Поиск по сайту
«Алтын жүрек» иегерлері анықталды
Кеше Алматыда жыл сайынғы қоғамдық ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығының иегерлерін таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Әр нәрестеге депозит ашу мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеретін уақыт жетті ме?
Солтүстік Қазақстан облысында бала туу көрсеткішін арттыруға арналған жаңа бағдарлама жасалуда. Жаңа бағдарламаның жобасы бойынша төрт және одан көп баланы өмірге әкелген отбасының кәмелетке толмаған әрбір сәбиіне банкте депозит ашылып, олардың әрқайсысын
Қылмыскерлер жасарып барады
Қазіргі таңда елімізде 17 000-нан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұр. Ал былтырғы жылы балалар қолымен жасалған қылмыстардың саны 5 мыңды құраса, биылғы жылдың басынан бері 2 мыңдай бала кездейсоқ қылмыстардың құрбаны болып үлгерген.
МАГАТЭ-ге кім мүше?
МАГАТЭ туралы толығырақ білгім келеді. Бұл халықаралық ұйым немен айналысады және ұйымға қанша ел мүше болып саналады?
Түлектердің төбелесі қайғылы аяқталды
Жуырда Жамбыл облысы ІІД жасөспірімдер арасындағы қылмыс және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен күрес мониторингінің жұмысы бойынша брифинг өткізілген болатын. Жасөспірімдер қылмысы мен қала мектептеріндегі бопсалаудың әлі де орын алып отыр
Астанада Алашорда аллеясы бой көтерсе...
Астана – еліміздің байтағы ғана емес, айбынды мемлекеттігіміздің бет-бейнесі, даңқты өткен тарихымыздың шежіресі. Жас елордамыз тарих-уақыт-кеңістік өлшемдерін тоғыстырып тұрар, сырт көзді тамсандырар, жұртымызды рухтандырар асқақ тарихи ескерткіш,
Жасыл белдеу деген не?
Қазір «жасыл белдеу» деген сөзді жиі естимін. Жасыл белдеу дегеніміз не? Оның «Жасыл ел» жастар жасағына қатысы бар ма? «Жасыл белдеудің» көлемі қаншаға ұлғаймақ?
Жылойдың ән мектебі
Батыс аймағында ел аузында «Үйшікке барсаң, күй тартпа, Жылойға барсаң, ән салма» деген нақыл сөз бар. Мұндағы Үйшік – қазіргі Атырау қаласының бұрынғы Гурьевке дейінгі көне атауы. Ал Жылой – өлкенің ән мәдениетінде Мұхит және Қайқ
Тянь-Шаньнің рөлінде – Аянат
Таяуда Голливуд Қазақстанға тікелей қатысы бар киножоба түсіргелі жатыр және бұл фильмде басты рөлді Аянат Кісенбай ойнайды деп естіген едім. Бұл картина не туралы болмақ?
Көлсай – жалғыз емес
Алматы облысында Көлсай деген әдемі көл бар екенін білеміз. Мүмкін болса, жазғы демалыста барармын. Естуімше, онда бір емес бірнеше көл бар екен. Осы жөнінде жазсаңыздар.
Аққайыңның шырыны пайдалы ма?
Бұрындары дүкен сөрелерінен «Аққайың шырынын» жиі кездестіруші едік, кейін көрінбей кетті. Нағыз таза шырынды аққайыңнан өзіміз-ақ ағызып алсақ болады ғой. Бірақ оны қалай алуға болады және оның қандай пайдасы бар екенін білмеймін.
Масайып қалмас үшін не істеу керек?
Қазақ болған соң той-томалаққа бармай тұрмаймыз. Барған соң ептеп ішімдіктен ұрттауға тура келетін кездер болады. Сондай жағдайда масайып қалмас үшін не істеген дұрыс?
«Қоқыс бизнесі» қазақтың қолына көшіпті
Шымкенттің қоқыс тастайтын орны мен кәріздерінен шығатын сасық суы бұрын қаладан алшақ орналасқан еді. Ал қазір қолқа қабар сасық су мен қоқыстың айналасына жапсарласып ел қоныстанды.