«Қазақстан – ұлттар достығының лабораториясы» деген ұғымды өзгертетін кез келген жоқ па?

«Қазақстан – ұлттар достығының лабораториясы» деген ұғымды өзгертетін кез келген жоқ па?


Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
– ХІХ ғасырдың басында Орталық Азиядағы түркітілді халықтар ішінде саны жағынан көбі қазақ болған. Бірақ ХХ ғасырдың 25-30 жылдары ұлтымыз еселеп күрт азайған. Бұл – ұжымдастыру, қолдан жасалған ашаршылық, репрес­сия секілді геноцидтің салдары. Сол себепті біз 90-жылдарға дейін азшылықта болып келдік. Саяси мақ­сатта түрлі этнос жерімізге қоныс тепті. Сондықтан осыған дейін «Қазақстан – ұлттар достығының лабораториясы» деп мақтанып келдік. Шүкір, Тәуелсіздіктің 20 жылы барысында титулдық ұлт санын 70 пайызға арттыруға мүмкіндік алдық. Осы жағынан алғанда, әлгі ұғымды ақырындап ұмыта бас­тауы­мыз керек. Бірақ бірден саяси реңкте емес. Әлі де де­мог­рафияны жандандырып, білімдегі, ғылымдағы өз ұлты­мыз­дың санын арттыру қажет. Еңбекте де, білімде де, ғылымда да озық қазақ болғанда, бұл ұғым өздігінен біржола жойы­ла­ды. Шамамен 25-30 жыл көлемінде.


Әбдімәлік Нысанбаев, философия ғылымының докторы, профессор:
– Кеңес өкіметі кезінде «Қазақстан – ұлттар достығының лаборато­риясы» деген ұғым болды. Ол қазақтың тілін, ділін, дәстүрін білдірмей жоюдың фор­муласы еді. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Кеңестің ойлап тапқан осын­дай ұғымдарына қарсы жасалған қадам болып табылады. Демек, уақыт мұндай саясаттың утопия екенін дәлелдеді. Тіл жойылған жерде мем­лекет те жойылады. Мағжан Жұмабаев бастаған Алаш қайраткерлері мұны терең түсіндіріп айтып кеткен. Тәуелсіздік алған кезде қазақтың 40 па­йызы ғана ана тілінде сөйледі. 2020 жылы бұл деңгей 80 пайызға же­­те­ді деп болжанып отыр. Оның орындалатындығына күмәнім жоқ. Бү­гін қазақ шешуші рөл атқаратын ұлтқа, мемлекетті құрушы басты субъект­іге айналды. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Заң алдында Қазақстан халқы бірдей, тең құқылы. Осы жағынан алғанда, ұлтты төмендетуші ұғымдар келмеске кетті. Ол үшін жұмыс істеліп те жатыр. Бастысы – барлық күшті қазақ ішіндегі бірлікті, ынтымақты нығайтуға жұ­мыл­дыру керек. Сонда біз ел дамуының «Қазақстан – 2050» стратегиясы бағда­р­ла­ма­сын сәтті жүзеге асырып, Орталық Азияның азулы барысына айнала аламыз.     


Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:
– Елбасымыз таяудағы Қазақстан халқы Ассамблеясында болған жиында: «Біз өз алдына қалыптасқан мемлекетпіз. Сондықтан мұнда тұрып жат­­қан халық ұлтына, нәсіліне қарамастан, қазақ тілі, қазақ мәдениеті ма­ңында топтасуы тиіс», – деп мәлімдеді. Осы жағынан алғанда, сөз етіп отыр­ған ұғым өзіндік мән-мағынасынан айырыла бастады деп нық айтуға бола­ды. Дегенмен Отанымыздағы тұрақтылық, тыныштық, ең алдымен, қазақ үшін маңызды. Сол себепті мұндай әңгімені бізге жиі қозғаудың қажеті жоқ. Білуім­ше, Тәуелсіздік алғалы бері «Қазақстан – ұлттар достығының ла­бо­ра­ториясы» деген сөз де көп айтыла бермейді. Ол ұмытылып барады. Оған үлес қосқы­мыз келсе, оны мүлде еске алмағанымыз жөн. Қалай де­ген­мен де, унитарлы Қазақ мемлекетін құрдық деу үшін кемінде біздің са­ны­мыз 80-85 пайызды қамтуы тиіс. Оған дейін этнос пен ұлыстар ара­сын­дағы шие­леністі болдырмау, бізді жікке бөлді дегізбеу үшін этносаралық дос­тықты, бір­лікті, ынтымақты жиі айта беруіміз керек. Одан бір саяси астар­ды іздеудің қа­жеті жоқ. Басты мақсатымыз – мультимәдениеттен бас тарту. Осы мүдде­міз­ге жеткенде, Кеңестен қалған әлгіндей ұғымдар санадан мүлде өшеді, оған сенімдімін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста