Танымал композитор, көптеген хит әннің авторы Алтынбек Қоразбаев «Ұйқым келмейді» жобасында қонақ болып, жас кезінде Мақпал Жүнісоваға ән арнағанын мойындады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Егер шын ғашық болсам, алысқа жібермей, алып ұратын адаммын. Мақпал қуыршақтай, кішкентай қыз болатын. Оған әнді арнап жазғаным рас. Осыдан отыз жыл бұрын. Ол кезде Мақпал 21-22 жастағы қыз. Салмағы 25-30 келіден аспайтын шығар. Бірақ ән үшін жүрегі тасып тұрған, «Гүлдерде» жұлдызы жанып тұрған кез. Әбдірахман Асылбековтің сөзіне «Мәңгілік махаббатым» деген ән жаздым. Әнді арнап жазғаным рас. Ғашық болды деп, жүректі шаша беруге болмайды. Егер бәріне ғашық бола берсем, жүректен не қалады? Бірақ Мақпалды жақсы көрдім. Әніне, өнеріне ғашық болдым. Сол әнді кезінде Мақпал тамылжытып орындаған. 75 жылдық қарсаңында: «Мәке, есіңде ма? Осыдан отыз жыл бұрын «Мәңгілік махаббатым» деген әнді мен саған арнағам», — дедім. Зәкең барда оны жеңеше дейтінмін, қазір аға деп атайды», — деді Қоразбаев.