Жаңа туған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салу керек пе?

Жаңа туған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салу керек пе?


Герольд Бельгер, қоғам қайраткері, жазушы:
–Бұл күнде қазақтар арасында шет елдің есімінің мән-мағынасын өздері түсінбесе де, балаларына талғамай қоя беретіндердің саны көбейді. Байқадам деген жерде біреудің аты Кәрмеш болатын. Бұл аттың мағынасын сұрап көрсем, орыстың гармошкасынан шыққан екен. Осы өңірдегі тағы бір адамның аты Полас болып шықты. Оны да сұрастыра келсем, бұл қысқартылған сөз екен, Пушкин, Островский, Лермонтов, Арман, Сәбит деген аттардың алғашқы әріптерінен құралыпты. Одан бөлек соңғы жылдары ел ішінде Саддам, Саммит, Бен Ладен, Партия, Октябрь, Роман, Альберт, Роберт пен Мэльс секілді есімдер қаптап кетті. Бала кішкене күнінде есіміне мән бермегенімен, үлкейе келе ата-анасы жіберген қателіктер қиналып қалуы мүмкін. Құрдастарының мазағына айналып, қоғамның теріс көзқарасына ұшырауы да ғажап емес. Міне, осындай есімдер өте көп. Сондықтан, сөз жоқ, бұл мәселені заң жүзінде жөнге салу керек. Сондай-ақ бұл мәселеге дін жағынан да дұрыс қарау қажет. Мәселен, орыстарда дін қызметшілері балаға ат қоюда ескі Ресей жолын ұстанады. Менің бір жиенім жаңа туған қызына Аэрика деген ат қойыпты. Мағынасын өзі де білмейді. Шіркеуге барса: «ондай ат орыстарда болған емес, сондықтан қоюға болмайды, одан да Аня болсын» депті. Демек, бізде де елді бетімен жібермей, есімдерді реттейтін уақыт жетті.

Асылы Осман, қоғам және мемлекет қайраткері:
–Хадисте: «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру»,- делінген. Осы себептен, баланың тәрбиесі ең алдымен ата-анаға жүктеледі емес пе. Мұсылманда балаға әдемі ат қою, мүбарак есім беру басты шара. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңыз және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар» деген. Сондықтан балаға мейлінше иманды ата қойған абзал. Баланың болмысына, тегіне сай емес ат қойғаннан біздің ұта қоймасымыз анық. Ондай есімнен ата-ана қинала қойғанымен сол есімді иеленген адам қиыншылыққа тап болуы мүмкін.. Ал есім орынды қойылса мәселе басқа. Мәселен, Дінмұхаммед Қонаев атамыздың есімін айтсақ та жетіп жатыр. Кім білсін бірақ елді ширек ғасыр басқарған тұлғаға осы есім берілмегенде ол кісі елді басқарар ма еді. Жалпы қазақ ырымшыл халық қой. Соны естен шығармауымыз керек.   


Қызғалдақ Айтжанова, журналист:
–Қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін, бірақ адамның тағдыры есіміне де байланысты болады дейтін де сөз бар. Себебі,  кейінде өзіміздің емес, өзге елдің атақтыларына, одан қалды сериалдардағы кейіпкерлерге еліктейтін болған есімдер де бар. Енді оны түсіндіру қиын.  Бұл арада ол азан шақырып ат қоюшы адамның да өресіне байланысты мәселе.
Сондай-ақ біздің жұрт еліміздің атақты адамдардың есімін жиі  қояды сәбиге. Сондай тұлға болсын деген тілек жатыр астарында. Мұның да қандай да бір деңгейде әсері бар екен. Мәселен, психологтар балаға ұлы адамның есімін қою оған зор жауапкершілікті жүктейді дейді. Сөйтіп, ол бала жауапкершілікті жасынан сезіне отырып, тұлға болып қалыптасуын да жоққа шығармайтынын оқыған едік. Бұл да мүмкін.
Ал жалпы балаға есім беруде оны заңмен шектеу - белгілі бір мөлшерде адамның құқығын шектеу болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста