Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлы:"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30- миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді"

Жеңісбеков Ержан Жеңісбекұлы:"Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30- миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді"

- Ержан Жеңісбекұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үш жыл бұрын құрылған, қазір мемлекеттік қызметтерді көрсету тұрғысында қандай жаңашылдықтармен бөлісе аласыз?

- Осыдан үш жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» жобасы аясында құрылған мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» секілді төрт ірі кәсіпорынды біріктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету саласының біріңғай провайдеріне айналды. Осы үш жылдың ішінде қызметтердің дені оңтайландырылып, электронды форматқа өтті, бір жүйеге келтірілді.

Проактивті және композитті қызмет көрсету форматын енгізгеннен соң талап етілетін құжаттар саны мен қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. Атап айтсақ, қазір азаматтар зейнеткерлікті бір ғана өтінішпен рәсімдей алады, ал босанған аналар баланың туу туралы куәлігі мен сәбидің күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеу, бөбекті балабақша кезегіне қою сияқты үш қызметке ешқайда бармай-ақ, ұялы телефонның көмегімен өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Биылдан бастап осы қызметке баланы мекен-жайы бойынша тіркеу қызметі де қосылды. Жаңа босанған ана sms-ке жауап бере отырып, перзентханадан шықпай тұрып барлық құжаттарын рәсімдей алады.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып осы проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырды.

-Түркістан облысында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету ахуалы қалай екенін айтып өтсеңіз?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының құрылғанына осы қазан айында енді бір жыл толды, десе де мемлекеттік қызметтің барлық түрін көрсетіп отыр. Бүгінде мемлекеттік корпорация мемлекеттік тізілімде тіркелген 723 қызметтің 648-ін көрсетіп отыр, оның 580-і электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді.

Филиалымыздың жыл басынан бергі көрсеткен көрсеткіші қуантарлық. Жыл басынан бері филиал арқылы 2 318 789 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 244 416 электронды түрде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алынды. Шалғай елдімекендерде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында есепті мерзімде мобильді ХҚО-тармен 37 444 рет шығу жүзеге асырылып. Сондай-ақ түркістандықтарға әлеуметтік төлем саласы бойынша 104 891 аса қызмет көрсетілген. Жер-шаруашылық жұмыстары жоспардан артық 150 пайызға орындалған.

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай қызметтеріңіз бар?

- Барлық фронт-офистерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жағдай жасалған. Автокөліктері үшін автотұрақтар, пандустар, мүгедектерге арналған көтерілу құрылғылары, шақыру қоңыраулары қарастырылған, сонымен қатар арнайы қабылдау үстелдері, көрсеткіш жазулары, ымдау тілінің аудармашысы, браиль әріптерімен таныстыру тақталары, жол сілтеу жазулары бар құрылғылар қойылған. І және ІІ топтағы мүгедектердің үйіне барып қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылған. Түркістан облысы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 1 248 шақыртуы бойынша үйіне барып 1 776 қызмет көрсеткен.

-Өзіңіз айтқандай қызметтердің дені электронды түрде көрсетілген екен. Осы орайда аймақ тұрғындарының цифрлық қызметтерді пайдалану деңгейі қандай?

- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы онлайн түрде қолжетімді болуын көздейді. Осы орайда мемлекеттік корпорациямен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өздеріңіз білесіздер, электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса, кез келген қызметті, анықтаманы ХҚО-ға келмей-ақ, онлайн алуға болады. Сондай-ақ қазір телеграм мобильді қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 25 қызмет қолжетімді. Бүгінде электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеуге келген азаматтарға біздің мамандар электронды үкімет порталын пайдалануды, mgov қосымшасы, телеграмдағы egovkzBot-пен жұмыс істеуді үйретіп жатыр. Орталыққа келген кез келген қызмет алушы цифрлық дағдыларын арттыра алады.

Түсіндіру-оқыту жұмыстары адам көп шоғырланатын жерлерде, мысалы, сауда орталықтарында, автокөлік базарларында, мемлекеттік және жеке мекемелерде жүргізіліп жатыр. Облысымыз бойынша цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қалтаңыздағы ХҚО», «Заманауи жүргізуші», «Мемлекеттік қызметтер» акциялары ай сайын өткізілсе, әр аудан, қалалық бөлімдерде апта сайын тұрғындарға электронды үкімет порталын үйрету семинарлары жүргізілуде.

– Халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету үшін миграциялық және цифрлық ХҚО-лар ашылған болатын. Олардың биылғы көрсеткіштері жөнінде айтып өтсеңіз?

– Жалпы миграциялық ХҚО-ның ерекшелігіне келер болсақ, онда 1 сағаттың ішінде медициналық тексерістен өтуге, ЖСН алуға, салық өтеуге, дактилоскопия тапсырып, медициналық сақтандыруды рәсімдеуге және басқа да қызметті алуға болады. Бүгінде мұндай ХҚО барлық облыс орталығында бар. Салыстырып айтар болсам, 2018 жылы миграциялық ХҚО көмегімен 26 мың қызмет көрсетілсе, 2019 жылы 246 мың қызмет ұсынылды.

Ал цифрлық ХҚО-ға келер болсақ, бүгінде еліміз бойынша 18 цифрлық орталық жұмыс істейді. Электронды қызмет дағдыларын үйрету бойынша 73,6 мың семинар өтіп, 1,3 млн сертификат берілді. Ал 2020 жылы 1,4 млн сертификат беру жоспарланған. Ел тұрғындарын онлайн процестерге көбірек қатыстыру мақсатында egov.kz порталын пайдалану бойынша курстар тек цифрлық орталықта емес, көшпелі акциялар аясында да оқытылды. Бұл ретте смартфон арқылы қолжетімді бола түскен мемлекеттік қызметтер мен сервистерді айтпай кетпеске болмайды. Бүгінде азаматтар телеграмдағы egovkzbot2.0 мен фейсбук және вконтакте желілеріндегі чат-боттар арқылы керекті анықтамаларын ала алады. Ал телефонға арналған egov mobile қосымшасы танымал қызметтерді жедел алуға көмектесті. Бүгінде бұл қосымшаны 200 мыңнан астам адам жүктеп үлгерді. Қазіргі уақытта халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 78,5 пайызды көрсетіп отыр. Келер жылы ол 80 пайызға дейін жетуі тиіс. Біз атқарып отырған жұмыс осы көрсеткіштің өсуіне ықпал ететіні сөзсіз.

-Бәрімізге танымал болған мекен-жай анықтамасы Мемлекеттік қызметтер тізілімінен алынып тасталуда екен?

- Дұрыс айтасыз. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын. ҚР ІІМ бұл идеяға қолдау білдіріп, өзінің мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтардан мекен-жай анықтамасы ешқандай мекемеден талап етілмейтін болды. «Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау – қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетіндігін білдіреді.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30- миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың жартысынан көбі – ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмірін жеңілдетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда.

- Мекен-жай деректерінің қажеттілігі болған жағдайда ақпаратты қайдан біледі?

- Енді қазақстандықтар мекенжай мәліметін тек egov.kz электронды үкімет порталы және eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. Ал осы анықтамаларды сұратушы мелекеттік органдар мекенжай тіркеуі туралы мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы өздері алатын болады. Жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдаланады. Бұл тек азамат ақпарат алуға рұқсат беретін бір реттік SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

- Алдағы уақытта тағы қандай анықтамалар мен қызметтер қысқаруы мүмкін?

- Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мекенжай анықтамасынан кейін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамасы, жұмыссыз ретінде тіркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы туралы мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» композитті түрде көрсетілетін қызмет түрлерін арттырмақ. Бұдан былай қандайда бір мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш саны азайтылатын болады. Келесі жылы қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін 55 түрлі мемлекеттік қызмет 21 түрлі композиттік қызметке біріктіріледі деп жоспарланып отыр.

Мысалы, бұрын зейнет жасындағы азаматтар құжаттарын дайындау үшін ХҚО-ға келіп жасына байланысты және базалық зейнетақыны төлеу бойынша 2 өтініш беретін, бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазатын. Одан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып, тағы бір өтініш толтыратын. Ал бір жыл бұрын жоғары сұранысқа ие бұл қызмет композиттік әдіспен рәсімделе бастады. Қазір азаматтар осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет барып, бір ғана өтініш жазатын болды. Одан бөлек, жер актісін алу қызметі де үлкен сұранысқа ие. Қызметті алу үшін 4 түрлі өтініш жазу керек. Сондықтан мемлекеттік корпорация басшылығы 2020 жылдан бастап бұл актілердің барлығы біріктіріп, «Сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру» сияқты бір қызмет арқылы қолжетімді етуді жоспарлауда.

Сұхбатыңызға рахмет!

Қуаныш Ермекова 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста