Темекі шегуге тыйым салу туралы кодекс өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?

Темекі шегуге тыйым салу туралы кодекс өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?

00127

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, сенатор

—Темекі туралы заңды қабылдай сала, оның тамырына түбірімен балта шабылады деп күту мүмкін емес. Себебі темекінің қазіргі уақытта тұтынушысы өте көп. Заңды біржақты қарауға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл заң арқылы біз темекі шегушілердің құқығын да бұзып жатқан тәріздіміз. Мәселен, адамдардың бәрін бірдей жұмыс орындары мен үйлерінің кіреберісінде темекі шекпеуге көндіре алмаймыз. Алайда бұл қабылданып жатқан заңның түбі нәтижелі боларына сенемін. Өйткені көптеген мемлекеттер темекімен күресу кезінде осы сатыдан өткен. Мәселен, АҚШ-тың қазіргі таңда темекі түтінінен азат қалалары бар. Демек, темекімен күрес түбі бір нәтижесін береді. Дүниежүзі бойынша қазір темекіге қарсы заңдар қабылданып жатыр. Заңды қабылдап қою аз. Оның жұмыс істеуіне нақты шаралар қолдансақ, уақыт өте келе бұл заңдар өз жемісін береді.

00231

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

— Рас, осыған дейін де қоғамдық орындарда темекі шекпеу туралы заң жарық көрген. Бірақ ол заңның орындалуы көңіл көншітпеді. Бұл заңның да өз күшінде жұмыс істейтініне сенбеймін. Себебі темекінің қолдаушылары жоғарыда отыр. Темекі деген – үлкен айналымдағы ақша. Сол ақшаның рақатын көріп отырғандар заңның да жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Жай ғана заңды қабылдап қою – көзбояушылық, заңның өз дәрежесінде жұмыс істеуіне жағдай жасау керек. Автобустардың қоғамдық орынға жататынын біле тұра, автобус жүргізушілерінің жолаушыларды тиеп алып, темекі шегуден қымсынбайтынын талай көрдік. Бұл – заңның әлсіздігінің көрінісі. Сондықтан сөзден гөрі нақты істерге көшпесек, бұл заңның да алдыңғы заңнан артықшылығы болмайды. Мәселен, арнайы түнгі клубтар мен мекемелердің алдында адамдардың темекі шекпеуін қадағалайтын полиция құрылуы керек. Полицияға темекі шеккендерді жауапқа тартатындай билік берілуі керек. Олар қоғамдық орындарда темекі шеккен адамдарды ұстап, әкімшілік жаза қолдануы тиіс. Ал автобустарда жолаушыны тиеп алып, темекі шегетін жүргізушілерді жұмыстан аластатып, ЖОО айналасында темекі шеккен студенттерді тіпті оқудан шығару туралы мәселе көтеру керек. Қоғам болып осылайша заңға қолдау білдірсек қана заң орындалады.

00319

Қазбек ТӨЛЕБАЕВ, медицина ғылымының докторы:

– Бұл заң бұрыннан темекі шегетіндерді қойдыра алмайды. Сондықтан ең болмаса келер ұрпақты темекіден аластатуға қызмет етуі керек. Осыған дейінгі заңның өз дәрежесінде жұмыс істей алмағаны – шындық. Бұл заң бойынша темекі өндірушілерге темекі құрамындағы 18 түрлі зиянды затты түгел көрсетуге көндіре алмасақ та, 18-дің үшеуін үш-үштен әр жыл сайын ауыстырып жазу туралы келісім жасалды. Осылайша заңды бірте-бірте қатайтып, күшейте берсек, уақыт өте оның нәтижесі боларына сенемін. Темекі құрамындағы зиянды заттарды түгел көрсетуге әлі күнге қол жеткізе алмай келе жатқанымыздың өзі темекі өндірушілердің мықтылығын көрсетеді. Мықты болатын себебі: олардың қолында мол ақша бар. Сол мол ақшаның көмегімен өз қолдаушыларын тауып отыр. Алайда алдағы уақытта мұның бәрі дұрыс жолға қойылатынына сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста