Отбасы күніне жалпыхалықтық сипат беру үшін не істеу керек?

Отбасы күніне жалпыхалықтық сипат беру үшін не істеу керек?


Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, Қазақстандағы Тең құқық пен мүмкіндіктер институтының директоры, балалар психологі:
– Негізі, отбасы күніне жалпыхалықтық сипат беру үшін нақты белгілі бір күнді отбасы күні ретінде белгілеу артықтық етпес еді. Бәрі­бір халыққа отбасы күні керек. Халықтың отбасы күнін қажет еткенінің бір белгісі – осы уақытқа дейін дүниежүзілік отбасы күнін, яғни 15-мамырды халық отбасылық мереке ретінде қабылдап келді. Енді өз еліміздің отбасы күні ретінде қыркүйек айының екінші жексенбісінің белгіленуі осы олқылықты толтырды деп ойлаймын. Әйтсе де ендігі жерде отбасы күніне жалпыхалықтық сипат беруді, барша халықтың көңілді бір мерекесіне айналдыруды ойлауымыз керек. Шынын айту керек, қазір елімізде отбасылық мәселелер өте көп. Шаңырағы шай­қалып, ажырасып жатқан отбасылар да жетерлік. Біз сондай мәсе­лелердің астарына үңіліп, оларды шешу жолдарын қарас­тыруымыз керек. Жалпы отбасы күні отбасылық шараларды көбірек ұйым­дастырып, басында баспанасы жоқ жас отбасыларға арналған жатақ­ханалар салып, оларды сол күні баспаналы ету жолдарын қарастыру керек, дәл осы күні көп балалы аналарға құрметті арттыру қажет деп санаймын.


Қаламқас АЛМАСБАЕВА, Алматы қаласын­дағы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін аралас мектептің директоры:
– Отбасының татулығы, ата-ананың ауызбіршілігі тікелей баланың тәр­биесіне, сапалы білім алуына әсер етеді. Сондықтан ертеңгі болашағымыз жарқын болсын десек, еліміздегі әрбір үйде отбасылық мәселелер бол­мауына назар аударуымыз керек. Отбасы күні де осы отбасындағы ауызбіршіліктің берекесін арттыратындай іс-шаралар ұйымдастырылса деп ойлаймын. Осы күні еліміздегі отбасылар арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, олар үлгілі отбасы ретінде дәріптелсе, әрбір отбасы соларға қарап бой түзейтіндей мүмкіндік туғызылса нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы, біз де тәрбие ошағы ретінде мектептің өміріне ата-аналарды жиі араластыруды көздейміз. Осы орайда мектептегі әкелер кеңесін құрып жатырмыз. Қазір мектептегі ұстаз­дардың дені – әйел адамдар. Осы орайда әке тәрбиесінің орнын тол­тыру мақсатында мектептегі әкелер кеңесінің өз орны бар деп білемін. Сон­дай-ақ біздің мектебімізде «Толағай» отбасылық сайысының өтіп жатқанына биыл бесінші жыл. Биыл осы шараны отбасы күніне орайластырып отырмыз. Осы секілді отбасылық іс-шаралар жиі ұйымдастырылса отбасының ауыз­бір­шілігінің артуына ықпал етер еді.


Марианна ГУРИНА, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті, Республикалық ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– Бұл – халық көптен күткен мереке. Мемлекет ша­ғын отбасылардан құралады. Сондықтан мемлекеттің іргесі берік болуы үшін біз еліміздегі әр отбасының өзінше бір көпке үлгі болуын қамтамасыз етуіміз керек. Әр отбасы өз елін мақтаныш етіп, балаларына Отанды сүюді үйретіп, еліне адал қызмет етуге үндеуі керек. Сонда ғана біздің мемлекетіміз гүлденіп, еліміз алға дамиды. Мен әрбір отбасындағы тәрбие осындай болса екен деп армандаймын. Осы тұрғыда елімізде отбасы институттары қалыптасып, мемлекет еліміздегі отба­сы­лардың сапалы деңгейде өмір сүруіне жағдай жасаса, әрбір отбасы өз елін сүйіп, балаларына сапалы білім алып беріп, елінің гүлденуіне қызмет етсе деп тілеймін. Осы орайда отбасы күні осындай игі істердің қалып­тасуына ықпал ете алса, өз мақсатын орындағаны деп білер едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста