Шежіре. Жаныстардың байырғы мекені – Ташкен еді

Шежіре. Жаныстардың байырғы мекені – Ташкен еді

Жаныс - Дулат руы төрт атасының бірі (3 в-қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар - Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт (кірме) пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлімет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен, Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бөлінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтақтан өрбиді - Мәуетей мен Мауза. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл этноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлдебір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады. Ал Жалмәмбет (Бөгетжайлы) атауының қалай, қайтіп шыққаны жайында нақты деректер қолымызға түспеді. Бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішіндегі ең көбі жетіге бөлінетін Жанту - Жайылмыс, Байыс, Өтеміс. Ал Жайылмыстан - Қожамберді, Қыбырай, Жамбай.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Қожамберді - Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжанқұл, Сұлтанқұл, Ақберді. Құдайберді - Тугелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай, Бақыбек (2-әйелінен), Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен), Құдайменді,Токпан,Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен - Тыныбек, Ақбота, Шора, Өтебай, атақты Төле би, Елібай; Төле биден - Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай), Ниязбек, Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл, Жасыбек, Тасыбек (3-әйелі), Қожабек, Жолан (4-әйелі), Қожамжар, Алдамжар (5-әйелі), Жақсықұл (6-әйелі), Айнакөз (7-әйелі), Табылды (8-әйелі). Қожамжар: Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл - Қадыке (Ерубай) мен Еламан.
Соңғыдан екі ұл - Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған қарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол оныншы атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаныс» болғанымен, кең ауқымда, жалпы, Дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек - О - белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ мұнда тұрған қым-қиғаш айырмашылық жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде қате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н.Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековқа сілтеме жасайды, В.Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, негізінен, Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, сонымен қатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрып келеді.
Ұлы жүз руларының саны жағынан ең көбі - дулаттар. Оның ең ірі аталары (Ботбай, Шымыр, Сихым мен Жаныс) Верный, Әулиеата мен Шымкент уездерінде қоныстанды. Әрбір рудың уездерде қалай тұрғанын білу үшін ең алдымен сол кездегі есеп-қисапқа жүгінген абзал. 1867-1884 жылдардағы көші-қон жағдайын қаз-қалпында беретін А.Макшеев, Гродеков, Смирнов пен М.А.Терентьевтің қомақты кітаптарынан цифр-мағлұматтарды алатын Н.Аристовтың еңбегінде қызғылықты нақты деректер ұшырасады. Әрине, ол мәліметтердің дәл екендігіне ешкім кепілдік бере алмайды, өйткені оларды әр кездегі адамдар (жиырма жыл бедерінде) әр ресми мағлұматтардан алып отырды. Әйтсе де олар рулардың қоныстану барысын белгілі жағдайда анық көрсетеді. Сонымен, сол мәліметтер негізінде Дулат руларының Верный, Әулиеата мен Шымкент уездеріндегі санын келтіре кету жөн. Бұлардан тыс Н.Аристов Смирновқа сүйеніп, дулаттардың Перовский мен Ташкент уездерінде тұрғанын көрсеткенімен, олардың санын келтірмейді, ру-руға бөлмейді, өйткені бұл аймақта аз қоныстануға байланысты болуы керек, оны Макшеевтің Ташкент уезі бойынша жасаған мәліметі де растайды. Кестеден көрінгеніндей, бүкіл дулаттардың саны 18 682 үй болса, сол беттердің тағы бір тұсында Н.Аристов Іле мен Шыршық өзендерінің арасында шамамен 40 мың үй Дулат тұрып жатқанын атап кетеді. Бұл сан айырмасы - 20 мыңнан астам шаңырақ, сол себепті оны біз білетін деректер көзімен түсіндіру оңай емес. Әйткенмен кестеде келтірілген есеп-қисап дулаттар руының үш уезде қалай қоныстанғанынан біршама хабар береді.
Мәселен, егерде XIX ғасырдың екінші жартысында Ботбай руының көпшілігі (78%-і) Верный мен Әулиеата уездерінде тұрса, қалған жартысы (49 %) бір ғана Шымкент уезінде ңоныстанды. Егер Сиқым руының басым көпшілігі (75 %) Шымкент уезінде болса, төрттен бірі Верный мен Әулиеата уездерінде (25 %); ал егер Жаныс руы, негізінен, (83 %) Шымкент уезінде, аздаған бөлігі (17 %) Верный мен Әулиеата уездерін жайлады. Сөйтіп, Дулат руының төрт атасы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Верный уезінің қазақтары арасында аралас-құралас жүрді. Верный уезі Қапал уезінің оңтүстік-батысындағы Іле өзенінің сол жағасында орналасқан. Оның жері ыңғайына қарай жаратылыс - географиялық жағынан оңтүстікте тау етегі қыраттар мен солтүстігінде жазық далаға ұласады. Верный уездерінің қазақ тұрғындары толығымен Ұлы жүздің құрамына енетін Сарыүйсін, Дулат, Албан, Ысты, Шапырашты, Жалайыр мен Қаңлы руларының өкілдерінен құралады. Солардың ішіндегі ең көбі Дулат руының төрт атасы (Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныс). Сан жағынан басымы шығыста Сарыүйсіндер мен батыста Ыстылардың қыстауларының арасында орналасқан Ботбайлар болатын. Олардың арнайы пайдаланатын ұлан-байтақ қыстаулары бар еді. Ботбайлардың бір қауымы Аңырақай тауының атырабында Сұмса өзенінің бойындағы Айдарке, Бесқауға, Ақсеңгір мен Доланқара шатқалдарында қыстады. Басқа бір қауымы Ащысу, Алмалы, Қызылсай мен Ұзынбұлақ шатқалдарын мекендеді. Үшінші бір қауымы Белбұлақ-Қарасу-Көтентай басы, Көлтоған, Қарағайлы, Сарыкемпір шатқалдарында қыстап жүрді. Ботбай қауымдастығының төртінші тобы Ақсай, Қаскелең, Қоралы, Бескөл шатқалдарын иемденді. Ботбайлар жайлауға Қастек, Қарақастек шатқалына шығып кетіп, көбісі қыстаудан жырақ кетпей, көктем, күз маусымында өз қыстауларының қасында қоныс тепті.
Сихым руының аздаған қауымы Қараой, Қаскелең шатқалдары, Кіші Ақсай, Кіші Алматы өзені мен Қарасу бойында қыстады. Жайлауы сол маңайдағы Алатау жоталарында болды. Шымыр руының қауымы да аз еді, біреулері Қараой, Қызылеспеде қыстаса, екіншілері Ақжар мен Жалғызағашты мекендеп, жаздыгүні Алатаудың жонын жайлады. Верный уезіндегі Дулат руларының ішінде Ботбайлардан кейін көп тарағандар Жаныс атасы болып келеді. Олардың бірсыпырасы Қарашеңгел шатқалын қыстады, біразы Есік өзенін, Көжентай шатқалын, қалғандары Қарасу, үлкен Алматы өзендерін, бірнеше топ Ақши, Шамалған мен Көктөбені мекен етті. Жаныстардың үлкен бір тобы уездің батыс шекарасын жайлап, Жамақты, Балажал, Сарықайық, Дөңгелексаз, Боқтозақ, Айғыржалға, Шетенді, Күркіреу, Қордай, Қоянды, Ақтерек, Талдыбұлақ өзендері бойына қыстау салды. Жаныс руының жайлауы Алатаудың алып шабындықты аймағында болды. Дулат руларының көп бөлігі төрт түлік өсіріп, сонымен қатар суармалы жер мен сүдігерге егін салды. Сарыүйсіндермен салыстырғанда оларда түйе мен қой өте аз болды, ірі қара мен жылқы басым түсті. Верный уезіндегі дулаттар жартылай отырықшы өмір кешіп, негізінен, қыстауларынан онша алысқа ұзаған жоқ. Мүмкіндігі бар дәулетті адамдар жазға салым солтүстіктен тіке күнгейге қарай көшіп, түпкілікті тау шабындықтарын жайлап, күзге қарай қайтадан теріскейге қарай көшіп отырды. Суармалы жермен, негізінен, тау өзендерінің алқаптарында айналысты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария облысы Әулиеата уезі қазақтарының басым көпшілігі негізгі рулардан (Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Жалайыр мен Дулаттар) тұрса, ал Қарқаралы уезімен шектесетін Шу өзенінің оң саласының орта тұсында шамалы арғындар өмір сүрді. Бұл бір тектес рулар тобы Шу мен Талас өзендерінің бойында топтасып қоныстанды. Олардың бәрі белгілі айрықша қыстауларды иемденді. Көктемгі, күзгі қоныстары да, қысқы тұрақтарынан ұзамай, ең бастысы Мойынқұм өңірінің, орталығына таман орналасты. Ал жайлауы аймақтың оңтүстік жағындағы Тянь-Шань мен Талас Алатауының етегіндегі шұрайлы жерлерде созылып жатты, солтүстігінде Қарқаралы уезіндегі көптен бері өзара бөлісіп қойған телімге тірелді. Осы орайда бізді Дулат руларының төрт атасы - Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныстың көшіп-қонып таралуы қызықтырады. Олардың ішінде бұл уезде ботбайлар мен шымырлар көбірек те, өзге екі ата бұнда салыстырмалы түрде өте аз тұрады. Сонымен, дулат руларының қыстаулары, негізінен, Шу мен Талас өзендерінің бойында қоныс тепті. Олар Шу өзенінің сол жағасынан, Верныйдан, Шымкент уездеріне дейінгі алқапты алып жатыр. Ботбай руы қауымдастығының мекені Шу өзенінің төменгі сағасында, оларға көлденең Шымыр мен Сиқымдардың қыстаулары жалғасты, одан әрі Шапыраштылар орналасқан. Сиқымдар, ал одан соң жалайырлармен қоңсы қонатын Жаныс рулары жайғасты. Шу өзенінің оң жағасында Дулат руының төрт атасы осылай қоян-қолтық тұрып жатты. Дулат руының басқа бір шамалы тобы Талас өзенінің жоғарғы тұсында орын тепті.
Шынтуайтында, жоғарғы Таластың оң жағалауында, Талас Алатауының баурайында Шымыр қауымдастығының қыстауы, ал сол жағасындағы ыстылардың ата қонысында Ботбай мен Сиқымдардың қыстаулары мидай араласып жатты. Сөйтіп, төңкеріске дейін қазақтар Әулиеата уезінде Шу мен Талас өзендерінің бойында, олардан тарайтын кішігірім бұлақ пен бастаулардың аңғарында тұрақтап жүрді. Бұндағы елді мекендер, қазақ ауылдары қомақты еді, ондағы шаңырақ саны 15-тен 5О-ге дейін жететін. Бұндағы тұрақжайлар шағын болатын, ал суармальг жерді жаппай ұжымдасып пайдаланатын. Ол қауымдасқан егінжайды бірлесіп, арық тартып, ескі су жүйелерін жөндеп, әркім өз әлінше, қал-қадірінше еңбеккерлердің санына қарай игерді. Сүдігерге егін салу көп жағдайда әрбір шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай жүргізілді. Қыстаулар қасындағы жайлау да ауыл-ауыл болып немесе қауымдасып пайдаланылды. Шаруашылықтардың көбісі қауымдастықтың қыстауларында жайласа, малы көп байлар Қырғыз бен Талас Алатауының қойнауына кіріп кетіп, баз біреулері тіпті атақты Сусамырға дейін өрлеп кететін. Күздеулер мен көктеулер, жайлау жолында, Мойынқұм мен оның қойнауында болатын. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шымкент уезінің қазақтары этникалық тұрғыдан үш жүзді түгел қамтыды. Кіші жүзден мұнда Тамалар, Жағалбайлылар мен Шеркештер тұрды; Орта жүзден Қоңыраттар; ал Ұлы жүзден Ысты, Ошақты, Сіргелі мен Дулат руы төрт атасының басым бөлігі мекен етті. Сондықтан қазақ халқының мұндағы басым бөлігі Ұлы жүз өкілдері болып есептеледі. Сонымен, Шымкент уезіндегі, Ұлы жүз руларының ішіндегі ең көп тараған этникалық топ - Дулаттар. Бұл жерде де біз солардың арақатысын қарастырамыз. Біз кестеден көргендей, бүкіл дулаттардың үш уездегі саны 18 682 шаңырақ болса, Шымкент уезінде солардың 11 782 түтіні тұрады, бұл аталмыш рудың 65 %-ін құрайды. Егер Аристов көрсеткен басқа санға жүгінсек, онда олардың ара салмағы 30 % болып, соңғы мәлімет Шымкент маңайындағы дулаттардың санын көбейте түседі. Сол себепті қалай дегенде де «65 %-ті» шындыққа жақын деп есептейміз. Олай болса, Шымкент өңіріндегі Дулат руы төрт атасынан сиқымдар 4570 шаңырақ, жаныстар - 3374, шымырлар - 3334, ботбайлар 274 шаңырақ болып, түтін түтетіп отырды. Шымкент уезінде Дулаттар жинақы отырып, оңтүстік-батыс жақты қоныстанды.
Айта кету керек, олардың мекен еткен жері ауа райы жағынан өте қолайлы еді. Мәселен, Дулат руларының қыстаулары, ең бастысы, ежелден суармалы егіншілік өрбіген, отырықшылық пен жартылай көшпелі өмір ошақтары өркендеген Сырдария, Арыс, Келес, Бөген, Арыстанды, Боралдай, Шаян, Иқансу, Бадам, Ақсу т. б. өзендердің екі жағалауын алып жатты. Дулаттар ұлылы-кішілі көптеген өзендердің жайылымында қысқа қарай малға жем-шөп әзірлейтін. Ал Қызылқұмға жақын Сырдария өзенінің сол жағасында дәулеттілер отар-отар қой өргізіп, келе-келе түйе бағып, көшіп-қонып жүрді. Шымкент уезіндегі қазақтар, әсіресе дулаттар шаруашылығының бір ерекшелігі бұл диқандардың қауымдастығы ірі болып келеді, мұнда орташа ауыл 30 және одан да көп болып, ынтымақтасып, су көзін пайдалануда, суармалы жер мен шабындықтарды игеруде тығыз байланысып, бірлікпен тіршілік етті. Мәселен, көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап, Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда - Келес, Бадам өзенінің жоғарғы жағында тұрақтады.
Арыс өзенінің оң жағында - Боралдай, Бөген бойында Шымыр руының өкілдері аумақ-аумақ болып отырса, Сайрамның солтүстігінде ботбайлардың аз бөлігі мекендеді. Арыстың төменгі саласында ең көп Сиқым руының өкілдері тұрып жатты. Бұл уездегі Дулаттар руының шаруашылық пен тұрмыс тіршілігінде суармалы жер, диқаншылық пен бау-бақша маңызды орын алды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, түрлі үй кәсіптері мен қолөнер де олардың арасында кең тарады. Сөйтіп, Ұлы жүздің саны ең көп Дулат рулары Сырдария облысының Шымкент пен Әулиеата уездерінде, Жетісу облысының Верный уезінде орналасты. Оның үстіне бұл уездерде шама-шарқынша Дулаттың төрт атасы да бар еді.
Жаныс. Түрікке қатысты тарихи әдебиеттерде жаныс (шуниш, суниш) есімі шамамен 610 жылдары хатталған. Зерттеушілер оны бірауыздан «Шүйе тайпасы» қатарына жатқызады. Ашина түріктерінің шығу тегі туралы «Чжоушу» жылнамасы олардың Бөріден тараған төрт ру ел екенін айта келіп, үшінші ұлды «енді бірі Чучжэ өзенінің бойында мемлекет құрған» деп нақтылайды (Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. ІV том. Алматы, 2006.// «Чжоушу» жылнамасы, 50-цзюань, «Туцзюе баяны», 120-б.) Чучжэ өзені – Алтайдың биік шатқалынан құлап ағып, Би мен Қатунға бірдей құятын, орысша - Чуе, қытайша - Чучжэ, байырғы түрікше - Шүй. өзені. Міне, осы өзен аңғарында жасаған елді «Шүйе тайпалары» деп атаған. Солардың қатарына чумукунь, чуюэ, чуми, шатолармен бірге шүніштер де жатады. Әу бастағы шүніштердің, кейін шүніш, чубан аталуы тайпа құрамында өзгерістер болғанын меңзейді. 603 жылы Істемидің ұлы Тарду ұлы қаған тағын тастап Тугухунға қашып, оның көмекшілері Ніл қаған мен Тұң ябғу Батыс Түрікке қайтып оралып, біртұтас Түрік елі батыс, шығыс болып екіге бөлінгенде, шүніштер қатары жаңа қауыммен толыққан сияқты. Қалай дегенмен де Шығыс Түрікте билік басына жақын Сүніш есімді кіші қаған болды. Түріктің ұлыс билеушілерінің көбі қытай жылнамаларында билеген тайпасының атымен аталғанын ескерсек, Шығыс Түрікте де сүніш, шүніш қауымы болған. Шындығына келгенде, «шүйе тайпалары» әу бастан-ақ Шығыс Түріктің жұрты еді, олардың Ышбара (Шэту) қаған заманынан бастап, Гоби шөлінің оңтүстік жиегі Ақбелдеуді асып, Қытай шекарасына кетуі «шүйе тайпаларын» Тарбағатайға жылыстап, ақыры Батыс Түрік қатарына қосылуға мәжбүр етті.
Біртұтас Түрік қағандығы екіге бөлінгеннен кейінгі кезеңде Батыс Түрікте Аба қағанның ұрпағы - Шора мен Істеми қағанның ұрпағы - Шэгуй бірігіп биледі. Шэгуйдің иелігі Ташкентте, Шораның иелігі Жетісуда еді. Шэгуйге сенбеген Шора оның сыртынан қарауыл қарау үшін өз қарамағындағы шүніш – жаныстарды 610 жылдар шамасында Ташкент төңірегіне көшіріп қондырды.
Сөйтіп, жаныстар Ташкент ұлысына етене болып, сол өңірде отырып қалды. Олардың жаз жайлауы Үлкен Жұлдыз өзенінің аңғары еді. Жаныстар Ташкент пен Үлкен Жұлдыз аралығына Ферғана, Қоқан арқылы ілгері-кейін сабылып, осы өңірдің әуелі түріктенуіне, ақыры дулаттануына септігін тигізді. Осы кезде шато тайпасының көсемі Фугоның шешесі Шүніш тайпасының қызы болғаны туралы қытай жылнамасына дерек түскен. Сондай-ақ «Сүй кітабы. Батыс өңір баянында»: Чюцының (Құшар) билеушісінің фамилиясы - Бэй, есімі «Суничи» деген дерек те кездеседі (Таным тармақтары. Алматы, 1998. 183-б.).
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Содержание

•1 Казахи и шежире
•2 Современные шежире
•3 См. также
•4 Ссылки

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз
Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз
Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз
Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста