Қазақтілді интернет ресурстарын дамытудың қандай тиімді жолдары бар?

Қазақтілді интернет ресурстарын дамытудың қандай тиімді жолдары бар?


Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, «ҰЛТ TIMES» апталық газеті бас редакторының орынбасары:
– Бүгінде бұл мәселе аз талқыланып жатқан жоқ. Меніңше, қазақтілді интернет ресурстардың дәл қазіргі жай-күйі мемлекеттік тілдің қоғамның әр саласында қаншалықты кеңінен қолданылатынын айғақтап тұр. Қалай десек те, қазіргідей ақпараттық дәуірде қай салада болмасын, қазақ тілінде мәлімет алу сын көтермейтін дәрежеде, сәйкесінше, ғаламторда да солай. Яғни «қазақтілді интернет ресурс­тар­ды қалай дамытамыз?» деген мәселе – «қазақ тілін қалай дамы­тамыз?» дегенмен пара-пар дүние. Негізінде, ана тіліміз ең бай тіл ғой, тек қолдануында проблемалар қордаланып жатыр. Бүгінде мемлекеттік тілдің жалпыұлттық деңгейге көтерілуіне қоғам да үлес қоса алады. Әрбір қазақтілді қолданушының ғаламторға ақпарат салуға мүмкіндігі бар. Дәл қазір бұған журналистер мен блоггерлер қауымы ғана үлес қосып жатыр. Техникалық маман иелері, тіпті қарапайым автокөлік жөндеушісі де өз білгенін интернетке салып жатса, пайдасы молынан болар еді. Ал ол үшін интернетке қолжетімділік мәселесін шешіп алуы­мыз қажет. Себебі бүгінде қазақ тілінде түс көруге қабілеттілердің дені ауылда тұрады. Меніңше, интернет олардың түсіне де кіріп жүрген жоқ.


Аршат ОРАЗОВ, IT маманы, блоггер:
– Қазақтілді интернет ресурстардың саны артып келеді, бірақ мазмұн сапа­сы өсіп жатқан жоқ. Ең алдымен, интернетке берілетін мазмұн интер­нетке сай болуы керек. Мысалы, газеттегі материалдың интернет нұс­қа­сында дәл көшірмесінің берілуі шарт емес. Интернет форматы бөлек, газет форматы бөлек. Соған лайықтап, ықшамдап, лид жазылып, басты жер­лері ерекше белгіленіп, көмекші суреттермен безендіріліп бері­луі қажет. Яғни интернет қолданушының қабылдауына сай болуы қажет. Одан кейінгі мәселе – ақпаратты жеткізу. Жақсы мақала шығуы мүмкін, бірақ оны оқитын адам саны аз болып шығады. Неге? Ақпарат жар­на­ма­­ланбайды, жетпейді. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілер арқылы тарату – ең тиімді жол. Осыны ескеріп жатқандар аз. Сондай-ақ әр мақала іздеу жүйелеріне тез ілігетіндей болуы керек. Бұл үшін ілмектер қосылуы шарт және іздеу жүйелерінің сайты оңай тарап шығуы үшін техникалық мүм­кіндіктер қосылуы қажет. Қысқаша айтар болсақ, контент сапасына көңіл бөлінсе және ақпаратты жеткізу ісімен дұрыс айналысса, қазақтілді сайт­тар танымал бола түседі және дамиды. Осылайша, болашақта жақсы жар­нама алаңына айналатын болады, бұл – сайт өз жұмысын ақтап, табыс әкеледі деген сөз.


Ардақ ҚҰЛТАЙ, Massaget.kz танымдық, ойын-сауық порталының контент-менеджері:
– Біздікі ұсыныс болсын. Ең бірінші, әрине, мемлекеттік деңгейде арнайы бюджет бөліп, бағдарлама жасау керек. Жас болсын, жасамыс болсын, әр аудиторияға сай жасал­ған порталдар қызмет етуі тиіс. Мұның ішінде сервистік қызмет ұсы­на отырып, мәдениет, әдебиет, саяси-әлеуметтік орта және жалпы жаңалықтарды сапалы түрде бере алатын маман­дардың кадрын дайындау бар. Интернет журна­лис­ти­каның қыр-сырын оқытатын арнайы мамандықтардың жоқ­тығынан сапалы журналист таппайсыз. «Ас ішерденің» әдетіне салып, өзге халықтардың үлгісін «ұрлаймыз». Ин­тер­­нет ресурстың тағы бір дамымай жатқандығын елдегі қағаз­бас­тылық дәстүрінің сақталуымен түсіндірсе әбден болады. Қазір интернет арқылы жеке құжат тіркей аласыз. Мұны біліп жат­қан халық жоқ. Интернет – біз үшін шикізат. Оны өндіру үшін жаппай насихат жұмыстарын жасау керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста