Сырттай білім беру бөлімдерін жабу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Сырттай білім беру бөлімдерін жабу керек» деген пікірмен келісесіз бе?


Құралай КӘРІБАЕВА, Экология және орнықты даму институтының директоры:
– Сырттай оқу бөлімдерін жабу дегенге мен мүлде қарсымын. Сырттай оқу – отбасылық жағдайы төмен ауыл балаларының жоғарғы білім алуына мүмкіндік беретін бірден-бір жүйе. Сонан соң жұмыс істеп жүріп оқитындар тәжірибе мен білімді ұштастырады. Күндізгі бөлімді бітірген балаларды тәжрибесі жоқ деп жұмысқа қабылдамай жататын кездер де болады. Ал, сырттай оқығандарда жұмыс тәжірибесі деген проблема болмайды. Тағы бір айта кетер нәрсе, мысалы, колледж бітірген балалар жұмысқа тұрып, сосын жоғарғы оқу орнына сыртай түседі. Бұл оларға жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Ал, күндізгі бөлімде оқуға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді. Енді, білім сапасы жайлы айтар болсақ, сырттай бөлімде білім сапасы төмен дегенмен келіспеймін. Сапалы білім алу ең алдымен әр адамның байланысты. Мысалы, күндізгі бөлімде оқыған жастардың арасында да білім деңгей төмен, біліксіз мамандар толып жүр. Керісінше, сырттай оқып бітірген білікті мамандар, ғалымдар да бар. Білім алғысы келген адам талпынады, жол іздейді, бар мүмкіндікті пайдаланады. Сонан соң білімсіз балалар үшін «дұрыс білім бермейді» деп мұғалімдерді сөге беруге де болмайды. Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысын, мәртебесін көтеруді қарастырса дұрыс болар еді. Талап ету үшін, алдымен жағдай жасау керек.


Мұрат ӘБЕНОВ, қоғам қайраткері:
– Бүгінгі таңда сырттай оқытатын бөлімдерде білім сапасы өте төмен екенін мойындауымыз керек. Білім министрлігінде вице-министр болып қызмет атқарған тұста біз осы салаға зерттеу жасадық. Белгілі болғаны, бүгінгі таңда мектептерде білім беріп жүрген мұғалімдердің 30 пайыздан астамы жоғарғы оқу орындарын егемендік алғаннан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде сырттай оқып, диплом алғандар екен. Зерттеу қортындысы мектептердегі білім сапасының төмен болуына осы бір жағдайдың тікелей әсері бар екенін көрсетті. Сондықтан бүгінгі таңда сырттай оқу бөлімдерін қашықтан білім алу жүйесімен алмастырған дұрыс. Сырттай оқитындар жылына екі рет не бір рет 30-40 күн мұғаліммен тікелей байланысты болады да, жылдаң қалған 11 айында оқу туралы ойлай қоймайды. Ал қашықтан оқу жүйесінде студент пен мұғалім интернет арқылы үнемі байланыста болады. Уақытылы тапсырма алып, уақытылы орындайды. Сонан соң, қашықтан оқытудың тағы бір артықшылығы – студенттің білім деңгейін мұғалімнен өзге адамдардың да тексеріп, бақылауына болады. Яғни, мұғалім студентке жайдан-жай баға қоя салмайды. Қашықтан оқыту – бұл заман талабы. Жалпы, заман желісіне орай, бар сала жаңаша дамуы тиіс. Қазіргі кезде білім саласына тапсырыс беретін де, қаржыландыратын да, бақылайтын да, білім сапасының деңгейіне баға беретін де мемлекет. Келешекте бұған өзгеріс енгізілуі қажет. Мысалы, мамандарға тапсырыс беруге бизнес араласуы керек. Ал, бақылауды қоғамдық ұйымдар жүргізуі тиіс. Егер осы талаптар өз деңгейінде амалға асса, білім саласында көп ілгерілеу болары анық.


Қуат ШАЙПАУҰЛЫ, ҚазҰАУ-нің профессоры:
– Бүгінгі таңда сыртқы бөлімдер қашықтан оқыту бөлімдерімен алмастырылып жатыр. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені, бұрын жұмыс істеп жүрген мамандарға қызметтен қол үзбей жоғары білім алуға сырттай оқу бөлімі мүмкіндік беретін. Мұның артықшылығы – тәжірибе мен теория ұштасып жататын. Ал қазір ауылда жұмыс жоқ. Яғни, тәжрибе біліммен ұштаспайды. Демек бұл жерде сапа болмайды. Не дұрыс тәжірибесі, не дұрыс білімі болмаған соң ондай маманды ешкім жұмысқа да алмайды. Демек, ата-анасының ақшасы желге ұшады. Сондықтан білім саласында жаңа жүйе – қашықтан оқыту жүйесіне көшу қолға алынып жатыр. Бұл жүйе бойынша толық білім алуға мүмкіндік бар. Әрине, сыртай оқу бөліміне қарағанда қашықтан оқытудың бағасы қымбаттау. Дегенмен, бұл жүйенің сырттай оқу бөліміне қарағанда берері көп екені ақық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста