"Әрбір әйел – әрбір бала" бағдарламасының миссиясы не?

"Әрбір әйел – әрбір бала" бағдарламасының миссиясы не?

Денсаулық сақтау министрлігі ел тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа тұжырымдаманы ұсынды. Оған "Әрбір әйел – әрбір бала" деген "интригасы бар" тақырып қойылыпты. Бағдарлама биыл күшіне еніп, 2030 жылға дейін ұзаруға тиіс, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

ДСМ бұл жоба тікелей Президенттің тапсырмасымен қолға алынып отырғанын жеткізді.

 

Жаңа бағдарлама арқылы ел Үкіметі біріншіден, әйелдер мен балалар денсаулығын жақсартуға қолайлы жағдайлар жасауға; екіншіден, алдын алуға болатын дерттерді, өлім-жітімді төмендетуге, әйелдер мен балалардың әртүрлі ауруларының салдарларын азайтуға міндеттеледі. Үшіншіден, саламатты өмір салты (СӨС) және басқасы арқылы ана мен бала денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге тиіс. Төртіншіден, балалардың СӨС дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа тәсілдер енгізілуі шарт.

 

Сондай-ақ әйелдер мен балаларға медициналық көмекті жетілдіруге, босандыру және балалар ұйымдарының кадрлық әлеуетін, материалдық-техникалық жарақтануын нығайтуға бағытталған.

 

Жалпы, жаңа жобаның атауында "әйел" сөзі болғанымен, ол нәзік болмыс иелерінің барлық санатын көп қамтымайды: шаралары негізінен бала туа алатын жастағыларға бағдарланған. Бұл қанша жас? Бағдарламада ол нақтыланбапты. Бірақ 2021 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКҰ тәсілімен ана болғысы келетіндердің жасы 42-ден аспауы шарт деп көрсетілген. Мамандар 18–44 жас аралығын "фертильді жас" деп белгілейді: осы кезеңде әйелдердің репродуктивті қабілеті жоғары болатын көрінеді.

 

Бұл ретте Қазақстан 2030 жылға қарай ана өлімін 100 000 тірі туғандарға шаққанда 13-ке дейін және нәресте өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,1-ге дейін төмендетуге қол жеткізу жөнінде "стратегиялық мақсат" белгіледі.

 

ДСМ дерегінше, елде 2022 жылғы жағдай бойынша 9 млн 835 мыңнан (жалпы халықтың 51,4%) астам әйелдер бар. Фертильді жастағы әйелдер саны – 4 417 460. 0–18 жастағы балалар саны – 6 485 507.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста