АҚШ-та Ruby Cruises компаниясына тиесілі круиз лайнерінің бортында белгісіз вирус жұқтырғандардың қарасы көбейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBS телеарнасы.
Ruby Princess кемесінің 284 жолаушысы мен 34 экипаж мүшесі белгісіз ішек инфекциясын жұқтырған. Ауырғандардың көпшілігінде - құсу және диарея.
Круиз компаниясының өкілінің айтуынша, сырқаттанған жолаушыларды кабиналарда оқшаулаған. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, кемеде барлығы 2881 жолаушы болған, яғни вирусты шамамен әрбір оныншы турист жұқтырған. Төтенше жағдай құсу мен диареяны тудыратын өте жұқпалы вирус - норовирустан туындаған деп болжанады
Сарапшылардың пікірінше, "карантиндік кеме" Галвестонға (Техас штаты) тоқтаған және туристер дәрігерлердің көмегін күтіп отыр. Олар әлі де аурудың себебін анықтауға тырысып жатыр. Эпидемиологтар талдау жасау үшін жолаушылардан анализдер алды.