Қоғамдық орындарда сүйіскендерге айыппұл салу керек пе?

Қоғамдық орындарда сүйіскендерге айыппұл салу керек пе?


Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы:
– Қазір ғаламторда қазақстандық бір портал қоғамдық орын­дар­да сүйісуге байқау жариялапты. Сүйістен сайыс өткізу дегенді мен мәдениетсіздіктің, әдепсіздіктің белгісі деп түсінемін. Шыны керек, бұл – өте анайы жоба. Бұл – белгілі бір қоғамдық эти­каға, моральға сай келмейтін нәрсе. Мұндай бастаманы ұйымдастырып отырғандар, меніңше, ұлттық мәдениеттен жұрдай адамдар. Әйтпесе бұл – қазақы ұғымға жат дүние. Егер мұндай жарысты Бельгияда, Испанияда өткізетін болса, мүмкін бұл ол жақтан қолдау табатын шығар. Бірақ біздің қоғамда бұл бастаманы ешкім қолдамайды. Сондықтан осы елдің азаматы ретінде айтарым, мұндай бастамалар­ды қолдаудың керегі жоқ, қайта, керісінше, айып­тап, келесі жолы мұндай жобаларды жүзеге асыратындай мүмкіндік бер­меуіміз керек. Тіптен тыйым салып тастағанымыз жөн. Тағы да қай­талап айтамын, жалпы, ұрпақты азғындайтын, еліміздің ұлттық мәде­ниетіне, ғұрпына нұқсан келтіретін жобаларға айыппұл салып, енді қайта болмастай етіп жолын кесуіміз қажет. 


Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылым­дарының докторы, профессор:
– Мен тек айыппұл салып қана қоймай, ондайларды кө­шенің ортасында тұрғызып қойып сабау керек деп есептеймін. Әйтпесе мұсылман мемлекеттерінде, тіпті көрші тұрған Өзбекстанда мұндай сорақылықты көрмейсің. Неге? Өйткені онда ұлттық, рухани құндылықтар жақсы сақталған. Бізде «неғылар дейсің?» деп немқұрайдылық танытып жатады. Бұл деген біздің ұлттық құндылықтарымыздың құнсыздануын көрсетеді.  Жасыратыны жоқ, қазір біз деградациялық жағдайда тұрмыз. Мысалы, Египет заңдылығына сәйкес, қоғамдық орында сүйіскені үшін екі адамды да екі жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Тіпті онда сұлулық конкур­сын өткізуге рұқсат етілмейді, яғни тыйым салынған. Ма­лайзия­да қоғамдық орында сүйісу, құшақтасу және басқа да жат құбылыстар үшін ақшалай айыппұл қарастырылған. Қа­лай десек те, біз халқымыздың менталитетіне жат мұндай келең­сіз қылықтардың тамырына балта шабуымыз керек.


Мақсат РАДЖҰЛЫ, радиожурналист:
– Соңғы кездері жиі айтыла бастаған осы әрекетке өз ба­сым қар­сымын. Сүйісуге қарсы емеспін, бірақ қоғамдық орын­­дарда, далада, көше­нің қақ ортасында тұрып сүйісуге қар­сымын. Қыз бен жігіт сүйіспесін деп тұрған жоқпын, деген­мен сәл бір өздерін ұстамды ұстаса жеткілікті. Көшенің қақ орта­сын­да, дем алатын орындарда, бірінің үстіне бірі шығып алып, ауыз­дан бастап, түгел тамақты жалап шығады. Бұл, шыны керек, ерсі қылық қой. Сөз жоқ, көшеде серуендесуге, қызбен қы­дыру­ға, дем алып сөйлесуге, әңгімелесуге болады, ол – әдемі кө­рініс. Қолдарынан ұстасып жүргенде де ештеңе жоқ деп ой­лай­мын, ол – махаббат. Ал енді адамдардың ортасында сүйісу (айта берген де ыңғайсыз екен) – бізге жат қылық. «Қызға қы­рық үйден тыю» деген қазақтың керемет мәтелі қайда қалады сон­да? Бұған тыйым салыну керек. Бұл үрдісті тоқтату керек. Ке­рек болса, заңмен де шектеп тастағанымыз дұрыс. Әйтпесе мұның арты жақсы­лық­қа апармайды. Егер қыздың ары жоғалса, қоғам құрдымға кетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста