Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, п.ғ.д, академик: Орта білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешудің ғылыми тұжырымдамасын ұсынамын

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, п.ғ.д, академик: Орта білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешудің ғылыми тұжырымдамасын ұсынамын

Кейінгі кезде мұғалімдер тарапынан да қазіргі орта білім беру жүйесіне деген көңіл толмаушылық байқалады. Оқулықтарда да олқылықтар жетіп артылады. Қазіргі таңда жалпы білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырағанын мойындау керек. Осы орайда педогогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайыновтың «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты еңбегі шыққан болатын. Аталған еңбекте орта білім саласындағы дағдарыстан шығудң нақты тұжырымдамасы ғылыми түрде дәлелденген. Жақында осы жұмыс ҚР Білім және ғылыми министрлігінің назарына ұсынылды. Біз бүгін 30-дан аса көлемді еңбектердің, 300-ден аса мақалалардың авторы, белгілі ғалым Асқарбек Құсайыновтың жоғарыда аталған еңбегінің ең маңызды деген тұстарын, ғалымның орамды ойларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына қосылуы керек» деді, ол үшін, біздің пікірімізше, білім беру сапасы да көтерілуі керек. Себебі ол еліміздің экономикалық дамуының, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың және ұлттық қауіпсіздіктің негізі болып табылады. Ерекше, Орта білім беру саласы туралы айтқым келеді, себебі мектепте білім берудің негізі қаланады.

Халықаралық және ішкі зерттеулердің нәтижелері, біраз көрсеткіштер бойынша, еліміздің орта білім сапасы төмендеп отырғанын көрсетеді.

«Стратегия «Казақстан-2050» Халыққа жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы: «Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой» деген болатын. Маған Елбасының бұл сөздері терең ой салды, содан «орта білім беру сапасын көтерудің ғылыми негізін жасау керек» деген ойға келдім.

Ол үшін Отандық білім беру жүйесінің даму тарихы мен дамыған елдердің білім беру жүйелерін салыстырмалы түрде зерттей отырып, оның дамуының заңдылықтарын анықтау керек. Бұл жұмыстың көлемін мөлшерлегенімде, жасыратыны жоқ, бойымды қорқыныш сезімі биледі, себебі бұл – жеке бір институттың жұмысы.

Тынымсыз 6-7 жыл еңбек еттім: көптеген мақалалар, «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» атты монография, «Орта білім беру саласындағы дағдарыс: шығу жолдар» атты кітап және осы Концепцияны жаздым.

Бұл Концепцияның алғашқы жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Истайбекованың қолдауымен Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстық білім беру басқармаларында, көптеген ЖОО-да, колледждерде талқыланды. Негізінен мақұлданып, біраз ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Бүгін сіздерге соның өңделген нұсқасын ұсынып отырмыз.

Білім беру жүйесі күрделі жүйе болып табылады, сондықтан, басқа да күрделі жүйелер сияқты, ол да көптеген құраушылырдан (ішкі жүйелерден) тұрады. Білім беру сапасын көтеру үшін оның барлық құраушыларының сапасын көтеру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуы қажет. Олар: білім стандарттары мен оқу бағдарламалары, оқу әдебиеті, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі, білім мониторингі, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, білім беру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі, басқару жүйесі.

Елімізде, қазіргі уақытта, жаңа білім беру мазмұнына өту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2016-2017 оқу жылында 1-ші сынып оқушылары жаңа бағдарламамен оқыды, ал алдағы 2017-2018 оқу жылында 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып оқушылары жаңа бағдарламамен, жаңа оқулықтармен оқитын болады.

Алдымен 1-ші сыныптың білім сапасын көтеруді қамтамасыз ететін, оның барлық құраушыларының сапасын көтеру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуы қажет. Келесі оқу жылы басталғанша, осындай жұмыстар, жаңа білім мазмұнымен оқитын 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптарға жүргізілуі керек. Сонда білім сапасы жаңа деңгейге көтерілетін болады.

Алдағы оқу жылдарында да осындай жұмыстар атқарылуы керек.

Бұл көптеген институттарды, орталықтарды, ұйымдарды, білім басқармаларын, жоғары оқу орындарын, колледждерді, мектептерді, баспалар, ғалымдар мен ұстаздарды ұйымдастыра отырып, жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Орта білім беру сапасын көтерудің ғылыми негізделген тұжырымдары анықталды. Олар:

– білім сапасын көтеру жұмыстарын бірізді және кезең-кезеңмен жүргізу;

– білім беру сапасын арттыру жауапкершілігін мемлекет, білім басқармалары, ғылыми мекемелер, оқу орындары мен педагогикалық қоғамдастықтар арасында бөлудің теңгерімділігін іске асыру;

– мұғалімдер мен оқушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;

– білім беру сапасын арттыру үдерісі ашықтығын жүзеге асыру;

– жаңа мазмұнға жүйелі түрде көшу және оны іске асыруда осы үрдіске қатысушылардың барлығының өзара бйланыста жұмыс жасауын іске асыру.

Қысқаша үш қана құраушыға тоқталайын.

Бірінші, педагог кадрлардың кәсіби құзіретін көтеру.

Біз соңғы 12-15 жылдардағы Халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің нәтижелерін зерттей отырып Сингапур, Гонконг (Қытай), Жапонии, Тайвань, Финляндия, Оңтүстік Корея, Канада, Эстония, Макао, Жаңа Зеландия елдерінің оқушыларының үнемі жоғары көрсеткіштер көрсететінін, яғни бұл елдер орта білім беру саласында жеңімпаз-елдер екенін анықтадық.

Бұл елдерде ғылыми негізде дайындалған орта білім беру сапасын көтеру саясаты іске асырылған. Олардың ортақ мақсаттары: ұлттық ерекшеліктер мен мәдениетті, ана тілін сақтап дамытуды, шығармашыл, бірегей ойлайтын, рухани бай адамды тәриелеу және мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін көтеру. Демек, басты мақсат – адам тәрбиесі болып табылады. Мұғалім таңдауда жіберілген бір қателік 30-40 жыл бойы нашар білім беруге әкеліп соқтырады, деп есептелінеді.

Төмендегі кестеде Қазақстан мен осы елдерде педагог кадрлар дайындау жолдары көрсетілген.

Қазақстанда Дамыған елдерде

‒ педагогикалық ЖОО-на және

колледждерге көбіне мектепті орташа

аяқтаған түлектер барады;

‒ оқу орындарында тәжірибеге

емес, теориялық білім беруге көп

көңіл бөлінеді;

‒ жас мұғалімдерге тәлімгерлер

тағайындалмаған, тағайындалған

күнде олар формалды түрде жұмыс

жасайды. ‒ педагогикалық оқу орындарына мектепті жақсы бітірген түлектер қабылданады: Оңтүстік Кореяда 5%-дан, Финляндияда – 10%-дан, Сингапур мен Гонконгте – 30%-дан; ‒ олар педагогикалық мамандықтарға бейімділігін анықтайтын арнайы емтихан тапсырады; ‒ оқу орындарында білім тәжірибеге бағытталып беріледі; ‒ бакалавр курсын жақсы аяқтаған мұғалімдер магистратураға қабылданады; ‒ магистр-мұғалімдер мектепке жұмысқа келгенде қоғамдық комиссия алдында күрделі сынақтан өтеді; ‒ жұмысқа қабылданған жас магистр-мұғалімдерге тәлімгер (коучер) бекітіледі.

McKinsey&Company компаниясының ғалымдары М.Барбер и М.Муршед АҚШ-тың 3 штатында (Теннеси, Даллас, Бостон) жүргізген зерттеулерінде, егерде орташа қабілетті 8 жастаға оқушыларға кәсіби деңгейі әртүрлі мұғалімдер сабақ беретін болса: бірі – жоғары, екіншісі – төмен, онда осындай мұғалімдерден оқыған оқушылардың білім деңгейлерінің

алшақтығы 50%-н артық болатынын анықтаған.

11 жасқа келгенше нашар білім алған балалардың тек 25%-ы ғана 14 жасқа келгенде білім стандарттары талаптарына сәкес білім алуға қабілеттері жеткен, ал қалған 75%-ы ондай білім ала алмаған.

Егерде бір сыныптарда, жеңімпаз-елдердің, тәлімгерлермен бірге жұмыс жасайтын, магистрлері, ал екінші сыныптарда, тәлімгерлермен формалды түрде жұмыс жасайтын, біздің педагогикалық оқу орындарын аяқтаған мұғалімдер сабақ беретін болса, онда осындай мұғалімдерден 3 жыл бойы сабақ алған оқушылардың білім сапалары арасындағы айырмашылық қанша пайыз болар еді? Біз пайымдауымызша, 60-70 пайыз көлемінде болады.

Дамыған елдерде орта білім сапасы мектептерде жұмыс жасайтын мұғалімдердің жұмыс сапасынан жоғары болмайды, сондықтан оны көтерудің бірден-бір жолы – оқытуды жақсарту деп есептеледі. Біз, алдымен, бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеруге ерекше мән беруіміз керек.

Дамыған елдерде мұғалімдерге алғашқы лайықты еңбек ақы тағайындалған. Зерттеулер, бастапқы еңбекақы деңгейінің мұғалім мамандығын таңдауға айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Мұғалім мамандығы жоғары мәртебеге ие болса, анағұрлым талантты адамдар мұғалімдікке келеді, бұл осы мамандықтың мәртебесінің одан әрі артуына алып келеді. Бұл заңдылық

Финляндия, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінде ерекше айқын байқалады.

2014 жылғы Астанада өткен тамыз маслихатында Білім және ғылым Вице-министрі Эльмира Суханбердиев: «мұғалімдерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлінеді, ал білім беру мекемелерінде өз пәндері бойынша белгісіз деңгейде білім меңгерген және жұмыс сапалары өте төмен мыңдаған мамандар жұмыс жасайды» деді.

2017 жылы мамыр айында Батыс-Қазақстан және Актөбе облыстары педагогтарының форумында «Назарбаев интеллектуалды мектептері» АҚБ Басқарма төрағасы К.Шамшидинова: «Конкурстық қабылдау негізінде Назарбаев мектептеріне 7 мың мұғалім алынды. Солардың 70% шектік 13 балл ала алмады», деді. Біз бұл мектептердің конкурсына алдыңғы қатарлы мұғалімдердің баратынын ескеруіміз керек.

Үкімет тарапынан педагог кадрлардың сапасын көтеруге көп көңіл бөлінеді. Текқана Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру ұлттық орталығы «Өрлеуге» жыл сайын 5 млрд. теңгеден аса қаржы беріледі. Қомақты қаржы ЖШС «Педагогтардың шеберлік орталығына» (ПШО) бөлінеді.

Олар қалай жұмыс жасайды? Мұғалімдер жұмыстан босап, осы орталықтарға ұзақ мерзімге оқуға келеді, оларға дәріс оқылады және семинар сабақтар жүргізіледі. Дамыған елдерде бұл тәсілдер өте аз пайдаланылады, себебі, сырттан берілген идеялар сыныпта және мектепте автоматты түрде өзгеріс әкеледі деу, іс әрекет теориясы тұрғысынан алып қарағада, өте жалған түсінік болып есептеледі. Олар мұғалімнің жұмысын хирург дәрігердің жұмысымен салыстырады, сондықтан мұғалімдердің кәсіби деңгейін шынайы жағдайда, сабақ барысында көтеруге ден қояды. Жақсы мұғалімдерді тек жақсы мұғалімдер ғана тәрбиелей алады деген қортынды жасалғандықтан, олардың бір бірінен үйренулеріне, сабақтарды бірге жоспарлауларына, бір-бірін жетілдірулері үшін жан-жақты көмек көрсетулеріне барлық жағдайлар жасалған.

Кәсіби деңгейді көтерудің ең тиімді тәсілі болып, мұғалімдердің мектептерде тәлімгерлермен бірге жұмыс жасау тәсілі есептеледі. Мысалы, Жапонияда, жас мұғалімге алғашқы жұмыс жасаған жылы жұмасына екі күн бірге жұмыс жасау үшін арнайы тәлімгер тағайындалады.

Сондықтан бізге, мұғалімдердің кәсіби деңгейлерін көтеру жұмыстарының тиімділігін көтеру үшін тілімгерлер институтын құру керек. Қазіргі уақытта мектептерде 275 мың мұғалім жұмыс жасайды, олардың 70 мыңнан астамы ШКМ-де еңбек етеді. Барлық мұғалімдердің 56 мыңнан астамы жоғары санатты мұғалімдер, сонымен бірге «Өрлеу» мен ПШО өз бағдарламалары бойынша, мектептерде тәлімгерлік жұмыс жасау

үшін, тренерлер дайындап келеді. Бірақ, оларға тәлімгерлік жұмыстары үшін қаражат төленбейтін болғандықтан, олар бұл жұмысты формалды түрде атқарады.

Біз, Білім және ғылым министрлігіне, мектептерде жұмыс жасайтын 10 мың тәжірибелі әдіскер-мұғалімді таңдап алып, оларға, ай сайын, 40 мың теңге көлемінде қосымша жалақы беріп, әрқайсысына бір жылда 6 мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру жөнінде тапсырыс беру керек деп, ұсыныс айтқымыз келеді. Сонда олар, бір жылда, 60 мың мұғалімнің кәсіби құзіретін жаңа деңгейге көтеретін болады. Осындай жұмыс атқару үшін 10 мың тәлімгерге бір жылда 4,8 млрд. тенге қаражат беру керек. Осылай, тәлімгерлер институтын құру негізінде, барлық оқушылардың 90 пайызға жуығы оқитын мектептерде жұмыс жасайтын барлық мұғалімдердің кәсіби құзіретін 2-3 жылда жаңа деңгейге көтеруге болады.

Әрбір ШКМ-е орта есеппен 20-дан аса мұғалім жұмыс жасайды. Әр мектептің шынайы жағдайын ескере отырып, ондағы мұғалімдердің тәлімгерлермен тиімді жұмыс жасау жолдарын іске асыру керек.

Бұл жағдайда, ең алдымен, жаңа білім мазмұнына өтетін сыныптарда жас мұғалімдердің тәлімгерлермен жұмыс жасауына қол жеткізу қажет.

Қазір мектептерде сабақ беретін тәжірибелі мұғалімдердің жастары ұлғайып келеді, сондықтан, бұл жұмысты ешқандай уақыт күттірмей жылдам қолға алу керек, онысыз мүлде кеш қалатын боламыз.

Мұғалімдердің құзіреттіліктерін көтеру үшін:

– қазіргі уақытта мектептерде жұмыс жасап жүрген тәжірибелі мұғалімдерді анықтап, оларды тәлімгер есебінде пайдалану керек;

– тәлімгерлер (коучерлер) институтын құру қажет;

– өткізетін сабақтарының сапасын жақсарту үшін әрбір жас мұғалімге көңіл бөліп, оларды сынамастан, кемсітпестен, үлкен қамқорлықпен барынша қолдап, көмек көрсету керек;

– Оңтүстік Корея елінің тәжірибесіне сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап барлық пәндер бойынша мини-стандарттар, яғни сабақ жоспарларын, барлық оқу-әдістемелік, мультимедиалық құралдар жасап, оларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету қажет;

– мұғалімдердің еңбегін қолдап және оны ынталандырудың мемлекеттік жүйесін жасау керек.

Елбасы Н.Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» деп, атап көрсетті. Мини стандарттар жасау мен тәлімгерлер институтын құру барлық мектептерде, бір уақытта, барлық пәндерден бірдей сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. 1-ші сыныптарға арнап мини-стандарттар жасау жұмыстары басталды, бірақ сол жасалған дүниелердің өзі қойылған Интернеттердің әлсіздігі мен мұғалімдердің кәсіби құзіреттерінің төмендігінен 60 пайыздан аса мектептерде пайдаланылмай отыр.

Екінші, оқу әдебиетінің сапасын көтеру.

Қоғамда оқу әдебиеті сапасына қатысты көптеген сыни пікірлер айтылуда. Оқулық жасау ғылыми тұрғыдан алып қарағанда – өте күрделі проблема. Танымал академик А.Колмогоров оқулық жасауды реакивті ұшақ жасаумен салыстырған болатын. Оқулықтану ғылымының дамуына мол үлес қосқан Француз ғалымдары жақсы оқулық жасау үшін 3-5 жыл уақыт қажет дейді.

Бізде оқулықтану ғылымы дамымаған, авторларға қажетті жағдай жасалмайды, олар оқулықтарын негізгі жұмыстарынан қолдары босаған уақытта және өте асығыс жағдайда, 9-10 ай уақыт ішінде, жазады.

Сапалы оқу әдебиетін жасау үшін:

– әлемдік іс-тәжірибені ескере отырып, оқу әдебиеті мен инновациялық оқу-әдістемелік кешендер (ИОӘК) дайындаудың теориялық негіздерін әзірлеу;

– авторлар ұжымдарын оқытуды ұйымдастыру;

– бір пәннен барлық сыныптарға арнап желілік оқулықтар, ОӘК мен мультимедиялық құралдардан тұратын ИОӘК жасау үшін бір авторлар ұжымын құру;

– оқу әдебиетін теориялық және практикалық сараптамадан өткізу үшін критерийлері жүйесін жасау;

– оқу әдебиеті сапасын анықтайтын сарапшылар дайындау;

– авторлардың, сарапшылардың және баспалардың сапалы оқу әдебиетін жасау үшін жауапкершіліктерін анықтау және т.б. қажет.

Үшінші, білім мониторингі сапасын көтеру.

Дамыған елдерде, егер де бір нәрсе алдын ала өлшенбесе, онда оны жетілдіруге болмайды деп есептелінеді. Демек, білім сапасын көтеру үшін ондағы жағдай туралы шынайы ақпарат алу керек. «Мониториг және соның негізінде атқарылуы қажетті шараларды іске асыру, оқытудың тұрақты

жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін бірінші дәрежелі маңызға ие» дейді ғалымдар. Бізде білім сапасы жетістіктерін анықтаудың біртұтас бағалау жүйесі жасалмаған, білім сапасын бағалаудың педагогикалық өлшемдерін жасайтын ғылым – педагогикалық квалиметрия мен тестология дамымаған. Сондықтан біз қазіргі уақытта орта білім беру сапасының мониторингін жасай алмай отырмыз.

Білім мониторингі сапасын көтеру үшін:

– тестілерді жобалау, модельдеу және құрастырудың дидактикалық теориясын әзірлеу;

– білім мониторигі жүйесін жетілдіру;

– барлық пәндер бойынша күтілетін нәтижелер негізінде оқушылардың білім деңгейлеріне қатысты шынайы ақпарат алу үшін, тестілік бақылау және басқа да диагностикалық бақылау жұмыстары жүйелі жүргізу;

– Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы қызметін жетілдіру қажет.

Біз бұл Концепцияны қоғамда, педагогикалық қауымдастықта, кең көлемде талқылау үшін ұсынып отырмыз және оған, ҚР Білім және ғылым минстрлігі мен Үкімет тарапынан, жеткілікті түрде көңіл бөлінетініне сенім білдіргіміз келеді. Алдағы уақыттарды, осы ЗКонцепция негізінде, ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тек Орта білім сапасын көтеру мақсатында толықтыратын, Орта білім сапасын көтерудің кешендік бағдарламасын жасауды ұсынамыз. Онда бұл бағдарламаны орындаушылардың жыл сайынғы қадамдың әрекеті нақты көрсетілетін болады.

Мұндай бағдарлама дайындалып іске асырылатын болса, Орта білім беру сапасы жаңа деңгейге көтерілетініне толық сенім білдіреміз.

Бұл бағдарламаны іске асыру Үкімет тарапынан қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді, оның Білім және ғылым министрлігіне бөлінетін қаржы шегінде жүзеге асыруға болады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста