Нүкіс оқиғасы бойынша сотталған Полат Шамшетов қайтыс болды
Нүкіс оқиғасы бойынша сотталған Полат Шамшетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. . Бұл туралы "Адырна" тілшісі gazeta.uz басылымына сілтеме жасап жазады.
Қарақалпақстан ІІМ Қылмыстық Іздестіру бөлімінің бұрынғы бастығы, Қарақалпақстанның Тұңғыш және жалғыз президенті Дәулетбай Шамшетовтың ұлы Полат Шамшетов 4 ақпанда жүрек талмасынан қайтыс болды.
Полат Шамшетов 45 жаста еді. Ол өткен жылдың шілдесінде Қарақалпақстандағы толқулардан кейін бірнеше ай түрмеде отырды. Дереккөздердің хабарлауынша, жерлеу рәсімі дүйсенбіге жоспарланған.
2022 жылдың 2 шілдесінде оған " адамдарды жаппай тәртіпсіздікке қатыстырды және өзі де белсенді қатысты» деген айып тағылды.
Сот отырысында ол тәртіпсіздік болған күні көшеде "не болып жатқанын өз көзіммен көргім келді, сондықтан шықтым" деп мәлімдеді.
Бұған қарамастан 31 қаңтарда сот Полат Шамшетовті жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін Қылмыстық кодекстің 244-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.