Шежіре - Шапырашты руы

Шежіре - Шапырашты руы

ШАПЫРАШТЫ. Ұлы жүз құрамына кіретін Шапырашты руы туралы ежелгі жазба деректерде ешнәрсе жоқ. Шапырашты қазақ шежіресінде Үйсіннің шөбересі, Бәйдібектің немересі болып есептеледі, ал Бәйдібек болса Ұлы жүздің жеті руының (Сарыүйсін, Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты және Шапырашты) түп атасы. Бұл рулардың ішіндегі ең байырғылары жазба деректерде бар Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан болып есептеледі, ал Ысты, Ошақты мен Шапыраштыға келетін болсақ, М. Тынышбаев олар Үйсін рулары одағына кейіннен енді деп есептейді. Бұл пікірдің жаны бар секілді.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Шапыраштының рулық құрамы жөнінде Н. Аристов, М. Тынышбаев пен В. Востров еңбектерінде мәліметтер ұшырасады. Біз оны өз зерттеулерімізбен толықтырып, ата тек туралы мұқият кесте жасадық (6-қосымшаны қараңыз). Шапырашты руларының үрім-бұтағы туралы қазақ шежіресінің тамаша білгірлерінен құнды деректер жиналды. Бұлар Жамбыл облысының Талас ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Шапырашты) Көшербай Құлыбеков; Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны 1897 жылы туған (Шапырашты) Сәрсенбек Ңопабаев; Алматы облысы, Шелек ауданының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев еді.
Біздің мәлімет берушіміз Сәрсенбек Қопабаев Шапырашты руының шығу тегі туралы халық арасына кең тараған өте қызғылықты аңызды айтып берді. Онда Бәйдібектің екінші әйелі Зеріптен Жәлменде (Жалмәмбет) атты ұл туып, ол сымбатты да пысық жігіт болып өседі. Бірде ол қыстыгүні әкесінің жылғы тебінінде жүріп, Қоңырат руы, Қызыл биінің қызы Мапырашты сұлумен танысады. Сол жылы жазда Жәлменде әкесімен бірге қызды айттыруға Қызыл би ауылына барады. Жолай көкжал қасқыр кездесіп, оны соғып алады. Осы олжамен Қызыл би ауылына бұрылып, Жәлменде қасқыр терісін сыпыруға кіріседі. Сол сәтте оған Мапыраштың жеңгесі жас келіпшек келіп, қасқырдың бауырын алып беруді қанша өтінсе де бас тартады, алайда ол жас әйелдің қиыла берген соң тілегін орындайды. Ол бауырдың өз сүйгені Мапыраштың жерігін басу үшін керек екенін түсінеді. Келесі күні әкесі құда түсу жайын айтқанда Қызыл би сылтау айтып, айниды. Тіпті болмаған соң, Жәлменде қыз әкесіне үш айлық бала күтіп жүргенін, туған соң оны өзіне қайтаруын алға тартады. Қыз әкесі тығырыққа тіреліп, ақыры қызын күңі Сландымен бірге Жәлмендеге ұзатып, көп қалыңмал алады. Біраз уақыттан кейін айы-күні жетіп, Мапырашты сұлу ұл табады. Оның көзі шапыраш болып, содан Шапырашты деп аталып кетеді. Бір жолы Жәлменде Слайды күңмен де көңілдес болып қалады да, Слайды Жәлмендеден ұл тауып, оның атын Ысты қояды. Көп ұзамай Шапыраштының анасы дүние салып, Жәлменде балдызы Қарашашқа үйленеді. Жайлауда Қарашаш екіқабат болып жүріп қонақтарға түстік дайындап жатқанда кенет ошақ қасында босанып, оның есімін Ошақты деп атайды. Сонымен, Жәлменденің үш әйелінен үш ұл: Шапырашты, Ысты және Ошақты туады. Олар бөлек-бөлек жасау алып, өздерінше отау көтереді. Ал балалар әкесі өлген соң шешелерінен енші алып отырған. Сондықтан Жәлменде көзі тірісінде әр мұрагеріне енші беріп, олардың әрқайсысына айрықша таңба береді. Шапыраштыда Ү , Ошаңтыда ^^ , Ыстыда | Көріп отырғанымыздай, олардың таңбалары бір-бірінен мүлде бөлек, тіпті оларды жалпы әлде бір белгілердің түрлері деп есептеуге болмайды. Сөйтіп, оларды шежіреде бір әкеден тарады дегенмен, таңбалары бойынша туыс деп санауға болмайды. Бұл тұста халық дәстүрі бойынша, «әр әйелдеы туған бала бір рулы ел» дейтін мәтел расталғандай.
Шежіреде көрсетілгендей, Шапырашты үш рулық бірлестіктерге бөлінеді, атап айтқанда: 1) Малдыыстық, 2) Желдіыстық, 3) Қылдыыстық. Бұл этнонимдер ел аузында ру деп аталмайды, ал келесі ұрпақтар айқын аталар болып кете береді. Мәселен, Малдыыстық үш руға: Екей, Еміл, Есқожаға бөлінеді. Аңызда Есқожа Емілдің отбасына кірме (арғы тегі түркімен деседі) деп айтылады. Еміл ерте өліп, үйелмелі-сүйелмелі екі жас баласы жетім қалады. Есқожа Емілдің жесіріне үйленіп, жеткіншектерді қанатының астына алады. Халық аузында Есқожаны атақты бай, күшті және өте іскер адам деп сипаттайды. Оның бес әйелі, көп бала-шағасы болыпты. Кейіннен Емілдің де, өзінің де балалары Есқожа ұрпақтары деп аталып кетеді, бірақ ата-текті жақсы білетіндердің айтуынша Екей руы екі ата Жарымбет пен Бәйімбет болып бөлінсе, Жарымбет екіге топталады: Ақтөбет (Қайсыбай, Бисенбай, Изепбай, Жусанбай) пен Бердіс (Өтеғұл, Өтеп, Күлкеней, Салағой, Текеш), ӨтеғұлданСапболат, оданМайемер, одан Қалдаи, одан Қопабай, одап Сәрсенбек (мәлімет беруші, 1879 жылы туған). Өтептен Оршаң, одан Сәдібек, одан Жабай, одан қазақтың ұлы ақыны Жамбыл (1846-1945). Күлкенейден Ботақара, Салағойдан Бейсен, Текештеп Кінәз.
Бәйімбеттен төрт ата тарайды: Әлке, Сабыншы. Шындәулет, Бекпенбет. Еміл руынан Жайық пен Алысай. Жайықтан Қойайдар (Қошқар, Сарытілеу, Күсеп, Жолай), Жанай, Сүйіндік пен Қармыс (Тайторы).
Алысайдан Сары, одан Тілеуімбет, одан Болай (Бикісі, Бүлкісі, Боранғазы, Жолдыбай, Шоқа), Боранғазыдан Жаманқара (Ерқотан, Сералы мен Битан Сарымсақ, Сарман, Сарыбай, Қармыс, Қарсақ, Тышқанқұлақ Байқұлақ, Бөрлібай, Махмет пен Қарсыбай (Нүсіп); Нүсіптен Әлжанбай (мәлімет беруші, 1898 жылы туған). Одан Шапыраштыға дейін 13 ата. Есқожа руы бес атадан тұрады: Шағаман, Тоғызтоқпақ, Төретұқым (Жаушы, Бақай мен Тоқтамыс), Шуаш пен Алтынай.
Алтынайдан Абыз; Абыздан Шегір, Қайдауыл, Қарасай батыр. Қарасай батырдың есімі күллі Шапыраштының жауынгерлік ұранына айналды. Одан Өтеп (Нартайлақ, Асан, Бәлпеш пен Атығай), Көтеш (Айдар, Нәуеш, Жиек), Ауыз бен Түрікпен. Түрікпеннен Тілеу, Жарылғап (Қойсоймас, Қойгелді, Қараш батыр (Кенесары Қасымовтың қанаттасы), Сатыпалды, Қараша мен Тоқты), Түлкіқұрт (Көкше Ыстамбек-Саурық батыр) пен Малқара. Саурық батыр 1725 жылы Торғайда қалмақтармен соғысты. Малқарадан Итаяқ, Быжыбай мен Қазақбай. Итаяқтан Тайбағар, Шақабай (Үшке, Түлкі, Айтбек, Меңдібай), Кебенек, Бірназар, Дабыл мен Талқан. Үшкеден Тілеш, Бітеіп, Айташ пен Қопабай. Тілештен Өмірбек, одан Жүнісбек (мәлімет беруші, 1905 жылы туғап). Ол Шапыраштыға 13 атадан қосылады.
Желдіыстық руы бірлестігінен ірі екі ата шығады: Шыбыл мен Асыл. Асылдан тарайтын Әжіке, Кеней, Теке мен Төлеміс «Төрт Асыл» деп аталады. Шыбылдан Жәдік, Қарабайыс пен Сарыбайыс, Құлжұдырық. Соңғыдан Шатыр Абыз Бәйімбет, одан Айбас, Балапан-Барақ пен Қайыпберді (Бажырық, Қарауыл мен Төлебай). Төлебайдан Шыбылтай, Дәулет, Бөген, Мәмбет, Олжабай. Соңғыдан Дербісәлі, Жиенәлі, Байдәулет, Көшкінбай. Одан Кәрібай, одан Қожахмет (1928 жылы туған). Ол Шапыраштыға 12 атадан барып қосылады.
Асылдан Орынбет, Әжіке (Дәулет, Текелік, Мәмбет, Кеней) мен Түнқатар немесе Таңатар (Өмір, Көрпе). Өмірден Бүзаушы, Төбет, Құлан, Жанай, Теке, Төлеміс. Текеден Дәулетбай (Қара, Шақа, Сарыбай мен Ырысбай) мен Сатай (Батырбай, Тоқтабай, Жолшора, Ақбіте, Маншап). Ырысбайдан Баян, Байқоныс, Байтемір, Жидебай, Қылышбай.
Төлемістен Байет (Келдімұрат, Бардымұрат, Байсеңгір, Қарасеңгір, Наурызбай). Төлемістің ұрпақтарын бес немересімен ел ішінде «Алты ата Төлеміс» дейді.
Қылдыыстық рулық бірлестігінен Айқым, одан Қайдауыл мен Қалқаман. Өкінішке қарай, бұл аталардан одан әрі нақты деректер жоқ.
Шапырашты руындағы бес ірі аталар Екей, Есқожа, Шыбыл, Асыл мен Айқымды елі ішінде «Бес шам Шапырашты» немесе «Бес таңбалы Шапырашты» дегенмен, олардың ерекше белгілері туралы да бізде мәлімет жоқ. Бұл ата-тек туралы әдебиетте мағлұмат мол болғанымен оның бәрі бар тақымды түгел қамтымайды. Мәліметіміз жоқ болғандықтан, бұл үрім-бұтақтың шыққан тегін барынша тарата алмадың.
Шапырашты руының жауынгерлік ұраны Есқожадан шыққан атақты «Қарасай».
Рулық белгі Ү ^ (айтаңба).
XIX ғасырдың аягы мен XX ғасырдың басында Шапырашты руы, негізінен Жетісу уәлаяты Верный уезінде тұрып, олардың аз тобы Сырдария уәлаятының Әулиеата уезінде шашырап жүрді. Н. Гродековтың деректерін пайдаланып, Н. Аристов өз еңбегінде шамамен шапыраштылардың санын келтіреді, атап айтқанда, 7000 түтін десе, М. Тынышбаев 1917 жылы Верный уезінде 70 мың жан болды деп есептейді. Н. Аристов Шапырашты руының бес ірі атасының қоныстануын екшей келіп, Екейлер Ұзынағаш пен Шамалған болыстарындағы Қарасу, Тәуке Тайлақ, Қасқабұлақ, Қызылауыз, асықбай, Текенді, Сүмек пен Сары Шыбыр шатқалдарын мекендейтінін айтады. Қастек, Кіші Алматы, Үлкен Алматыда, ішіғара Ұзынағаш болысының Қарақастек, Құтырған, Найманбай, Түтерек көрші, Жиренайғыр, Қастек, Самсы өзенінің бойындағы, Қойжалдамалы, Қарабастау мен Тастыөзек шатқалдарында Есқожа руының көптеген аталарының қыстаулары орын тепті.
Шыбыл руы Күрті болысының Тоқмоласаз, Қараөткел, Кемпірсай, Құрманбай, Қалбұлақ, Өтеген мен Үшшоқы шатқалдарын жайлады. Жайлаулары Іле Алатауында болды. Асылдың көптеген аталары Түгелсай мен Күрті болыстарындағы Терісбұтақ, Қаракемпір, Талдыбұлақ, Жаманбұлақ, Қосағаш, Ақсеңгір, Шыбық пен Үшарал қойнауларын мекендеді.
Асылдардың тағы бір тобы Кіші Алматы болысындағы Құрөзек, Талдыжиек пен Шамалғанға жақын Қаскелең өзенінің бойында қыстады.
Ең соңында, Айқым руы Қарғалы болысының жерінде Айдос, Қасқабұлақ пен Қызылауыз шатқалдарында қоныстанып жүрді.
Сонымен, төңкеріске дейін шапыраштылар отырықшы, жартылай отырықшы болып күн кешті. Негізінен төрт түлік өсіріп, суармалы жер мен сүдігерде егіншілікпен айналысты. Дәнді дақылдап бидай, арпа, сұлы мен тары екті.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Содержание
•1 Казахи и шежире
•2 Современные шежире
•3 См. также
•4 Ссылки

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз
Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз
Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз
Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.
Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста