КҮН ОЛ КҮН ҒОЙ, ШІРКІН, ҚАШАН ДА!

КҮН ОЛ КҮН ҒОЙ, ШІРКІН, ҚАШАН ДА!

Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екені рас. Сондықтан да мұнай, газ, көмір біздегі негізгі қуат көздері екені де рас. Қазақстанның табиғи орналасуы табиғи қуат көздерін пайдалануға өте қолайлы екені де шын. Бірақ, біз соңғы уақытқа дейін энергияның 75 пайызын жылу электр стансаларынан алып, айнала қоршаған ортаны аяусыз ластаумен келеміз. Оған Кеңес Одағы кезінде салынған ТЭЦ технологияларының әбден
тозғанын, энергия өндіру тиімділігі төмен екенін қосыңыз.

Айнала қоршаған ортаның ластануы, жер бетіндегі ылғалдың азаюы, табиғи ресурстар қорының түгесіле бастауы, жұқпалы ауру-сырқаудың көбеюі сияқты факторлар жасыл энергетика деген үлкен бағыт тудырды. Ол үлкен саясат қана емес, бірегей экономикалық, ғылыми, инновациялық, әлеуметтік,
мәдени кешенге айналды. Қазақстан да одан шет қалмақ емес.
Табиғи энергия көзі бұл – күн, жел, су, жер астындағы қызу мен лава. Ғылым мен технологиясы дамыған елдер теңіз бетіндегі толқыннан да энергия өндіруге көшті. 2016 жылдан бастап

Қазақстан Республикасы да осы бағытты бекем ұстанып, қазір 130-астам жобаны жүзеге асырып үлгерді. Бірақ, бұл аз. Өйткені, Қазақстан күнге бай, жел тоқталмай соғатын аймақтар бар, таудан аққан асау өздері де аз емес. Соның ішінде жаңғыртылған энергия көздерінің бірі - күннен қуат алуды талқыға салып көрсек. Жер бетінде жонын күн сәулесі аямай қыздыратын елдің бірегейі – Қазақстан. Бұл ғалымдар дәлелдеген дерек. Басқа елдермен салыстырайық:
Вьетнамда бір жылдағы сәулелі күн 2200 сағат. Қытайда – 2500. Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапонияда 1000 сағаттан аз. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жылына 2200 бастап 3000 сағатқа дейін жетеді екен. Әсіресе, жаз айларында географиялық орналасуына байланысты күн сәулесі радиациясының 83-96 пайызы тікелей төгіліп түсетін көрінеді. Қызылорда –
2936, Шымкент – 2892 сағат. Осы күн сәулесінен энергия алар болсақ, бүкіл оңтүстіктің қажетін өтей алады екен.

Орталық Азиядағы ең алып аймақтың әр шаршы метріне жылына қадалатын күн радиациясы 1300-1800 кВтч. Ал, жиындық есепке салсақ, 2,5 миллиард кВтч. Яғни қазақ жерінің 50 пайызы
күн электр стансасын салуға қолайлы дейді ғалымдар. Міне, жаңғыртылған табиғи энергияның өте мол қайнар көзі қайда жатыр?! Иә, осынша мол байлық соңғы уақытқа дейін пайдаға аспай келді. Рас, оған ең ылдымен ғылыми жобалар керек. Жоғары технология мен инновациялық ізденістер, үлкен инвестиция керек болды. Дегенмен, қазір сол сірескен сең қозғала бастады.

Қазақстан қазір күн энергиясын пайдаланудың өзіндік
жобасын туғызып, өзіндік технология жасауға кірісті. Нақты айтқанда, жергілікті кремниді қолдана отырып, фотоэлектрлік модулдер өндірісін бастады. Қазақ даласының кремний қорына бай екені белгілі. Сол себепті ішкі нарықтағы кремний күн батареялары шығарылады. Нұр-Сұлтан қаласында фотоэлектрлік модулдер шығаратын «Астана Солар» зауыты құрылды. Ол күн батареяларын қазақстан кремниінен жасайды. Фотоэлектрлік пластиндердің жобалық құны 50 МВт, болашақта оны 100 МВт жеткізуді көздеп отыр.


Еліміздегі 0,5 МВт қуат өндіретін тұңғыш «Отар» күн электр стансасы 2012 жылы Жамбыл облысында салынған болатын. Одан кейін 52 кВт өндіретін күн электр стансасы Алматы облысындағы Сарыбұлақ кентінде салынды. Ал 2019 жылы бірден екі станса іске қосылды. Оның бірі 100 МВт өндіретін Капшағай қаласындағы Нұрғиса күн электр стансасы болса, екіншісі тура сол 100 МВт қуатты күн электр стансасы Қарағанды облысында Сарань қаласында іске қосылды. Халықаралық Энергетика Агенттігінің зерттеуіне қарағандаалдағы 40 жылдың ішінде күн энергиясы еліміздің 20-25 пайыз қажеттілігін өтейтін болады. Бұл жылына 6 миллиард тонна көмірқышқыл газының ауаны ластауын тоқтатады.
Күннің аты күн ғой, шіркін! Оған ата-бабалымыз текке тамсанды дейсіз бе? Оның осындай құдыретін білгендіктен болар?!

С.Ақынжанов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста