Оқушылар мен студенттердің сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануына қалай тосқауыл қоюға болады?

Оқушылар мен студенттердің сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануына қалай тосқауыл қоюға болады?


Берік АСУБАЕВ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қалалық филиалының директоры:
– Дәл осы сұрақты Америкаға барған іссапарларымның бірінде сол жақтың ұстаздарына қойып көрдім. Шетелдіктер ұялы телефонды сабақ үстінде қолданбайды екен, бірақ үй тапсырмаларын оқушылары мен студенттеріне sms-тер арқылы жіберетін көрінеді. Бір қызығы, жауаптары да хабарлама түрінде қабылданады. Демек, ұялы телефонның көмегін тиімді қолдана білу – аса маңызды. Біз күштеп те, құр сөзбен айтып та ұялы телефондардан құтыла алмадық, құтылмаймыз да. Сондықтан алдағы уақытта оқушылар мен студенттердің сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануына күштеп тосқауыл қою керек деп ойламаймын. Жалпы, сабақ үстінде баланың сабақтан басқа нәрсеге қызығуы – мұғалімнің кінәсі. Сондықтан әрбір ұстаз шәкіртіне сабаққа кедергі болатын әрекеттерді жасамауын түсіндірсін, болмаса талап етсін. Әйтпесе қазіргі заманның мұғалімі оқушының телефонын тартып алудан да сескенеді емес пе?!


Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қаласындағы №159 гимназияның директоры:
– Қазіргі заманның оқушысы мен студенті үшін ұстаздың мәртебесін жерге таптау ойынға айналған. Ұялы телефонын алып, ғаламторын қосып, түрлі видео және фото­тү­сі­рі­лім­дерді жариялауға ынтық болып тұрады. Оқу орнындағы тәртіп пен жалпы құқықбұзушылық дегенді ескермейтін жастарымыз бірбеткей болып барады. Олардың ойынша, ұстаздардың оқушыларға ақыл айтуына, мін тағуына, сын айтуына болмайды. Телефонмен де дәл солай. Жоқ, мұ­ны­мен ұялы телефонды мүлдем қолданбасын демеймін, түсінем, телефон біздің бүгінгі тіршілігіміздің бір бөл­ше­гіндей болып кетті емес пе? Дегенмен де «Білім туралы» Заңдағы ата-ана мен мұғалімнің құқығы және міндеті деген тармағына өзгерту енгізу қажет. Ата-ананың міндетін көбейтіп, ұстаздарға оқушылардың тәртіпбұзушылық әре­кет­теріне тыйым салуға құқық беруіміз қажет деп есептеймін.


Марат БАШИМОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Ата Заңымызда мынадай нормалар бар: әр азамат білім алуға құқылы. Ал ол құқық бұзылмас үшін әкімшілік нормалар орындалуы тиіс. Әкімшілік норма дегеніміздің өзі не? Мысалы, мектеп оқушысы болмаса студент сабаққа 09.00-де кірсе, сабақ 09.45-те аяқталады. Осы уақыттың ішінде оқушы да, студент те сабақтың өтуіне кедергі жасамауы тиіс. Яғни олардың сабақ үстінде ұялы телефонды қолдануға құқықтары жоқ. Есесіне, қасындағы өзге оқушылар мен студенттердің құқықтары бұзылады, олардың білім алуына кедергі жасалады. Сондықтан кез келген ұстаздың сабақ үстінде ұялы телефонды қолданған оқушыны сабақтан шығарып жіберуге, оның үстінен арыз жазуына, сондай-ақ оқу орнының бас­шы­лары тәртіп бұзған оқушыны немесе студентті жауапкершілікке тар­туға құқығы бар. Бірақ ұялы телефондар жеке мүлік болып саналатындықтан, оларды күштеп тартып алуға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста