Қазіргі көркем шығармаларда еңбек адамының бейнесі қалай сомдалып жүр?

Қазіргі көркем шығармаларда еңбек адамының бейнесі қалай сомдалып жүр?


Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері:
– Қазір көркем шығармаларда еңбек адамының бейнесін сом­дамақ түгіл, олар жайлы жазудың өзі күлкілі сияқты кө­рі­неді. Себебі Кеңес өкіметі тарағалы бері әдебиеттің алдына ең­бек адамы жайлы жазу міндеті қойылған жоқ. Оның үстіне, қазіргі таңда адамдар да тап-тапқа бөлінбейді. Еңбек адамы бол­маса партия қайраткері деген сияқты ұғымдар жоғалғалы қа­шан?! Ал әдеби шығармалар мен кино саласында болсын ең­бек адамы жайында жазбаудың, түсірмеудің бірден-бір себебі – екі арадағы байланыстың үзілгені. Бұрынғының жазушылары ауыл-аймақтарды, зауыттарды,цехтарды аралап, еңбек адамдарының тыныс-тіршілігінен хабардар болған. Ал қазір қара металлургия болсын, Соколов-Сарыбайда болсын, ауыр индустрия болсын олардың маңына жолау мүмкін емес. Қор­шалған қорғандардың сыртынан қайтамыз. Сол себепті қазіргі жа­зушылардың шығармаларындағы еңбек адамы ауылдың ада­мы сияқты. Солардың бейнесін суреттеп, бұрынғы өт­кен­дер­дің еңбегін жазумен шектеледі. Оның үстіне, қазіргі оқыр­манды еңбек адамы жайлы тақырып қызықтырмайды.

Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы, мәдениет сарапшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
– Әдебиетті белгілі бір деңгейде қоғамдық  өмірдің, қоғамдық идеал­дардың айнасы десек, бүгінгі әдебиеттің басты объектісі еңбек ада­мы дей алмаймыз. Бұрынғы біртұтастық жойылып,  қоғам әлеу­мет­тік таптарға бөлініп кетті және бұл ретте таптық, топтық жіктелу қат­ты байқалады. Біздің қоғамда адал еңбектің қадірі қатты түскен. Әде­биетте  еңбек адамы бейнеленбей қалған жоқ, бірақ көбіне жасампаз ең­бек адамы емес, айналасындағы алаяқтық, арамдықпен күрескен, сондай-ақ көп қиындық, қиянат көрген адамдар көбірек бейнеленеді, яғни бү­гінгі әдебиетте кейіпкерлердің әлеуметсізденуі басым. Зерттеу объектісі бүгінгі өмір, бүгінгі адам болып келетін повестер, әсіресе әңгімелерде бүгінгі өмір әр қырынан көрініс береді. Жаңарған ұрпақ, өзгерген, шираған психология, жаңа дүниетанымның орнығуы, Тә­уел­сіздіктің тәтті дәмі – бәрі бар. Бүгінгі көркем шығармаларда елінің, жерінің, ұрпағының бүгіні мен ертеңіне алаңдайтын кейіпкер мол. Бірақ олардың «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» болып жүргенін сирек көреміз. Еңбек басты құндылықтардың біріне айналған жағдайда олар қоғамды алға тартуға дайын қаһармандар. Демек, әдебиетте де еңбек адамын, жасампаздықты паш ету кезеңі енді басталатын сияқты.

Жаңабек ЖЕТІРУОВ, кинорежиссер:
– Қазіргі заманғы шығарманың қайсысында болсын еңбек ада­мының бейнесі мүлдем сомдалып жүрген жоқ. Мысалы, кино са­ласында бұл тақырып түбегейлі жоғалған. Кеңес өкіметінің тұ­сында «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөздер жиі айтылатын. Себебі еңбек басты назарда еді. Халықты да сол ең­бек тәрбиелеген. Ал қазіргі жастардың түсіріп жатқан фильм­дерінің басты тақырыптары – қалалық жастардың өмірі. Себебі қо­ғам­ды сол қызықтырады. Фильм дегеннің өзі де – халықты қы­зық­тыру, еліктіру, тәрбиелеу деген сөз. Өкінішке қарай, еңбек және ең­бек адамы тақырыптары қазір іш пыстырарлық тақырыптарға ай­налған. Оған қарағанда махаббат, түнгі өмір, қыз алып қашу, кө­ңіл көтеру орындары жайлы түсіруді жөн көреді. Атыс-шабыс, ал­дау-арбау және сол бандалардың, қазіргі тілмен айтқанда, «ма­фия­лардың» бастығын сомдау еңбек адамын сомдауға қарағанда тиім­ді болған. Осыдан алты жыл бұрын «Дүние жарық» деген филь­мім­ді түсірдім. Еңбек адамының образы сол фильммен тоқтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста