Қырғыз көліктерінің мәселесін біржолата шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Қырғыз көліктерінің мәселесін біржолата шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?


Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-ғалым:
- Ең қызығы, біздің елімізге сенімхатпен еніп алған Қырғыз елінің көліктері елімізде жүрсе де, жолдарымызды пайдаланса да олар сол Қырғызстанға салық төлейді де, бізге мүлдем салық төлемейді. Өйткені ол көліктердің заңды иесі Қырғызстанда. Сондықтан бір ғана салық төлету шарасын қарастыру арқылы бұл көліктердің мәселесін шешуге болады.  Қазақстан аумағында болғаннан кейін, біздің еліміздің ішкі заңын сыйлауға, оны орындауға  кез келген азамат міндетті. Сондықтан жол сақшыларының қырғыз көліктерін жіті тексеріп, құжаттары жоқтарына әкімшілік шаралар қарастыру керек. Себебі ол көліктердің дені біздің елде уақытша жүрген жоқ. Бұл ендігі бесенеден белгілі болды. Қазір көптеген тұрғындарымыз «Қырғызстан Кеден одағына мүше болса аталған елден тасымалданып жатқан көліктерді оңай заңдастыра аламыз» деп ойлады. Дегенмен бұл қате ұғым. Өйткені Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өтіп жатқан көліктер еуро-4 стандартына сай емес, басым бөлігінің рулі оң жақта.  Ал біз әлдеқашан елге оң жақ рульді көліктердің енуіне тыйым салдық. Тіпті Қырғызстан Кеден одағына өтіп жатса да, Қазақстанның көлік тасымалына қатысты бар талапты оңай орындай салмасы анық. Сондықтан бұл жерде заңды қатаңдату керек.


Марал Төртенова, экономист-сарапшы:
- Бұл жерде ескеретін дүние - Қазақстан Кеден Одағына енгеннен кейін кедендік баж салықтарының мөлшері өзгерді. Ол Кеден Одағының барлық елдеріне бірдей болды. Осыдан барып  Қырғыз елінен және Кеден Одағының елдеріне әкелінетін автокөліктердің кедендік баждарының арасында әжептәуір айырмашылық туындады. Қырғызстанда автокөліктердің бағасы арзан болғандықтан, Қазақстанның азаматтары Кеден Одағының заңдық талаптарын ескермей қырғыздардан көлік сатып ала бастады. Мысалы, біздің кедендік баждар Кеден Одағының аумағында кеңінен таралған  автокөліктерге бір текше сантиметрі 4 евроны құрайды. 2006-2007 жылы шығарылған «Фольксваген» және «Тойота» автокөліктерінің қозғалтқыш көлемі 2500 текше сантиметр десек, сол 2500-ді 4-ке көбейтеміз. Көбейткенде 10 мың евро шығады. Бұл дегеніңіз- 2 миллион теңгеден асып кетеді.  Осылайша, автокөліктерді рәсімдеу кезінде кедендік баждар және салықты төлеу мөлшері сатып алынған көліктің бағасынан асып кетеді. Осы жайттарды ескеріп айтар болсақ, меніңше, қырғыз көліктері ішкі нарықты соншалықты жаулап алып жатқан жоқ. Сондықтан әлеуметтің жағдайына қарай арзан қырғыз көліктерін елге енгізуге рұқсат беру керек.


Дәурен Арын, заңгер:
- Біз отандық көлік паркін еуро-4 стандартына сай келмейтін, сапасыз көліктерден тазартуымыз керек болғандықтан елге Қырғыз көліктерінің енуіне шектеу қоя бастадық. Қырғызстаннан келген көліктерге байланысты осы уақытқа дейін қаншама хаттама толтырылып, көлік иелеріне әкімшілік жаза тағайындалған. Алайда айыппұлдардың басым бөлігі  өндірілмей жатыр. Бұл жерде шикілік көп. Сондықтан еліміздің Сыртқы істер министрлігі, кедендік комитет, жол полициясы – барлығы бірігіп, бұл мәселенің тиімді шешілу жолдарын қарастырып, қолданыстағы заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын әзірлеп, депутаттар корпусына жіберулері керек. Халық қалаулылары да мұның оңтайлы шешілуіне атсалысып, мәселенің одан әрі ушығуына жол бермей, бір ретке келтіретін уақыт жетті деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста