Наурыз мейрамының қарсаңында жалпыұлттық сенбілік күнін нақты белгілеу керек пе?

Наурыз мейрамының қарсаңында жалпыұлттық сенбілік күнін нақты белгілеу керек пе?


Мырзагелді КЕМЕЛ, экономист-ғалым:
– Бұл – өте орынды көтерілген мәселе. Бұл, бір жағынан, Нау­рыз мерекесінің жалпыхалықтық сипат алуына ықпал ете­ді деп ойлаймын. Негізінде, әуелден ата-бабаларымыз Нау­рыз мейрамын «еңбек мейрамы» деп таныған. Наурыз жа­ңарудың, тазарудың бастамасы болғандықтан мұндай игі ша­раларды қолға алуды өз басым құптаймын. Бұл жерде жер­гілікті әкімшіліктердің де белсенділігі көрінеді. Әрине, Нау­рыз айында қайсыбір аймақтар жайнап, құлпырып шы­ға келсе, енді бір аймақтарды қар басып, әлі де қыстың ыз­ға­рынан шыға алмай жұртшылық қиналыңқырап қалады. Осындай аймақтарда шараны ұйымдастыру ісі қиынға со­ғары анық. Десек те, сенбілік барысында жұртты тазалыққа ша­қырып, іске жұмылдыру қажет. Жұртшылық Наурыздың ке­ле жатқанын мұндай игі істер арқылы сезіне түсер болса, онда бұл күні ертең Наурыздың насихатын арттыруға ықпал етеді.


Мұртаза БҰЛЫТАЙ, дінтанушы-ғалым:
– Әрине, мұндай пікірлерге ешкім қарсы тұрмас. Бірақ мұндай шараларды нақты бір күнге ғана белгіліп, оған әкімшілік ресурстың күшін араластырып міндеттеп істеудің қажеті жоқ. Себебі бір күннің ішінде халықтың санасын өзгертіп жіберу қиын.  Жалпы, біз үшін та­залық мәселесінде қоғамға Норвегия, Швеция, Германия, Жапония, Канада, Жаңа Зеландия елдерінің мәдениетін  берсін деп тілеу керек. Бұл елдерде макро және микродеңгейде тазалыққа деген адалдық, айналаны ластамау, табиғатқа жанашырлық қалыптасып үлгерген. Ал біздің бұқара «біреу көрмесе болды» деп жан-жағына алақтап қарап алады да, ешкім жоқ болса қоқысты көшенің нақ ортасына тастап кете барады. Мұндай сананы біз сенбілік күнін нақтылау арқылы шеше алмасымыз анық. Сондықтан азаматтық сананы өсіру керек. Ол үшін табиғатқа, айналаға деген жанашырлықты арнайы мектеп бағдарламасына енгізіп оқыту қажет. Осындай шараларды жинақтап, тұжырымдап жасамаса, бір ғана сенбілік күнін белгілеу арқылы түйткілді тарқата алмаймыз.


Мелс ЕЛЕУСІЗОВ, эколог:
– Арнайы бір күнді белгілегеннің өзінде мұны жалпыхалықтық си­патқа айналдыру үшін біраз тер төгуге тура келеді. Себебі біздің рес­публикамыздың табиғи климаты Наурызда оңтүстікте жылы болғанымен солтүстікте суық. Мұндай шараға оңтүстіктің халқы белсене араласқаны­мен, солтүстіктің тұрғындары шарадан тыс қалады. Шараны жүзеге асырарда осы жайтты да ойластырған жөн.  Жалпы, Наурызда ағаш егіліп, жас шыбықтарды өсіруге ықпал етіп жататын дәстүр бар. Бұл да – жұртшылықты бір-бірімен ұйыстыратын шара. Негізінде, күн жылына салысымен қора-қопсысын тазартып, ауласын тазалап жұрт көктем айынан қандай да бір ізгілік пен жақсылықты күтеді. Жыл басы Наурызда халықты ұйыстыру мақсатында қандай шаралар атқарсақ та оңды деп ойлаймын. Өйткені қазіргі Наурыз мейрамы халыққа сахналық қо­йылым әзірлеу мен фольклорлық көрініс көрсетуден әрі аспауда. Сон­дықтан мұндай шараларды ұйымдастыру – қажеттілік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста