Қазақстанда мерекелер саны қысқара ма?

Қазақстанда мерекелер саны қысқара ма?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі мейрам сандарын қысқарту жайлы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мерекелер туралы" заңға сәйкес Қазақстанда ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер тойланады. 

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

"Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелерде ғана демалыс беріледі", – делінген хабарламада. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, демалыс және мекере күндері жұмысшыларға еңбекке қабілеттігін қалпына келтіру, демалу, денсаулығын және өзге де қажеттіліктерді өтеуге арналады. 

"Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау және тұрғындардың басым бөлігінің әлеуметтік қызығушылығын сақтау негізінде мереке күндерінің саны қысқармайды", – деп қосты ведомство өкілдері. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста