Аталмыш жан түршігерлік оқиға Үндістан мемлекетінде орын алған екен.
17 жастағы қызды әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіттер зорлап тынған. Артынша қыз тәртіп сақшыларына арыз түсірген. Алайда жергілікті халық бұл бассыздықты өз қолдарына алып, залымдарды өздері жазалаған.
Олар екі жігітті тыр жалаңаш шешіндіріп, көшеде шеру жасатқан. Артынша көшедегі адамдар оларды сабап отырған екен. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар тағы екі жігітті іздестіріп жатыр.