Қиын кезеңде құшағын кең жая қарсы алған қазақтың ықыласын кейінгі ұрпақ ұмытып бара жатқан жоқ па?

Қиын кезеңде құшағын кең жая қарсы алған қазақтың ықыласын кейінгі ұрпақ ұмытып бара жатқан жоқ па?

 

Роман Ким, Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы:

– Басқаны білмеймін, бірақ біз, яғни корейлер, қазақтарды қазір де өз бауырымыздай жақсы көреміз. Біз корей жастарының басын қосып, әр жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырып, сол зұлмат кезеңнің ауыртпашылықтарын және қазақтардың қалай қол ұшын бергенін сөз етеміз. Жалпы, қазіргі кезде «халықтар достастығы», «толеранттық» деген терминдер жиі айтылып жүр. Мен айтар едім, әлемде нағыз толерантты бір халық бар болса, ол – қазақ. Сондықтан ресми мінберлерде тұрып алып, қазақтарды толеранттыққа шақыру жараспайды. Қазақтың табиғаты мен болмысы сол толеранттықтан құралған. Ондай мінезді саяси күштеу арқылы қолдан қалыптастыру мүмкін емес.

Артуш Карапетян, Қазақстан армяндар қауымдастығының төрағасы:

– Иә, кейінгі ұрпақ сол нәрсені ұмытып бара жатыр. Жаңа ұрпақ пен аға буынның арасында ой сабақтастығы жоқ. Кейде оларға сол заман жайлы айтып түсіндіру мүмкін емес.
Армяндар Қазақстанға 1937 жылдары көшіп келді. Армяндар, расында да, қиын-қыстау заманға тап болған еді. Көшіп келген кезде қазақтардың дарқандығының арқасында ғана осы далаға сіңіп кеттік. Мысалы, менің ата-анам келе салысымен көп жылдар бойы қазақ отбасының үйінде қоныстанды. Әлгі қазақ жатсың деп бөліп жатпай, үйіне кіргізіп алып, «сенің наның – менің наным» деместен, дастарқанын тең бөлісіпті. Сонда өзінің де балалары тоя тамақ жеп жүргені шамалы. Соған қарамастан, біздің аталарымызды аштықтан аман алып қалған екен. Сол қазақтың ұрпақтарымен қазірге дейін жақсы араласып тұрамыз. Бірақ қазіргі жас буынға қазақтың сондай асыл мінезі бар екенін жеткізе алмай келеміз. Адамдар өзгереді, құндылықтар өзгереді. Жастардың санасына аштықтың қалай қысатындығын түсіндіру мүмкін емес. Себебі өздері сезіп-білмеген соң сенбейді. 

Павел Феодориди, Қазақстан гректер қауымдастығының төрағасы:

– Менің ойымша, қазақтардың өзге халықтарға деген пейілінде де, өзге халықтардың жергілікті халыққа деген көзқарасында да айтарлықтай өзгеріс жоқ. Сол замандағы қазақтардың еңбегі жадымыздан ұмыт қалып жатыр деп ойламаймын. Аға буын өзінің немерелеріне сол кезеңдер жайлы айтып беріп жатыр. Біз бұл туралы арнайы жиындар, сұхбаттар ұйымдастырып тұрамыз. Көргеніміз бен білгенімізді айтамыз. Біз алғаш келген кезде қазақтармен бірге олардың киіз үйлерінде өмір сүрдік. Асын бөліп іштік. Жалпы, менің дүниеге келуім сол депортация кезеңімен тұспа-тұс келген екен. Өз басым қазақтардың дарқандығын көп көрдім.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста