Жатақхана мәселесін шешуде ЖОО-ларға мемлекет қолдау көрсетуі керек пе?

Жатақхана мәселесін шешуде ЖОО-ларға мемлекет қолдау көрсетуі керек пе?


Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
– Кеңес Одағы кезінде де студенттерге жатақхана жетіспейтін. Одан кейін еліміз егемендік алған тұста көптеген оқу орындарының жатақханалары жекешеленіп, сатылып кетті. Сонымен, көптеген оқу орындары жатақханаларынан айырылып қалды. Бүгінде осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекеттік ЖОО-ларға жатақхана салу үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, жатақхана салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Расында да, қазір оқу орындарындағы жатақхана мәселесі күрделеніп тұр. Жатақхана жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында кейбір ЖОО-лар 1-2 курс студенттерін ғана жатын орынмен қамтамасыз етіп, ал жоғары курс студенттеріне «өз күніңді өзің көр» деуге мәжбүр болып отыр. Сондықтан бүгінгі күні оқу орындарындағы жатақхана мәселесін шешу күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып отыр. Аз да болса мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. ЖОО ақылы негізде де студенттер оқытып жатқаннан кейін кейбір оқу орындарына өз күшімен жатақхана салу туралы тапсырма да беріліп жатыр. Осы орайда алдағы уақытта бұл мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймын.


Қазбек ТӨЛЕБАЕВ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры:
– Жатақхана мәселесін шешу үшін ЖОО-ларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Қазіргі таңда бұл мақсатта жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ жыл сайын студенттер саны көбейіп келе жатқаннан кейін бұл мәселені тезірек шешу үшін жан-жақты көмек керек секілді. Мәселен, барлық оқу орындарына жатақхана салу үшін жер берілсе, жеңілдетілген несиелер берілсе, бұл бағыттағы жұмыстар тезірек жүрер еді. Біздің оқу орнында жатақхана жетіспеушілігіне байланысты, ең алдымен, жетім балаларды, одан кейін әлеуметтік жағдайы нашар студенттерді жатақханамен қамту көзделген. Алғашқы кезекте берілуі тиіс 600-дей жетім баланың аты-жөнін жазып, оқу ордасының сайтына іліп те қойдық. Енді келесі санат бойынша тағы жіктей береміз. Әрине, жатақхана жетсе, студенттердің барлығын бірдей жатақханамен қамтамасыз еткенге не жетсін. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жедел түрде жүргізіле беруі керек.


Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Әрине, жатақхана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдау керек. Оған қоса, қазір оқу орындарында ақылы негізде білім алатын студенттер өте көп. Бірақ сонша студенттен оқу ақысын жинап алып отырса да, оқу орындары өз беттерінше жатақхана салуға, студенттерін тиісті орынмен қамтамасыз етуге құлықсыз. Сондықтан белгілі бір дәрежеде ЖОО-лардың өздерін де осы мәселеге міндеттеу керек секілді. Жыл сайын әр нәрсені сылтауратып оқу ақысын қамбаттатуды білсе де, студенттерге тиімді жағдай жасауды білмей, бар ақшаны қалталарына басып отырған оқу ордасы басшыларына жатақхана салу туралы мемлекет тарапынан міндеттеме керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста