"Жасыл" технология дәуірі келді

"Жасыл" технология дәуірі келді

Жаһандық "жасыл" күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі төмен көміртекті экономиканың дамуы болып табылады. Қазақстан ЖІӨ бірлігіне парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы ең жоғары деңгейі бар әлемнің он елінің қатарында бола отырып, 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеуде.

"Жасыл" өсудің тиімді моделін қалыптастыру өңірлердің ресурстық әлеуеті мен климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, "жасыл" технологияларды одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бейімдеу үшін өндірістік объектілердің қазіргі жағдайына талдау жүргізуді талап етеді.

БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ҚР Энергетика министрлігімен серіктестікте іске асыратын және Жаһандық Экологиялық Қор (ЖЭҚ) қаржыландыратын жоба шеңберінде әртүрлі географиялық аймақтарда жылумен жабдықтау, салқындату және ыстық сумен жабдықтау үшін ЖЭК технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерделеу үшін кешенді зерттеу жүргізілді.

"Әңгіме бұл технологияны аралас пайдалану туралы және мақсатымыз қолданыстағы орталық жылу желілерімен бәсекелестіру емес. Қазірдің өзінде күн коллекторларын, жылу сорғыларын, жеке тұрғын үйді, көп қабатты үйлерді, сондай-ақ ШОБ пен шаруа қожалықтарын ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін биомассадағы қазандықтарды пайдалану экономикалық тұрғыдан негізделген. Өйткені, ШОБ үшін 1 кВт*сағ электр энергиясының құны басқа тұтынушылар топтарына қарағанда қымбатырақ", - дейді ҚР Энергетика министрлігі ЖЭК департаментінің директоры Абай Құланбай.

Жұмыс істеп тұрған күн электр станцияларының күн сәулесінің қарқындылығын және электр энергиясын өндіруді (белгіленген қуатты пайдалану коэффициентін) талдау күн коллекторларын Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында неғұрлым орынды пайдалану керектігін көрсетті.

Фотоэлектрлік жүйелерді олардың өтелуі басталатын электр энергиясына ең төменгі тарифті ескере отырып, Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Екібастұз қалаларындағы бюджеттік ғимараттардың шатырларына неғұрлым орынды орнатуға болады. Тұрғын үйлердің де, әкімшілік ғимараттардың да шатырларына фотоэлектрлік жүйелерді орнату үшін 1 кВт үшін 5 м2 дейін қажет, сәйкесінше 15-20 кВт қондырғылар 75-100 м2 шатыр бетін қажет етеді.

Өнеркәсіпте және орталық жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін қолданылатын әр түрлі типтегі электр жылытқыштарының қуаты 98 МВт-тан асады.

"Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындар орталық жылумен қамтамасыз етумен қатар көмір қазандықтары, дизель отынымен жұмыс істейтін қазандықтар, электр қазандықтары сияқты меншікті жылу көздерін де пайдаланады. Дизельді қазандықтарды ЖЭК пайдалана отырып, аралас жүйелерге ауыстыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Қолданыстағы электр қазандықтары жылу сорғыларын немесе күн коллекторларын қолданатын жүйелермен толықтырылуы керек", - дейді
БҰҰДБ жобасының сарапшысы Еран Дайырбеков.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері тарифтерді қолмен реттеу жүйесі ЖЭК технологиялық шешімдерінің тартымдылығы мен рентабельділігін төмендететінін және олардың кеңінен қолданылуы мен таралуын тежейтінін көрсетті. Зерттеу аясында Энергетик мамандарға, Энергетика ведомствосының мемлекеттік органдарының өкілдеріне, нарық операторлары мен қауымдастықтарға сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижелері электр энергетикасын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының жоқтығын анықтады және зерттеушілерге ЖЭК технологияларын пайдалана отырып, техникалық мүмкін және экономикалық тұрғыдан орынды шешімдерді іске асыру үшін үлгілік инженерлік-қаржылық жоспарларды дайындауға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰДБ ҚР Үкіметімен және Ұлттық серіктестермен бірлесіп климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында белсенді жұмыс жүргізуде. Ынтымақтастық шеңберінде Таза технологияларды қаржыландыру және жасыл қаржыландыру үдеткіші деп аталатын көміртегі шығарындылары төмен бизнесті дамыту тетіктері әзірленіп, кеңейтілуде. Төмен көміртекті бизнесті дамыту жаңартылатын энергия көздері аукциондары, "жасыл" облигациялар, көміртегі шығарындыларына квоталар саудасы және т. б. сияқты инновациялық механизмдер арқылы ілгерілеуде.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста