерлік жолмен Ізбикеге үйленіпті. Өтептің ағасынан Тутаңбалы мен Қайшылыны табады; ал ханның еқіқабат қызы егіз Ақкеңірдек пен Қаракеңірдекке босанғаннан кейін, оларды Өтеп пен Ізбике асырап алыпты. Ал Манат есімі ел ішінде ұмьтылып, «Сіргелі» атымен этноним тұрақталып, бүкіл кейінгі әулетке көшіпті. Бұлардың төңірегінде тікелей ұрпақтары ғана емес, басқа да туысқандары, тіпті кірмелер де топтасыпты. Аңыз бойынша Сіргелі дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, көптеген бала-шаға өрбітіпті. Мәлімет беруші Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Сіргеліден Байұлы тарайды, одан Айтбозым, Жаңабай, Елібай, Батыр, Қарабатыр, Жайдақ, Құлшығаш, Шалдар. Өтептің ағасының балалары Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкеңірдек, Қаракеңірдек те кейіннен Сіргелінің құрамына кіреді. Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен деседі.
Олардың қаңлы мен қатағанның ханы Тұрсынмен жұлдызы қарсы болыпты. Бірде Тұрсын хан Ойсылдың балаларының бәрін үй-ішімен шақырып, өлтіріп тынады. Одан әрі оқиға алғашқы аңызбен сәйкес келеді. Бұдан көрінгендей, алғашында тарихи тұлға Жәнібек бейнесі айтылса, кейінгі аңызда Тұрсын ханның тұлғасы алға тартылады. Аңыз айырмашылығы да осында. Аңыз түрлері уақытқа байланысты айрықша болып көрінеді. Аңыз бойынша Жәнібек хан XV пен XVI ғасыр аралығында өмір сүрсе, Тұрсын хан - Жәнібектің немересі, Есім ханның тұрғыласы. Есім хан құба қалмаққа қарсы жорықта жүргенде, Ташкентте отырған Тұрсын хан елін шапқаны үшін оны өлтіріп жібергені тарихтан мәлім.
Бұдан басқа біз Қажытай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің алты әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп, олардан бірнеше ата тарайды, ал олардан бертініректе оның мәліметі болмай шықты. Бірінші әйелінен - Батыр мен Байжігіт; екінші әйелінен - Қарабатыр, Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабақ; үшінші әйелінен - Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қонақбай, Мамыр мен Ботбай; төртінші әйелінен - Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен - Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен - Тутаңбалы мен Қайшылы. Әрине, бұл ата-тектің тізімі түгел емес, әсіресе онда бізге басқа деректерден мәлім ірі рулар ұшыраспайды. Бұлардан басқа біздің мәлімет берушілеріміз жеткізгендей екінші және үшінші әйелден тараған рулар Алғабас ауданында тұрып, бір-бірімен қыз алыспайды. Демек, олар өзара әлі жеті атаға жетпеген болып есептеледі. Қазақтар арасында бұл салт бүгінге дейін бұзылмай келгендіктен, олар деректерде кейінгі ұрпақ болып саналады. Төлековтың мағлұматтарын басқа деректермен салыстырғанда, Сіргеліні 1, 4, 5 және 6-ншы әйелінен тарағандар бірінші, екінші ата, ең әрі кеткенде үшінші атадан келіп қосылады. Әдеби деректер мен біздің шежірені зерттеуімізді салыстыра талдағанда, Сіргелі руы: Батыр, Құлшығаш, Қарабатыр, Айтбозым, Үштаңбалы, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар, Ақсирақ, Қарасирақ, Тутаңбалы, Қайшылы, Торттаңбалы, Жанай, Бөдене болып келеді. Сіргелінің бұл аталары ел ішінде руға бөлініп, өзара қыз алыса беруіне рұқсат етіледі. Бұл, демек, олардың әрқайсысы экзогамдық кедергіден өтті.
Осынау 18 ру алғашқы ата болып есептелмейтін шығар, алайда Сіргеліден бастап екінші, тіпті үшінші буын болғанымен, олар көп ұрпақты рулар болып саналады. Бұл аталардың әрқайсысы туралы тыңғылықты тексеру құрастырмасақ та, кейбірі жайында толық мәлімет беруге тырысамыз. Мәселен, Құлшығаштан Байжігіт атасы, одан Амалдық, Оразымбет, Келімбет, Көшімбет, соңғыдан Сары, одан Сайдуалы, одан Шақан, одан Байдәулет, одан Таңсық, Желкен, Дербісәлі, соңғыдан Бәсібек пен Бердібай, Бердібайдан Тәжібай (мәлімет беруші, 1888 жылы туған). Шежіре бойынша, Сіргеліден Тәжібайға дейін 11 ата. Батыр екі ата - Құдайберді мен Бердібайға ажырайды. Шалдар руы үш ата - Қойсой, Шоман, Қоңыр. Жандақ руы үш ата - Алпар, Тұрсынай, Итемген. Ақкеңірдектен бес ата тарайды: Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді мен Құдыс. Бөдене екі ата: Жәлмәмбет пен Қарқый, соңғыдан Кошек, Артық. Артықтан Меңдіқожа, Меңай. Бұдан тыс біздің зерттеуімізде Шымкент облысы Алғабас ауданында өз дамуында әлі экзогамдық кедергіні өтпеген бірнеше ата тұрып жатыр. Оған Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім, Досшабақ, Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қонақбай, Мамыр, Ботбай, Шақабай жатады.
Олар Сіргелінің анық қай атасына жататыны туралы мәлімет болмады. Сіргелі руының жауынгерлік ұраны - «Бақтияр», ал кейбір аталардың өз ішінде басқа да ұраны бар. Мәселен, Елібайдың ұраны - «Елібай», Айтбозым - «Байтемір», Жаңабайда - «Жаңабай», Шалдарда - «Тоғанас», Жайдақта - «Даубай», Батырда - «Есболат», Ақкеңірдекте - «Тайлақ», Тутаңбалыда - «Ақшабдар», Қайшылыда «Ақшабдар» болып жалғасады. Әдетте, қазақ рулары мен тайпаларының ұраны түп атасының немесе ұлт тарихында маңызды орын алатын батырлар мен билердің атымен аталады. Кейде сирек болса да ұранға арғымақтардың аты айналады. Бұл жерде Тутаңбалы руының ұраны «Ақшабдар» мысал бола алады. Сіргелі руларының таңба белгісінің әдеби деректерде бірнеше түрі келтіріледі. Гродеков, Аристов, Тынышбаев, Шмидт, Аманжолов пен Востров бойынша, бәлкім, халық арасында басқа да түрлері бар шығар. Бұл таңбалардың алғашқы екеуі бұзау мен құлын енесін ембеу үшін тұмсығына кигізетін «сіргені» елестетсе, соңғы екеуі сол күйі «қурай таңба» аталады. Соңғы Шмидт бойынша, Үштаңбалы руының белгісі. Сіргелі руы мен аталарының таңбасын Н.Аристов та, одан кейін В.Востров та өзге қазақ руларының таңбасымен ұқсас немесе кейбір шығу тегінің нышандары дәл келетінін мойындауға бейім.
Рулар мен тайпалардың этногенезін анықтау шындыққа жиі келе бермейді. Кейде таңбаларды сол күйі көшіре салуға болмайды, сондықтан алыс аталарды бір-бірімен туыс деу жаңсақ секілді. Мысалы, Ұлы жүзде Сіргелі руының, Орта жүзде Ерейдің,. Кіші жүзде Телеудің таңбалары бірдей, сәйкес келеді, алайда олардың тегінің туыстығы ешқандай ежелгі деректерде айтылмайды. Біздің зерттеуімізде олардың аңыз түрінде болса да туыстығы туралы мағлұмат жоқ. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария уәлаятының Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерінде тұратын Сіргелілер 7000 үйден астам болды. Олардың 4871 үйі Шымкент уезінде (Гродековтың көрсетуінше), 1410 үй Ташкент (Макшеев), ал басқалары (Смирнов) шағын топпен Әулиеата уезінде қоныс тепті. М.Тынышбаев өз еңбегінде 1917 жылы Сырдария уәлаяты Шымкент уезіндегі Сіргелілер 70 мың жан деп жалпы санын көрсетсе, Әулиеата бойынша ешбір мәлімет бермейді. Сіргелілердің ат төбеліндей тобы Шу өзенінің орта ағысының оң жағында Ақмола мен Қарқаралы уездерінің түйіскен жерінде қоныстанды. Олардың Шу өзеніндегі қыстаулары Жалайыр руы қонысының батыс жағын алып жатты. Шу өзенінің сол жағасындағы Сіргелілер қыстауының қарсысында Шапыраштылар көші жүрді. Сіргелілердің көктеуі мен күзеуі Шудың шалғай солтүстігіндегі Бетпақдалаға кірігіп жатты. Жарлы-жақыбайлар қыстаулардан алыс ұзамай, жаз бойы суармалы жерде егіс егіп, күзеу мен көктеуді төңіректеп, малдылары Бетпақдалаға ендей еніп, өзі үшін де, төрт түлік үшін де құрақтарды пайдаланды. XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында Сіргелілердің басым көпшілігі Сырдария облысы Шымкент уезінде отырықшыланып қалды. Олардың қыстаулары Бөген, Шаян мен Боралдай өзендерінің бойында орналасты. Тұрақты тұрмыс кешіп, жартылай көшіп-қонып жүрді. Егін суарып, сүдігерді де іске асырды.
Онда бидай мен арпа егіп, өзендер аңғарындағы суармалы алқаптарда тары, жүгері мен бақша өнімдерін өсірді. Диқандардың құралы қарапайым болатын (жерағаш, уа, пал, ағаш тырмалар мен орақ). Егіншілікпен тек қолы қысқалар ғана айналысты. Олар күнкөріс қамы үшін байлармен ортақтасып, олардан тұқым, сауынға сиыр мен түйе алып, күш көлігі үшін өнімнің жартысын беріп отырды. Сіргелілердің жатақтарында тігерге тұяқ аз болды. Олар төрт түлік өсіріп, әсіресе қой мен түйені ұстады. Қысқа қарай жем-шөп дайындады. 100 басқа дейін малы бар қожайындар малдарын қорада ұстады. Ал байлар әдетте Мойынқұм қойнауын қыстады. Сіргелілер ішінде отбасылық ұсталардың әртүрлі кәсібі өркендеді, әсіресе ағаш, сүйектен, темірден зергерлік бұйымдар жасалды.
Бұған өзбек ағайындармен қоңсы қону да едәуір әсер етті. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шаян өзенін мекендейтін Сіргелі руының Байжігіт атасынан ағаш пен темірден түйін түйіп, «бес ұста» аталған шеберлер шықты. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қаратау күнгейіндегі диқан Сырымбеттің Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрманқұл атты бес баласы болды. Көп ұзамай әкесі өліп, шешесі шиеттей бала-шағасымен Қазығұрт тауының баурайына көшіп барып, балалар ағаш пен темірді өңдейтін кәсіп үйренеді. Ағайындылар едәуір шеберленіп алған соң еліне оралып, үйінде отырып, тұтас жасау-жићаздар жасап, көрік басып, зергерлікпен айналысыпты. Олар бірге өмір сүріп, ерінбей еңбек етіпті, әлгілерді өнері үшін «бес ұста» деп атайды. Олар дайындаған жасау-жићазға, киіз үйдің әшекейлі есігі, сандық, жүкаяқ, піспек, төсағаш, кебеже мен адалбақан кіретін болған. Олардың бұйымдары әдемі өрнек пен нәзік нақыштармен ерекшеленетін. «Бес ұстаның» заттары Шымкент пен Әулиеата уездеріне кеңінен тарады. Сіргелілер қыстауда жертөле қазып, бір бөлмелі үйлер тұрғызып, қора-қопсы салды. Жазда киіз үйде өмір сүрді.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков. Содержание •1 Казахи и шежире •2 Современные шежире •3 См. также •4 Ссылки Казахи и шежире Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды. Современные шежире Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов. Шежире состоит из трех жузов Старший жуз Айдарлы Акарыс Аксакал Албан Алыбай Асан Байдибек Байдолла Байтерек Бактияр Беимбет Бирманак Ботбай Дулат Ескельды Жалайыр Жалманбет Жансакал Жаныс Жаримбет Жарыкшак Жолдаболды Ибраиым Іле Калыбай Канлы Караш Кейкі би Когам Куйылдар Курті Меайкы Мекрейіл Ойсыл Ошакты Сакалды Сары Сарыуйсін Сіргелі Суан Сыйкым Сырманак Толыбай Узынсакал Уйсіл Шанышкылы Шапырашты Шегир Шуманак Шыбыл Шымыр Ысты Средний жуз Аргын Атыгай Ашамайлы Баганалы Базархан Байталак Балталы Басентиин Бахрам Бегендык Беймен Бетке Болаткожа Елемес Ергенши Ер-Косай Ескара Жадик Жаманбай Жангулы Жантекей Жантели Жастабан Ители Казыгул Камбар Канжыгалы Карагерей Каракас Каракесек Каракипчак Карасопы Каратай Караул Карауыл Кенсадак Керей Кетбуга Китайкипчак Кокжарлы Коккоз Конырат Котенши Куандык Куланкипчак Кылдыбатыр Кыпшак Мадьяр Матай Мейрам Меркит Молкы Мулкиаман Наганай Найман Садыр Сарман Сарысопы Суиндык Суйениш Таракты Тобыкты Токпак Токтамыс Тортеуыл Тортул Торыкипчак Уак Шегендык Шеруши Шимойлы Шубарайгыр Шубыртпалы Младший жуз Адай Алаша Алимулы Алтын Байбакты Байсары Байулы Баксиик Бериш Есентемир Жагалбайлы Жаппас Жетыру Каракесек Карасакал Кердери Кереит Кете Маскар Ногай-казак Рамадан Султансиик Табын Таз Тама Тана Телеу Торткара Шекты Шенеш Шеркеш Шумекей Ысык Возникновение 3-х жузов Вопрос о жузах также является не вполне решенным. В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов. Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов. Причины образования жузов: 1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу. 2. Природно-географические (территориальные) факторы. 3. Военно-политические факторы (для защиты). 4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.). Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее). Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех. Территории и основные роды и племена, составляющие жузы: Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др. Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д. Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др. Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов. Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста