Бұғының мүйізіне байланысты «мүйіздесу» неден туды?

Бұғының мүйізіне байланысты «мүйіздесу» неден туды?

 Жалпы, ел мен жердің тарихына жалаң тар көзқарас тұрғысынан қарау, оның өрісін тарылтатыны, тіпті басқа елдер мен ұлттардың арасына сына қағатыны – осыдан жарты ғасыр бұрын өзін-өзі дәлелдеген жағдай. Бүкіл әлемнің тарихы мен мәдениетін бір көзқарас тұрғысынан түсіндіретін евроцентристік деген ағым болды. Қай елдің болмасын тарихы мен мәдениетін түсіндіру алдымен осы концепцияның қалыбымен өлшенетін. Сондықтан да көп ұлттың терең тарихы евроцентристік ағымға сыймағандықтан біржақты зерттеліп, бір жақты бағаланды. Евразия кеңістігін тұтас алып жатқан көшпенді елдердің тарихы да сол қалыптың сорабынан шыға алмады. Бұл елдердің мәдениеті евроцентристік, немесе индо-ирандық мәдениет «телпегін» киіп шыға келгенде, ұлттар өз тарихын тани алмайтыны анық еді. Тіпті, скиф пен сақтар мәдениеті деген ұстанымды дәлелдеудің өзі қиынға түскені белгілі. Бір ғана мысал: өткен ғасырдың ортасында Орал тауының бөктерінен ұзын бұғы мүйізді алтын әшекей табылды. Ғажап жәдігер! Міне, осының өзін ғалымдардың көпшілігі индо-ирандық мәдениеттің жұрнағы деп бағалай бастағанын қайтерсіз?! Бірақ, қызық болғанда дәл осындай жәдігер Саян тауларынан бастап, Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау, Орал тауларынан бастап, Кавказдың етегі мен Кубань жерінен табыла бастады. Ол аздай, Каспийдің жағалауын айтпағанда, Анадолы жерінен де шыға келді. Ең ғажабы, бұл жәдігерлер бір-бірінен аумайды.



Сөйтіп, орыс ғалымдарының скиф пен сақтар мәдениетіне көзқарасы өзгере бастады. Сол кездері, Ресейдегі «Айқайым» деген жерден құнды ескерткіштер кешенін ашылды. Сөйтіп, енді олар өздерін «біз скифтердің жұрнағы» болармыз деген ұстанымға көше бастады. Осылайша көшпенділер мәдениеті мен тарихына көзқарас күн санап өзгере берді. Шынын айтқанда, көшпенділер тарихы мен мәдениетіне «меншікті» көзқарастан қазақ ғалымдары да кенде емес-тұғын. Әрине, оларды түсінбеуге болмас. Біріншіден, әлем археология ғылымындағы үстемдікке қарсылық болса, екіншіден, сол құнды жәдігерлердің дені қазақ жерінен табылып жатты. Бірнеше тарихи орындар ашылды. Беғазы-Дәндібай, Есік қорғаны, Берел қорғаны, тағы басқа көптеген кешендер бірінен соң бірі «мен мұндалап» шыға келді. Иә, бірақ, тарих пен мәдениетті зерттеу кешенді, өзге елдермен сабақтастыра отырып жүргізгенде ғана сәтті, әрі дұрыс болатыны белгілі. Ғылым мен тарих меншіктеуді сүймейді, ол қателікке ұрындырады. Міне, сондықтан да болар, соңғы жылдары тарих пен мәдениетті зерттеу саласында әркімнің «өз бақшасына» сүйреу үрдісі бұзылды. Өйтпесе, уақыт пен кеңістік деген ұғымдар тар қапасқа қамалды. Тарих пен мәдениет ұғымдарының түйінін тар қапаста отырып шығару мүмкін емес.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ғылымдағы осы бір жариялылықтың дұрыс болғандығын ашып көрсетті. Шынында да осы уақытқа дейін Евразия кеңістігінде қандай ұлы өзгерістер мен көші-қонның, тарихи катаклизмдер мен тартылыстар болғанын тек бір жәдігерлер тізімі мен оқиғалар тізбегі арқылы түбірлі көрсету мүмкін бе? Сондықтан да мақалада көрсетілген мына тұжырым сөзсіз шындық екенін мойындау қажет:
«Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.
Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.
Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді».
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарих пен мәдениетті зерттеу кезінде ғылымға қандай кең көзқарас, терең ұстаным қажет екенін концептуалдық тұрғыда айқын көрсетіп тұр.

Серік Ақынжанов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста