Қоршаған ортанның шөлге айналдырмай жасыл желекке бөлеу жоспарлы түрде іске асуда

Қоршаған ортанның шөлге айналдырмай жасыл желекке бөлеу жоспарлы түрде іске асуда

Қоршаған ортаны қадірлеп аялай білмеген ел оның зардабын тартады. Сондықтан тұрып жатқан жерін қастерлеп, қорағап, баптай білмеген ел жұтқа ұшырайтыны анық. Қазіргі таңда әлемдегі ең басты проблемалардың біріне айналып отырған мәселе жердің шөлейттенуі. Бұл түйткілдің көптеген себептері бар. Жер шарындағы тұрғындар санының өсуі, өндіріс, ауыл шарауашылық саласының дамуы, судың, ылғалданудың жетіспеушілігі, ормандардың оталуы, мал азығын дайындайтын жерлерді құнарландырып, баптау жұмыстарының жүргізілмеуі сияқты көптеген жағдайлар қоршаған ортаға өз әсерін тигізіп жатыр. Бұған қарсы әлемде көптеген бағдарламалар қабылданып, жұмыс істеуде. Соның бастыларының бірі ретінде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының «шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясын» атап өтуге болады.
Жердің құрғақшылыққа ұшырап шөлге айналуы біздің еліміздің де басты мәселесі деуге болады. Бұл келеңсіздіктің себептері жоғарыда айтылғандай барша әлемге ортақ проблемалар болып отыр. Жер азса, елде азады. Жалпы бұл түйткіл соңғы кездері тіпті күшейе бастады деуге болады. Арал теңізінің тартылуының өзі орасан зор қиындық тудырды. Бұл түйткіл ең ауқымды мәселенің бірі болды. Теңіздің тартылуынан туындаған құрғақшылық айналасындағы тіршілік атаулының бәріне кері әсерін тигізді.
Сонымен қатар, еліміздегі орманды жерлердің өртенуі, ағаштардың, өсімдіктердің өсу аймағынның азаюы сияқты, ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуы, тағы да басқа көптеген себептер осындай мәселе тудырып отыр. Ал жердің шөлейттенуінің зардабы орасан болады. Шөлді аймақтың тұрғындарының денсаулығы нашарлап, адам өлімі көбейеді. Сондықтан халықтын жаппай қоныс аударуы артады. Осындай мәселелердің тізбелей берсе жетіп артылады. Бұнның ел экономикасына да, демографиясына да тигізер кесірі баршылық.
Мамандардың келтірген деректеріне қарағанда еліміздің жүз сексен миллион гектарға жуық жерінің тозығы жеткен. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып бара жатқан көрінеді. Бұнның басты себебі жердің химиялық улануы мен топырақта тұздың артуы, құнарсыздана бастауы. Сондықтан ол аумақтар сортаңданып мал жайлымына, егін егу жұмыстарына жарамсыздана бастаған.
Мұндай қолайсыздықты адамдардың өздері қолдан жасап отырғаны белгілі. Қолданыстағы жерлерін баптап, тыңайтып, уақытымен дәрілеп отыруды естен шығарған. Ірі өнеркәсіптердің де қоршаған ортаға кері әсері көп. Осындай келеңсіздіктермен күрес елімізде қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің атқарып жатқан жұмыстары да айтарлықтай. Қоршаған ортаға зардабын тигізетін ірілі-ұсақты оқиғалардың барлығын жіті қадағалап, дер кезінде шара қолданып, қалпына келтіру жұмыстарын үнемі атқаруда. Жер-жердегі, өңірлердігі экология департаменттері аймақтардағы ерекшелеліктерді ескере отырып жұмыс істеуде. Олар шөл аймақтарға жасыл желек отырғызып, алдын алу жұмыстарымен де тыңғылықты шұғылданады. Осы ретте Маңғыстау облысындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсек. Облыстағы мамандардың айтуына қарағанда бұл өңірде «Сенек» атты ауылда 2004 жылдан бері қарай, ал «Үштаған» деген мекенде 2007 жылдан бастап, «Тұщықұдықта» 2012 жылдан, «Шебір» ауылдарында 2016 жылдан бастап көшпелі құмнан қорғау жұмыстары атқарылып жатыр екен. Бұл жұмыстарға Алматыдағы география институты араласқан. Содан кейін бұл жұмыстарды «Жасыл әлем» ЖШС жалғастырған. Құмды мекендердің аумағына жасыл желектер отырғызылып, ормандарды қолдан өсіру жолға қойылған. Көшпелі құмдардың жолына түрлі тосқауылдар жасалған. Отырғызылған ағаштардан қалың ормандар пайда болып, жасыл желек қоршаған ортанның сортаңдануына тойтарыс бере бастады. Ағымдағы жылдарда осындай жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу байқауы өткізіліп, жұмысқа әртүрлі мекемелер атсалысады. Көшпелі құм жолдарына отырғызылған жасыл желектер қоршаған ортаға көп пайдасын тигізуде. Бұл жұмыстардың арнайы жоспары жасалып кезең кезеңімен жалғасып отырады. Өткен жылдың жұмыстары ойдағыдай орындалған. Ал биылғы жылдың жұмыстары іске асып жатыр. Келер жылы атқарылар істің жобасы жасалып, бекітілген. Қарқынды жұмыстың нәтижесінде құманан қорғану үшін қаншама гектарға отырғызылған екпелер күтіп-бапталып, жайқалып өсе бастаған.
Өткен аптанның соңында өңірдегі экология департаменті қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына байланысты халықпен жүдесу өткізді. Жиында облыстық департаменттің басшысы Руслан Төкенов былтыр атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Былтырғы жұмыстарға кеңінен тоқталған департамент басшысы, биыл қолға алынып жатқан істер туралы айта келіп, өңірдің барлық аудандарында халықпен осылай кездесіп, ашық пікір алаңын қалыптастыру жағын ойластырып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар, азаматтарды да жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдауға ден қойылып, әрдайым қабылдау күндерін ұйымдастыру да қолға алынбақ.
Жиында сөз алған эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық векторына ден қойып ғылыми тұрғыдағы жұмыстарға көңіл бөлінгені жөн деген пікірін білдірді. Экология саласындағы шетелдік озық тәжірибелерді тілге тиек етті. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында қоғамдық ұйымдардың шетелде қалай жұмыс істейтінін, билік өкілдері экологияға қатысты шешім шығарарда қоғамдық ұйымның пікіріне құлақ асатынын айтып өтті. Болашақта елімізде осындай қоғамдық ұйымдар құрылып, табиғатты қорғау одағы аясында біріктіре отырып, барлық өңірлерде жұмыс атқарса, ықпалды ұйымға айналар еді деп ойын түйіндеді.
Жиынды өңірдегі экология департементінің басшысы қорытындылап тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау бағытында жасалатын жұмыстарға белсенді түрде қатысуға үндеді.
Еліміздің табиғаты, оның байлығы заңмен қорғалып, оның сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың адами парызы екенін түсініп, атқарылған ауқымды жұмыстарға үн қосып отырса, айналасын таза ұстап, ластамауға көп көңіл бөлсе, әр азамат туған өлкесінің табиғатын қорғауға күш салса, табиғат ана гүлдене түсер еді.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста