"Туындысын сандыққа салып тастаған". "Сыған серенадасы" әні қалай шыққан?

"Сыған серенадасы" әні 90-жылдардың ортасында халыққа кеңінен тарады. Бірақ туынды осыдан алпыс жыл бұрын жарыққа шыққан. Аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқов тірісінде бұл туындысын бүкіл ел сүйіп тыңдаған сәтін көрмей кетті. Massaget.kz тілшісі "Сыған серенадасы" әні қалай шыққанын баяндайды.

"Тасышы, тебіренші, О, гитара" дейтін бұл әннің авторы - вальс королі Шәмші Қалдаяқов. Сөзін ақын Қадір Мырза-Әли жазған. 

Шәмші Қалдаяқов бұл әннің шығу тарихын көзі тірісінде жалпақ жұртқа айтпаған. Бірақ өнер жолындағы әріптестеріне айтып бергені бар екен. Жазушы-драматург Исраил Сапарбаев бұл әннің тарихын Шәмші ағамыздың өз аузынан естіпті. 

Исраил Сапарбайдың сөзінше, бұл ән 1963 жылы шыққан. Ол Шәмші Қалдаяқов консерваториядан шығып қалған сәті екен. Оқудан шығып, ұнжырғасы түскен оның алдынан 3-4 сыған қызы шығып, бал ашып берген. Қалтасында бар 5 тиынын берген соң, "Сен өнер адамысың, болашақ ұлы адамсың" депті.

"Сенің көңіл-күйің жоқ екен. 2-3 күн біздің табырға барып, демал. Сенен ештеңе сұрамаймыз" депті сығандар. Сөйтіп, Шәмші ағамыз Алматыдағы қазіргі Тастақ ауданы тұрған жердегі табырға барыпты. "2-3 күн боламын деп едім, Изольда деген қыз екеуіміз бір-бірімізге ғашық болып қалдық. Күнде мейрам, күнде той екен. Содан не керек, бір айдан аса уақыт сонда болдым" деп айтты Шәмші ағамыз", - деп еске алды жазушы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, бір айдан кейін сыған тобыры Алматыдан Тәжікстанға қарай кетпек болады. Сонда Шәмші мен Изольда қоштасып, таңда сыған табыры шатырын жинап кетіп қалыпты.

"Кетіп бара жатқанда қыз қайта-қайта қарайды, көзінен жас ағып барады, мен де қимаймын, жүрегімді жұлып әкеткендей болды. Олар көкжиек асып кетті. Сол кезде ыңылдап, осы ән тұтас келді" дейді Шәмші ағам", - деп естелігін бөлісті Сапарбай.

Оның сөзінше, кейін Шәмші Қалдаяқов Алматыда ақын Қадір-Мырза Әлиді іздеп тауып, әнін қалдырып кеткен.

Артынша Исраил Сапарбай осы оқиғаның желісімен пьеса жазған, ол Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарында әлі де бар.

Ұлы сазгердің інісі Қадыр Қалдаяқовтың айтуынша, Шәмші бұл әнін бір әншіге берген, бірақ оның орындағаны ұнамапты. Сондықтан композитор туындысын сандыққа салып тастаған.

Кейіннен бұл әнді Рамазан Стамғазиев, Алтынбек Қоразбаев орындап, сахнаға шығарған. 

Бірақ "Сыған серенадасының" қазіргі нұсқасын 1998 жылы Тоқтар Серіков орындай бастады. Алғашында Ұлықпан Жолдасов әннің аранжировкасын келтіріп, "Сыған серенадасын" өзі айтпақ болған. Кейін жас әнші Тоқтар сұрап келгенде бас тарта алмапты.

"Салтанат Айбергенова деген апамыз бар, Төлеген Айбергеновтің қызы. Шәмші атамыз бірде Төлеген атамыздың үйіне келіп, осы әнді фортепианомен өзі айтыпты. Сонда Шәмші атамыз "Бұл әннің орындаушысы әлі дүниеге келген жоқ, дүниеге келіп, осы әнді жарыққа шығарады" депті. Салтанат апамыз менімен кейін арнайы кездесіп, осы естелігін айтып берген", - дейді Тоқтар Серіков.

Әнші бұл туынды бүгінде оның паспортына айналғанын айтады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста