Шежіре- Қайшылы

Шежіре- Қайшылы

ҚАЙШЫЛЫ - ескіден келе жатқан қазақтың ежелгі руының бірі. Бұл ру өкілдері жер жүзіне тарыдай шашылып кеткен. Қазіргі уақытта негізінен Қазақ халқының Ұлы жүз құрамындағы Сіргелі тайпасының құрамына жатқызылады. Және бір бөлігі Жалайыр тайпасының құрамында да аталады. Кіші жүз Төртқараның ішінде Қайшылылар кездеседі деген дерек те бар. Бұлардан басқа Қарақалпақ, Өзбек халықтарының құрамдас руы ретінде де кездестіреміз. Тіпті сонау Иран Ислам Республикасының оңтүстігіндегі Фарс провинциясында көшпенді ғұмыр кешетін Қашқайлардың (Әзірбайжан мен түрікмен тілдерінің ортасындағы жеке тілде сөйлейді) құрамында жеке ру ретінде Кайшуглы, Гайшгулы немесе Гашгули атауымен кездестіруге болады. Міне осыншама территорияға шашылған ру өкілдерінің түп-төркіні қасиетті Қазығұрт пен қарт Қаратау (бүгінгі күні Бәйдібек ауданындағы Үсіктас ауылы) саналады.
"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
Сіргелі Қайшылы
Қайшылы - шежіре бойынша Сіргелінің Үштаңбалы тармағына жатқызылады. Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, шежіре дерегіндегі ата-тегінің таралуына қарағанда, Сіргелі - Бақтиярдың немересі, Үйсінге аға, бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Жаңабай, Айтбозым, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қоңыр), Қарабатыр, Бәйжігіт, Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген, Жәдігер), Батыр (Құдайберді, Бердібай) болып келеді. Үштаңбалы болса: Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкөңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Қаракөңірдекке бөлінеді. Халық аузында «Ойсыл қырғыны» дейтін оқиға туралы аңыз бар. Аңыздың мазмұны былай: Үйсіннің ағасы Ойсылдың отыз ұлы болады: Әліхан, Бақырхан, Қорқыт, Төбеке батыр, Тура, Шолақ, Бәйгел, Әмірбек, Өтеп, Тыныбек, Шыныбек, Нұрбек, Нұрымбет, Құлымбет, Қосақбай, Алшынбай, Жұрынбай, Байымбет, Жарымбет, Садық, Сыдық, Төлеп, Арыстан, Бораш, Жарас, Жанас, Сырымбет, Тұрымбет, Жалмамбет… Бұл жерде Ойсылдың ұлдары дегеннен гөрі, әулеті дегенге келіңкірейді. Ойсылдың ұлдарының бәрі батыр, жаужүрек болыпты. Хан Жәнібек тұсында Тұрымбет деген баласы ту ұстаушы – «тубегі» қызметінде екен. Сырымбет деген баласының әйелі Ізбике бәйбіше ханның қамқа тонын тігетін шебер екен. Оның лақап аты «Алтын қайшылы Ізбике бәйбіше» болыпты. Хан Жәнібектің бір қызы бой жетіп қалып, осы Ізбике бәйбішеге келіп, киім тіктіріп жүргенде Ойсылдың Бораш дейтін мырзасына, батырына ұшырасып қалады. Бір-бірін ұнатады. Ақыр соңы қыз екіқабат боп қалады да, іс насырға шабады. Ол заманның жосығы бойынша хан мен қарашаның арасында бұндай тірлік болмауы тиіс екен. Ақыры Жәнібек хан үлкен той жасап, оған Ойсылға қараған әулетті түгел шақыртып, қымызға қызара бөрте бастаған уақытта, «Жау кеп қалды!» деген дабыспен сыртқа ұмтылғандардың басын қағып тастай береді. Бұл жер, «Өлікті» атанған. Бораш мырзаның бәйбішесі емшектегі Құбасай атты баласымен төркіндеп Байұлы-Алшын жақта болған екен, Құбасай содан аман қалып, нағашы жұртында ер жетеді. Кейіннен ер жеткен Құбасай еліне оралғанда сірге таққан таймен келіпті. Сондықтан, «Ойсын қырғынынан» аман қалған кейбір Ойсыл әулеті кейін еңсе тіктеп, өз алдына таңба алғанда «Сірге тайлы Құбасайдың» әулеті деп жүріп, барша әулет «Сіргелі» аталып кетеді. Бұл оқиғаны З. Сәдібековтің «Қазақ шежіресі» деп аталатын кітабында егжей-тегжейлі анық жазылған. Бұл еңбегін негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратас (қазіргі Қазығұрт) ауданындағы Қаржан топырағынан шыққан шежіреші Мелдешұлы Әлімбай ақсақалдың жазбасынан ХХ ғасырдың басында алғанын айтады. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы кезеңге қатысты қызықты да шым-шытырық аңыздар мен деректер көп. «Ойсылдың отыз ұлының қырғыны» аңызы да осы кезеңге жатқызылады. Оған басты себеп аңыздағы Жәнібек хан деген кейіпкердің атауы болса керек. Бірақ, біздіңше аңыз желісіндегі бұл оқиға (егер шын мәнінде болған оқиға деп қарасақ) XV ғасырдан да ертерек болған сияқты. Аңызда Бораш мырза деген кісі аты аталады. «Мырза» айқындауыш титулына қарағанда не Ноғай ордасының, не Қырым хандығының елбилеуші ақсүйектерінің қатарында болған сияқты. Ноғай ордасында хан тұқымы емес, қарадан шыққан тұлғалар билік жүргізген ғой. Едіге тұқымы өзара қырқысып, орданы тоздырғанда Асан Қайғы біраз елді бастап жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығына ойысқан. Бұл қауым Қасым тұсындағы батыс тұстан қосылған елге қарағанда ертерек сіңіскендіктен әкімшілік-территориялық құрылым жағынан Ұлы жүздің қатарына жатқызылды. Аңыздағы «сірге тайлы» Құбасайдың елге оралуы осыны еске түсіреді.
Жалайыр Қайшылы
Жалайырдың ішіндегі Қайшылылар шежіре деректері бойынша Сіргелі-Қайшылылардың XV ғасырда ауған бір тармағы ретінде аталады. Аңыздағы «Ойсыл ұрпақтарының қырғынында» барша Ойсыл ұрпақтарымен бірге қаза болған Сырымбеттің хан ордасында тігіншілікпен айналысатын «Алтын қайшылы» Ізбике (Айызбике, Айшабике, Уызбике) ісмерден туған екі баласы аман қалады: Нан (Нәнді би) мен Тола (Төле). Ойсылдың жаулары оның ұрпағын түгел жою үшін барша тұқымын қазбалай қудалайды, қырады. Ізбике ісмер үлкен ұлы Нанды сырт көзден жасырып, өзі асырап бағады, ал Толаны қуғыннан аман алып қалу үшін өзінің төркіні – Жалайыр жұртына асырыпты. Ісмер Ізбикенің «Алтын қайшылы» деген айқындауыш ныспысына байланысты оның балаларынан тарайтын рудың атауы мен таңбасы «Қайшылы» аталады. Міне, осылайша барша Қайшылы ұрпағы шежіре мен аңыз бойынша осы Нан мен Толадан таратылады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін қос Қайшылы (Сіргелі ішіндегі Қайшылылар мен Жалайыр ішіндегі Қайшылылар) өзара қыз алыспаған. Одан кейін де екі жақтың ақсақалдары арасында қыз алысу туралы келісім-кеңес болғаны туралы оқыған да, естіген де емеспіз. Демек, әлі күнге екі Қайшылы өзара қыз алыспайды деген сөз. Бұл өзара туыстықтың тағы бір дәлелі.
Қарақалпақ ішіндегі Қайшылылар
Қарақалпақтар Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығына қараған, негізінен Түркістан маңын мекендеген, әкімшілік-территориялық бөлініске орай Ұлы жүзге жатқызылған. XVІІІ ғасырда қалмақ-қазақ соғысы ушығып, «Алқакөл сұлама», «Сауран айналған»оқиғаларына ұласады. Ел дүрлігіп, көшкенде Қайшылылардың бір тармағы Қаратаудағы қонысынан Түркістанмаңындағы қарақалпақтармен бірге Үргеніш, Бұқара жаққа ауып, соларға сіңіп кетеді. Қазір олар қарақалпақтың Онтөрт ру арысының ірі руы. Орыс ғалымы Л. С. Толстов көрнекті ілімпаз Т.А. Жданконың «Қарақалпақтардың тарихи этнографиялық очерктері» атты кітабында (Москва-Ленинград. 1950ж.) қарақалпақ руларының төркіні әпсаналар түрінде жазылған. Мысалы, «Қайшылы мен Қазаяқлы рулары» жөніндегі әпсанада «Бұқара ханы той берген. Батырлар арасында қайшылылардың бабасы Байполат пен қазаяқлылардың бабасы Сунан болған. Біріншісіне хан қайшыны тамға қылып берген, екіншісіне қаздын аяғын тамға қылған» деген дерек ұсынады. Бұл дерек қарақалпақ құрамындағы қайшылылар Қаратау маңынан көшкен деген біздің ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Өйткені, қарақалпақ құрамындағы қайшылы мен қазаяқлы руларының таңбасы қазақтың Ұлы жүз ішіндегі Сіргелінің Үштаңбалы тармағы мен оның ішіндегі Қайшылының таңбаларын еске түсіреді. Қарақалпақтар мен Бұқара ханы ауып келген екі жаңа елді (Қайшылы мен Үштаңбалы) туыстығына қарай ажыратпаған, бірге қоныс берген болып шығады, тек екіншісінің таңбасының қаздың аяғына ұқсастығына байланысты ру атауын аздап өзгерткен.
Шығыс Еуропа жұртындағы Қайшылы таңбалылар
15-17 ғасырларда Қырым хандығы Ұлы Литва княздігімен одақтас болғанын тарихтан білеміз. Бұл одақ негізінен соғыс жағдайында өзара әскери қолдап отыру, көмектер алмасып отыру мақсатында құрылған. Одақтың аясында Қырым хандығы ақсүйектерінің қатарында Ұлы Литва княздігіне одақтас әскери көмек қатарында барып, сонда қалған «қайшылы» таңбалы (герб) польша-литва татарларының, поляк ақсүйектерінің түпкі тегі Қаратау Қайшылылары болса керек, оған дәлел Ноғай Ордасын билеген Едіге бидің шыққан тегі. Ресейдің татартекті князь әулеттерінің тізімінде «Қайшылы» таңбалы Дәугәллә (Довгялло, Даўгяла) әулеті княздері кездеседі. Бұл әулетті түптен келгенде XV ғасырда Асан Қайғыға ілеспей қалған, не одан да ертерек уақытта Ноғай ордасындағы Сіргелі немесе Үштамғалы ішіндегі қайшылы таңбалы ақсүйек әулеттерден шыққан тұлғалардың Ноғай ордасы мен Қырым хандығының әскери қызметімен Ұлы Литва княздігіне барып, сарай маңындағы қызметтермен сонда қалып қойған тұқымынан шығады. Тіпті орыс пен белорустың танымал тарихшы-археографы Дмитрий Иванович Довгялло (белор. Дзмітрый Іванавіч Даўгяла); 1868 ― 1942) өзін орыс санағанымен, өзінің шыққан тегі Ұлы Литва княздігіне қатысты көне әулеттен шыққанын мақтан еткен екен. Демек, әулет тарихын, түп-төркіні түркі текті екенін жақсы білсе керек-ті. Бір қуанарлығы - әулет (род-қазақша ру) таңбасы, тіпті аталуы да сол күйінде сақталуы еді. Әулеттің «Дәугәллә» аталуы да қазаққа жақындататын сызықтың шетін бастайды (дәу – большая, кәллә - голова), мұндай сөзжасамды оңтүстіктің қазақтары әлі күнге пайдаланып келеді. Тарих үшін, жазба тарихы әлі толық зерттеле қоймаған қазақ тарихы үшін мұны да қағазға бір түртіп қойған дұрыс. Халқымыздың тарихына қатысты кез-келген сызықтарын зерттей беру керек. Кейінгі ұрпақ үшін, тарихи тәлімі үшін.
Қазіргі уақыттағы Қайшылы ұрпақтары
Қазіргі күні қазақ құрамындағы Қайшылы ұрпақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шардара аудандарында, Өзбекстанның Ташкент қаласының бірнеше бөліктерінде: 4 жильгородокта, Қыбырайда, Шыршықта топтасып тұрады. Таңбасы барлық Қайшылыға ортақ "Х" (қайшы) таңба, алғашқы ұраны жалпы үйсінге ортақ «Бақтияр», кейінгі ұраны «Ақшабдар». Жылына бір рет бас қосып отыратын «Ақсақалдар алқасы» жұмыс істейді, әр жыл сайын Қазығұрттағы Алтынтөбе ауылында «Ғайып ата» молалар қорымындағы «Нан ата белгісінде» арнайы ас өткізіп отырады. «Алтын қайшылы Ізбике ана» қайырымдық-қоғамдық қоры жұмыс істейді.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов
Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.
Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире
Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире
Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз
Айдарлы
Акарыс
Аксакал
Албан
Алыбай
Асан
Байдибек
Байдолла
Байтерек
Бактияр
Беимбет
Бирманак
Ботбай
Дулат
Ескельды
Жалайыр
Жалманбет
Жансакал
Жаныс
Жаримбет
Жарыкшак
Жолдаболды
Ибраиым
Іле
Калыбай
Канлы
Караш
Кейкі би
Когам
Куйылдар
Курті
Меайкы
Мекрейіл
Ойсыл
Ошакты
Сакалды
Сары
Сарыуйсін
Сіргелі
Суан
Сыйкым
Сырманак
Толыбай
Узынсакал
Уйсіл
Шанышкылы
Шапырашты
Шегир
Шуманак
Шыбыл
Шымыр
Ысты

Средний жуз

Аргын
Атыгай
Ашамайлы
Баганалы
Базархан
Байталак
Балталы
Басентиин
Бахрам
Бегендык
Беймен
Бетке
Болаткожа
Елемес
Ергенши
Ер-Косай
Ескара
Жадик
Жаманбай
Жангулы
Жантекей
Жантели
Жастабан
Ители
Казыгул
Камбар
Канжыгалы
Карагерей
Каракас
Каракесек
Каракипчак
Карасопы
Каратай
Караул
Карауыл
Кенсадак
Керей
Кетбуга
Китайкипчак
Кокжарлы
Коккоз
Конырат
Котенши
Куандык
Куланкипчак
Кылдыбатыр
Кыпшак
Мадьяр
Матай
Мейрам
Меркит
Молкы
Мулкиаман
Наганай
Найман
Садыр
Сарман
Сарысопы
Суиндык
Суйениш
Таракты
Тобыкты
Токпак
Токтамыс
Тортеуыл
Тортул
Торыкипчак
Уак
Шегендык
Шеруши
Шимойлы
Шубарайгыр
Шубыртпалы


Младший жуз

Адай
Алаша
Алимулы
Алтын
Байбакты
Байсары
Байулы
Баксиик
Бериш
Есентемир
Жагалбайлы
Жаппас
Жетыру
Каракесек
Карасакал
Кердери
Кереит
Кете
Маскар
Ногай-казак
Рамадан
Султансиик
Табын
Таз
Тама
Тана
Телеу
Торткара
Шекты
Шенеш
Шеркеш
Шумекей
Ысык

Возникновение 3-х жузов
Вопрос о жузах также является не вполне решенным.
В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.
Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.
Причины образования жузов:
1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста