Мемлекеттік мекемелер сайтын жандандырудың қандай тетіктері бар?

Мемлекеттік мекемелер сайтын жандандырудың қандай тетіктері бар?


Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры:
– Мемлекеттік мекемелердің сайттары негізінен екі немесе үш тілді болып келеді. Бірақ көбіне, басты бет орыс тілінде жасалады. Сондықтан сайттың басты беті жаңар­тылады да, қазақшасына назар аударылмай қалады. Егер сайттың басты беті қазақ тілінде болуы керек деген міндеттеу болса, мемлекеттік мекемелердің масқарасы шыққан болар еді.   Өйткені дәл қазіргі уақытта сайттардың қазақшасынан нақты мәліметтер алу мүмкін емес. Екінші мәселе – мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін білмейтін, қазақша ойлай алмайтын IT-мамандар жұмыс істейді. Мұндайлар қазақша сайттарға бас қатырмайды. Сайтты қазақша ойлай алатын адам жасайтын болса, ол өзі-ақ сайттың дұрыс жасалуына мән беріп, басшылыққа ұсыныстар жасар еді. Мемлекеттік мекемелер «қазақ IT-мамандар жоқ деп» сылтауратады. Шындығында, қазақ тілін де білетін, IT-технологияны да игерген мықты мамандар бар. Жоқ десе, бізге хабарлассын, тауып береміз.

Аршат ОРАЗОВ, сайт жасаушы IT-маман:
– Мемлекеттік мекемелердің қазақша сайттары еріксізден күштеп жасалады. Алдымен орысшасы жасалған сайттың қазақша аудармасы сауатсыз болып келеді. Сайттың қазақша нұсқасы әншейін «бар» деп түртіп қою үшін керек.  Көбіне сайттардағы жаңалықтарды, материалдарды аударуға ерінгендіктен немесе аудармашы мамандар тартылмағандықтан, қазақша сайттар бос тұрады. Яғни мемлекеттік мекемелерде қазақ сайттарына деген немқұрайдылық басым.  Бізде «IT саласында тек орыстар мықты» деген түсінік қалыптасқан, қазақтілді мамандарға сенімсіздікпен қарайды. «Қазақ бала бала емес, орыс бала – молодец» деген сөз осындайда айтылса керек. Егер мемлекеттік мекемелер қазақ  IT-мамандарын жұмысқа тартуға мүдделі болса, оларға жағдай жасаса, қазақша сайттарымыз жақсы жұмыс істеген болар еді. Сонымен қатар, қазақша сайттардың жұмысын, ондағы материалдардың, аударманың сапасын бақылап, қадағалап  отыратын арнайы орталық болуы керек деп ойлаймын.

Қуаныш ЖАНҰЗАҚОВ, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бөлімінің бастығы:
– Бүгінгі таңда электрондық үкімет технологиясы бүкіл әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де кеңінен қолданылуда. Сайттарды қолданушыларды тек ондағы соңғы жаңалықтар ғана қызықтырмайды, сонымен бірге мемлекеттік қызмет туралы шынайы және маңызды ақпараттарға, нормативтік-құқықтық құжаттарға, баян­дамаларға, сараптамалық-талдау мақалаларға көп көңіл бөлінеді және де мем­лекеттік құрылымдардың өкілдеріне сұрақ қою, оған жедел түрде жауап алу мүм­кіншілігі де қызықтырады. Әр адамның мемлекеттік мекеме сайттарынан өзі­не қажетті мәліметтерді таба білу мүмкіншілігі болуы керек. Бұл тек мемлекеттік органдар өз сайттарын жасау кезінде «тұтынушыға бағдарлау» қағидатын сақ­­тағанда ғана жүзеге асады. Егер сайттың ақпаратын күнделікті жаңартып отырма­са, мемлекеттік органның жұмысына деген халықтың сенімін, қы­зы­ғу­шы­лығын жоғалтып алуға болады. Сайттың танымалдығы мен рейтингі тұт­ы­ну­шы­лардың сайт жұмысына деген көзқарастарымен, яғни бұл сайттарды жиі қол­да­нуымен, мемлекеттік органдардың мамандарына азаматтардың арыз-өті­ніш­терінің санымен анықталады. Ең маңыздысы, сайттар мемлекеттік тілде сауатты бол­ғаны жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста