Ирландиялық “Ryanair” әуекомпаниясының екі жолаушысы ұшақта секспен айналысты.
Қыз бен жігіт жолсерік пен жолаушылардың көзінше жақындасты. Ұшақ Манчестерден Ибицуға ұшып бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, қыз бен жігіт мас күйінде болған. Видеода көрсетілгендей, қыз жігіттің үстінде отырып, оны сүйе бастайды. Ол жанындағы жолаушылардың қарап отырғанына да мән берген жоқ.
Мәліметтерге сүйенсек, жолаушылар әуекомпанияның атына шағым жазған. Ryanair компаниясы болған жайтты тексеретіндерін мәлімдеді.