«Қазір келем деп баласын сыртынан жауып кеткен»: алматылық келіншек күтпеген жағдайға тап болды

«Қазір келем деп баласын сыртынан жауып кеткен»: алматылық келіншек күтпеген жағдайға тап болды

Алматылық дәрігерлер аса ауыр жағдайдағы жүкті әйелді аман алып қалды. Күрделі отаны қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мамандары жасаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Тоғыз  күн бұрын болған оқыс оқиғаны Жансая еске алуға да қорқады. Өйткені, әне-міне өмірге сәби әкелемін деп отырғанында, айтып келмеген аурудан ес жия алмапты. Емханаға ештеңе ойламай, тексерілу үшін бардым деген әйел ойда жоқта жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

 

– Үшінші скринингте осындай диагноз қойды. Ісік пайда болды, қан қысымы 180-ге көтерілді.  Сондықтан бірден перзентхана келіп түстім, ота жасады. «Қазір келем» деп,баламды үйде қалдырып, сыртынан есікті бекітіп кеткем. Аяқ асты осы жағдай болды, – деді науқас Жансая . 

 

Науқас ауруханаға түскенде дәрігерлер дертке себеп болған үш факторды анықтапты. 4 сағатқа созылған күрделі отаны мықты деген мамандардан құралған бригада жасаған. Сондай-ақ орталық өкілдері мұндай жағдай көпте кездесе бермейтінін айтты. Олар үшін анықталған аурудан адамды аман алып қалу – күтпеген қуаныш.

 

– Ота кезінде анализдердің талдаулары бойынша науқасты  преэкламсия ауруының асқынған түрі хэлп синдромы анықталды. Ол синдром сирек кездеседі. Көп жағдайда ана өліміне әкеп соқтыратын, – деді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бөлім басшысы Балзия Әбілмажинова.

 

Қиындықтарға қарамастан, өмірге сау бала дүниеге келді. Дегенмен, босанғаннан кейін жас ананың ес жиюы 3 күнге созылыпты.

Орталық мамандарының айтуынша, өткен жылдың өзінде 9000-нан аса әйел өмірге сәби әкелген. Оның 300-ге жуығында преэклампсия диагнозы байқалған. Қазір бұл ауру жүктілік кезінде жиі кездесетін дерттің көшін бастап тұр.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста