Шежіре - Қараш

Шежіре - Қараш

Қараш – Байұлы бірлестігі Адай тайпасының құрамындағы ру. Қараш өскен ауыл. Қараштан – Елтезер, Өтеп, Жәдік (Балуан Қараш аталады).
Елтөзерден – Меңдібай, Жайлы, Елібақ. Меңдібайдан – Тойғұлы, Шақан. Жайлыдан – Әйтімбет, Көшімбет. Елібақтан – Толыбай, Кенжебай, Жәнібек. Өтептен Ақсақал, одан Бақатай. Бақатайдан – Орыс, Азынағұл, Жұмағұл. Жәдіктен (Балуан Қараш) – Қалматай, Ошыртқы, Өжет. Қалматайдан – Төлеген, Тоқшара, Атағұл. Ошыртқыдан – Құттықадам, Бұйраш. Кердеріден – Жәнібек, Тыныбек. Адайдың ұраны – Бекет, таңбасы – жебе.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Қараш Сүгір батыр Сәңкібай ұлы 1780 жылдары туылған. Көп жорықтарға қатысқан, ерлік істерімен даңқы шыққан. Құнанорыс Шабай батырмен, Жары Сүйінқара батырмен үзеңгілес болған тарихи тұлға.
Бұрынғы шежіре шалдардың айтуы бойынша 95 жасап дүниеден өткен. Сисем ата қорымына жерленген.
Ертеректе жоғарғы адайлар атанған, Қараш, Шегем, Бегей, Балықшы, Қырықмылтық деген рулар Ақтөбеде Жем, Сағыз бойларын жаз жайлап, Желтау, Қаратүлей, Маңғыстау өңірлерін қыс қыстап өмір кешкен.
Қараш Сүгір батырдың тегін тікелей таратқанда былайша түзеледі: Қараш - Елтүзер - Елібақ - Жәнібек - Үркімбай - Сәңкібай - Сүгір.
Міне осы Сүгір атамыз Қараштың батыр Сүгірі атанған адам Үркімбайдың баласы Сәнкібай өз ауылын, елін жаудан қорғайтын батырлардың басшысы болған. Талай жорықтарға қатысқан батыр атағы шыққан, бірақ қай кезде, кімдерменен соғысты деген деректер бізде жоқ.
Иә, сонымен Сәңкібай үш ұлдың кішісі Сүгірдің дене бітісіне, мінезіне, жүріс-тұрысына қарап, «ата балаға сыншы» деген емес пе, осы балам батыр болар деп, оны жас кезінен ұрыс өнеріне баулиды. Жаугершілік заман болған соң әр ауылдың үйлерін, малдарын қорғайтын жас жігіттерден құрылған жасақ топтары болады. Олар үнемі белгілі бір уақытта машықтанып, ұрыс-соғыс өнерін үйренумен болады.
Көп жағдайда осы машықтануды Сәңкібай және жаугершілік ұрыс пен барымтаны көрген батырлар жүргізіп отырады. Сонда үлкен кісілердің айтуы бойынша жекпе- жекке шығу және онда жеңіске жету үшін тактикалық ұрысқа жіті назар аударған. Найзаласатын қарсыласы сірә сауытсыз болмайды, сауытты адамдарды найзамен түйреу оңай емес. Соның үшін келе жатқан найзаны қағып жіберіп, найзаңды ауыздан салып үлгеру керек.
Міне осындай жаттығуларға Сүгірді 17-жасқа толар толмас кезінен үйретеді. Атпен шауып келе жатып садақпен атып нысанаға дәл тигізу, жерде жатқан нысанаға найзаны дәл шаншу, тағы сондай машықтанулар жүргізеді.
Сәңкібай батыр өзінің екі қызын ұзатқанда Сүгір батырға арнап бір құдасының «ақтабан айғыр» деген атын таңдап алып береді. Ақтабан айғыр қасиетті, жүйрік ат болған. Ол судан шыққан суынның баласы екен деп отырушы еді шалдар. Соныменен Сүгір батыр ержетіп 25-жасқа келгенше, талай ұрыстарға қатысып үлгереді. Қараштар, әсіресе Сәңкібай ауылы көп уақыттарда жары Сүйінқара батырдың ауылымен көрші, қоныстас тығыз байланыста болған. Сүйінқара Сүгір батырды жиен дейді екен. Соған қарағанда Үркімбайдың әйелі осы жары жетімек ауылынан болса керек.
Түрікмен мен адайлардың ақсақалдары жаугершілікті қойып, тату көршілік келісімге келмекші болады.
Сонда түрікмен жағынан бірнеше беделді адамдары, молда ишандары және қазақ жағынан белгілі батырлары, билері жиналып Сүйінқараның үйінің төңірегінде бітімге келіп, енді бір-біріміздің елімізді шауып алу тыйылсын, сауда жүргізетін керуен қатынасын орнатайық, керуен тонау болмасын деп ант беріскен деседі. Осы ант беріскеннен соң біраз уақыт елдің іші тынышталып, жаугершілік азайғанға ұқсайды.
Сонан бір кездерде Хиуа хандығы керуен жасақтап оны Сүйінқара батырдың аулына жібереді. Керуеннің жіберілу мақсаты осы барлық адай елі секілді батырды өз жағына тартуды көздеген саясат болуы керек. Сол керуен таланады, адамдары еліне қайтарылады. Хиуа ханының сөзі жерде қалады. Осы уақиғадан соң Сүйінқара Хиуа хандығы қарап жатпасын біліп, ата қонысы Бозашыдағы үй сандарын көбейтіп, Хиуа жақтан келер жолға бірнеше ауылды қондырып қояды. Түрікмендер де жорыққа дайындалады, ақшалай, қаржылай көмек Хиуа хандығынан беріледі, бірақ жорықтың болатынын жан адам білмеуі керек. Жорыққа шығатын мың аттылы мылтықпен, садақпен қаруланады, тек түнде жүріп.күндіз жатуы керек. Бозашыға барған жерде Сүйінқара ауылының үстінен дөп түсу үшін қазақтардан жол сілтейтін адам алуды көздейді.Сонымен мың қаралды мұздай қаруланған ауыр қол Бозашыға жақындайды. Түрікмендер Бозашыға келген жерден түн ортасында бір екі ауылды шауып, үйлеріндегі дүниелерді тонап ауылдың екі ақсақалын алдарына салып, Сүйінқараның үйін тауып бер, деп алып жүреді. Ол екі адай тап қазір апарса Сүйінқара ауылы тәтті ұйқы құшағында жатады, қалай болса да жауды аз да болса іркуді ойлап, бір үлкен төбені екінші рет айналғанда түрікпендердің бір қоржыны түсіп қалған болады. Оны көрген түрікменнің басшысы жол көрсетіп жүрген адамның өздерін алдап жүргенін біліп, оның басын қылышпен шауып түсіреді. Сөйтіп жүргенде таң да атады. Сүйінқара ауылы келе жатқан қауіпті сезбестен, ұйқы құшағында жатады. Тұтқиылдан келген көп дұшпан бейқам жатқан елге тарпа бас салады, Сүйінқараның жүйрік аты дайын тұрады екен, бірнеше жолдастарымен жау көзіне түспестен, қамыс арасына сіңіп кетеді. Сүйінқара батыр үшін мынау күтпеген жағдай еді. Үй-ішіңді, бала-шағаңды, мал-мүлкіңді дұшпан иемденді деген батыр үшін ең ауырдың да ауыры екені белгілі.Бірақ амал бар ма, жау айласын асырды. Енді қалай да болса адайлар өш алуы керек. Оның үшін Отпан тауға от жағып, алыстағы ағайындарға белгі беру керек. Жақын жердегі адайларға, көрші отырған кіші жүз руларына шабарман жіберу керек.
Міне осы шаруаларды реттеп Бозашы төңірегінен жиналған жігіттер белгіленген жерге қарай аяңдайды. Бұл азғана қаруланған жігіттермен жауға тиісу, ол көзсіз батырлық болар еді. Көптің аты-көп емес пе жау жағы бір адамға үш -төрт адамнан. Сол кезде жоғарғы адай арасындагы тобыш ағайындардан Сүгір батыр бастаған 40 жауынгер келіп қосылады. Бұлар Маңғыстауды жайлаған бес әлмембет деген тобыш руының көп бөлігін құрайтын, табынай, зорбай, шоңай, т.б. ауылдарынан бөлек қоныстанған қараш, шегем, бегей ауылының жауынгерлері болатын. Батырлар негізгі қолға келіп қосылып жатты, бірақ барлық қол 500 адам төңірегінде болады. Батырлардың қарап жатуға тағаттары жетпейді. Жау болса мыңғырған малды, жесірлерді айдап ұзап барады. Жау қарасы көрінгенде, бұлар аттың жүрісін баяулатты. Осы топтың ішінде адайдың ақыны Абыл да бар екен. Енді жауға ат қоюға дұшпан екі еседей көп болған соң, соңынан келіп жатқан батырларды тосады. Бірақ жүрісін тоқтатпай, жау ізінен жүріп отырады. Келіп қосылып жатқан қазақ батырларын түрікмендер де көріп келеді. Бұлай көпке соза берсе қазақтардың күші басым болып кетуінен қорқып, дұшпандар жесірлерді, малдарды алға айдатып жібері өздері шеп құрып тұра қалады. Ара дауыс жетер жерге келгенде қазақтар да шеп құрып тұрады.
Сонда түрікмен жағы ұрысты тез бастау үшін ішінен бір батырды ат ойнатып, ортаға шығарады.
- Жекпе-жек қазақ, жекпе-жек, - деп айқай салады. Сонда Абыл ақын қазақ батырларын қайрап, рухын көтеріп сөз арнайды.
Жігіттер жаудан өлсең арманың жоқ,
Үйде де өліп жатыр қағындыдан, - деген жыр жолдары жадымда қалыпты.
Қараш Сүгір батыр сол кезде 35 жасында екен. Астында атақты ақтабан айғыры бар, ақсақалдардың батасын алып, жекпе-жекке ат ойнатып шыға келеді. Түрікмен батыры найзасын ыңғайлап Сүгірге қарай шауып береді, Сүгір де найзасын дайындап, дұшпанға қарсы шабады. Сүгір найзасын қысқа ұстап, келе жатқан дұшпанның найзасын қағып үлгеріп, өз найзасын дұшпанның ұртына түйреп, аттан аударып кетеді.
Түрікмендер Сүгірді жойып жіберуге топталып шабуыл жасайды, Сүгірдің бірге келген жолдастары қарсы шабуылға шығып, екі жақ араласып, қиян-кескі ұрыс басталып кетеді.
Жау өзінің сан жағынан басымдығын пайдаланып, бесін ауа бел ала бастайды, түрікмендерден де қазақтардан да адам көп өледі. Ол туралы Абылдың жырларында былайша айтылған.
Айтайын айт десеңдер батыр мақтап,
Келеді қараш Сүгір жауды таптап.
Кешегі жекпе-жекте жауды шаншып,
Басынан қас жауының кетті-ау аттап.
Сол кезде түрікмен жағы алха-ал деп,
Сүгірден кек алуға берді қаптап.
Мүмкін осы сынды өлең жолдары Абыл ақынның толық жинақтарында бар да шығар. Ал Сұлтан Балхаев жинаған шежіресінде осы Сүйінқара ұрысы жайлы Абыл өлеңдерін берген. («Жаңаөзен» газеті 12 желтоқсан 2000ж.) Бірақ менің келтірген өлең жолдарым жоқ. Бірақ Абыл өлеңдерінде:
Өмірге кімдер келіп кім кетпеген,
Тигенде ажал оғы кім өтпеген.
Тобыштан өпген де бар, қалған да бар,
Аллалап қараш Сүгір тиді-ау шеттен.
Квп өлді ажалды ақпан-табынайдан,
Дос өлді Тағанүлы квп зор-байдан.
Кешегі шалқып жүрген бұл адайдың,
Күн болды жопы болмай, бағы тайган, - делінеді
Барлық заттың емшісі уақыт дейді ғой. Екі ел де сол бұрынғы қалпынша өмір сүріп жатты. Қараш Сүгір батырмен найзаласқан шәудірдің батыры Төрехалау Қылыш деген екен. Ол аузынан жараланып, бірақ өлмей қалады. Оны ұрыс майданынан шығарып, еліне алып кетеді.
Бұл ұрыс туралы қараш Ыбырайым ахун өзінің «Алтынды орда қонған жер» деген кітабында:
Талай жауды күйреткен –
Сүгір батыр бір жолы,
Жекпе-жекте түйреген,
Атына салып сүйреген,
Белгілі ері түрікпеннің –
Төрөхалау Қылышты,- дейді. (163-бет.)
Сонымен тыныштықпен 2-3 жыл өтеді. Сүгір батырдың ауылы Желтауда қоныстанып, күз айларында Бесқалаға шығып, дән-дақыл алуға Көне Үргенішке аттанады. Қала шығып барған қазақтар көп болады. Бір күні оншақты мұздай қаруланған түрікмендер базар аралап жар салады.
- Ау, базарда қараш Сүгір батыр бар ма? Базарға келген болсаң хабарлас, -дейді. Сол кезде қараш Сүгір батыр да базарға келген екен. Ол бұл хабарды естіп, не де болса тәуекел, деп - «мен бармын», деп аттылардың алдынан шығады.
Аттылардың біреуі Сүгірмен жекпе-жекке шыққан Терехалау Қылыш деген түрікпен екен. Ол: - Сен Сүгір батыр емессің, ол маған қарсы шапқанында үстіме тау құлап келе жатқандай болып еді. Сен ол адамнан аласасың, -депті. Сонда Сүгір:
-Тау болып көрінген менің аруағым шығар, - деп болған жағдайларды баяндап береді. Соныменен «Ер қадірін ер білер» деген емес пе, «мені өлтірмей кеткеніңе разымын, екеуміз дос болайық, бала - шағамыз қатынасатын болсын» деп Төрехалау Қылыш Сүгір батырды ауылына апарып, құрметтеп, сыйлап, жолға шығарып салады.
Қараш Сүгір батыр елдің елдігін сақтау, барымта, жер дауы, жесір дауларын шешу үшін көп жұмыстанған. 1835-ші жылдары Сүгір батыр жолы түсіп, құнанорыс Шабай батырдың үйіне барады. Барса Шабай батырдың әйелі ұл тауып, той болғалы жатыр екен. Шабай Сүгір батырды қуана қарсы алып, «сен қонаққа келген күні ұлды болып отырмыз, егер рұқсат етсең, осы балама сенің атыңды беріп, Сүгір, - деп атағалы отырмын дейді. Қараш Сүгір батыр оған разы болып, батасын береді. Құнанорыс Шабай батырдың баласы Сүгір де жау қайтарған батыр болады.
Қараш Сүгір 95 жасқа толғанда ауырып, ауыл адамдарын, өзінің бес баласын шақырып, өсиет сөздерін айтады:
- Біз ауызбіршілікте, тату-тәтті емір сүру ұшін көп жұмыстар атқардық. Балаларым, барлығыңыз да бір-бір үй болдыңыз, осы ауызбіршілікті сақтаңыздар. Мына Бақатай ауылымен бірге көшіп-қонып жүріңдер. Анау түрікпен Төрехалаумен дос болып, қатынасып жүріңіз. Жары, шырағым, осы шаруаны саған тапсырамын, - дейді Сүгір батыр өзінің 4-ші баласы Жарыға. Жарыдан тараған ұрпақтары Азақұл, Қазанқұл, Көшербай, Қаржау дегендер қазір Теңге кентінде тұрады.
Қараш Сүгір батырды Сисем атаға жерлеуге ел болып, қара нарға жүктеп, сонау Желтаудан алып жүреді. Қыстың күні, қатты суықта олар Сисем атаға жақындайды. Сол кезде қара нар бір төбенін үстіне шөге кетеді. Бұйырған топырағы осы жер болған шығар деп қараш Сүгір батырды сол жерге жерлейді. Ұрпақтары тастан кереге там салып, басына найзасын шаншып, сауытын да басына қойған екен, деуші еді шежіре шалдар.
Кешегі алмағайып заманда, 1930-шы жылдарда қараш Сүгір батырдың ұрпақтары жүздеген отбасы Түрікменстанның Ташауыз облысы Жыланды ауданының Қызыл тақыр деген жеріне көшіп барады. Ол жерде бұрыннан отырған қазақтар көп болады. Сүгірдің шөбересі Шайкен молда белгілі емші, сәуегей болады. Сол жердегі түрікмендер бұл барған қазақтарды молданың ауылы деп, өз қоргандарының ішіне кіргізіп алады.
Сол кешіп барып қоныстанып жатқан аласапыран күндерде, баяғы Қараш Сүгір батырдың досы Төрехалау Қылыштың ұрпақтары да сұрай-сұрай Сүгір ұрпақтарын тауып, Есболсынға ағаш үй тігіп береді және екі қап астық әкеледі.
Қазір Құбашдағда Терехалау Қылыштың ұрпақтары бар.
Қараш Сүгір батырдың 5 қызы болған деседі. Қыздары шетінен қайратты, ерен күш иесі болады.
Менің әкем Төкен 1888-жылы Ақтөбенің Табын ауданында туған. Палуан атанған. Әли Тауанның асында бас палуанды жығып Түйе палуан атанған деуші еді інісі Қалиса.
Әкеміз Төкен 1965 жылы дүниеден етті. Ол тірі кезінде бізге айтқан өсиет сөздерінде:
- «Сіздер қашан да болса ата-қоныс Маңғыстауға қайтып барарсыңыз, сонда сіздердің батыр аталарыңыз Сүгір Сисем ата аталған қорымда жатыр. Сол жерді тауып садақа беруді ұмытпаңдар, - деуші еді. Жаңаөзенге 1986-жылдары көшіп келген соң ағаларымыз Оразғали Қожамбайұлы және Әбіш Жаңайұлы бірнеше кезек сол Сисем атаға барып, таба алмай келді. 2008-жылы мамыр айының соңғы күндері інілерім: Ыбырайым ахун Сүндетбайұлы, Оңай Оразғалиев, Өзбекбай Әбишев және де бірнеше келіндер болып ата басына зиярат етіп бір күн түнеп қайттық.
Назар ТӨКЕНОВ, еңбек ардагері.
Жаңаөзен қаласы
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов
Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.
Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз
Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы

Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов
Вопрос о жузах также является не вполне решенным.
В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.
Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.
Причины образования жузов:
1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста