Мектепте «октябрят», «пионер», «комсомол» тәрізді идеологиялық жұмыстармен шұғылданатын қазақстандық үлгідегі жаңа ұйым керек пе?

Мектепте «октябрят», «пионер», «комсомол» тәрізді идеологиялық жұмыстармен шұғылданатын қазақстандық үлгідегі жаңа ұйым керек пе?


Фарида Сәбішқызы, Алматы қаласындағы №128 орта мектептің директоры:
– Менің ойымша, мұндай ұйымдар міндетті түрде қажет. Себебі мұн­дай  ұйымдар  жаңадан  қалыптасып  келе  жатқан жасөспірім­дер­дің әлеуметтену үрдістеріне өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Қазіргі кезде көптеген орта мектептерде осындай ұйымдар құрылып, өз жұмыс­тарымен айналысып жатыр. Деңгейі кеңестік кездегідей болмаса да, біздің мектепте «Азамат» өзін-өзі басқару ұйымы құрыл­ған. Аты айтып тұрғандай, ол мұғалімдердің тікелей тапсырмасымен емес, өзді­гінен жұмыс істейді. Бұл ұйым тәрбиелік-идеологиялық жұмыс­тарды жіті қадағалап отырады. Олардың өздерінің сайлаған пре­зиденті, парламент мүшелері бар. «Азамат» балалардың жас ерек­шеліктеріне байланысты үш буыннан тұрады. Талаптары да қатаңдау. Ұйымға бұрынғы кеңестік кезеңдегідей оқу үлгеріміне, тәрбиесіне байланысты қабылданады. Ұйым қатарына қабылдау рәсімі жылына бір рет өткізіледі. «Пионер», «комсомолдың» қазіргі заманға лайықталған түрі десем де болады. Өйткені жалпы жүйесі сақталған. Осындай ұйымдардың, әлбетте, тиімділігі бар. Сондық­тан кеңестік жүйедегі тағылымы мол, жақсы қасиеттерді жаңғырту­ды толық қолдаймын.

Жарқын Серкеев, «Көкіл» орта мектебі тәрбие ісінің меңгерушісі:
– Дәл қазіргі уақытта ондай ұйымдар орта мектептерге ауадай қажет. Тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарында мектептерде «Атамекен» т.б. ұйымдар құрылғанымен, олар дәл «пионер», «ком­сомолдар» сияқты жұмыс істей алмады, яғни жалпыұлттық сипатқа ие бола алған жоқ. Қа­зір бірді-екілі мектептерде өзін-өзі басқару ұйым­­дары бар. Олар өздерінің қал-қадерінше жұмыс істеп те жатыр. Ал жекеменшік мек­теп­терде мүлде жоқтың қасы. Сондықтан ұйым­дар­дың құрылуы мемлекеттік деңгей­ге көтеріле ал­май келеді. Білім және ғылым министрлігінде осын­дай ұйымдарды құру жөнінде тұжырым­да­малар бе­кі­тіліп, орта мектептердің бағдарла­ма­ларына жап­пай енгізгенде ғана біз құрылып жат­қан ұйым­дар­дың деңгейін, беделін көтере ала­мыз. Ал қазіргі жағдайды мемлекетте, қоғам­да нақты анықталған иде­ологияның болмауы­нан деп түсінемін.

Алмасбек Нұғманов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазіргі таңда елімізде жастар саясатын жүргізудің бағдарламалары бол­ғаны­мен, мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі жоспарлар жоқтың қасы. Кеңестік кезеңдегідей болмаса да, жеткіншектерге бағыт-бағдар бе­ретін ұйымдар керек. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қо­ғамдық бірлестігі осы тұрғыда арнайы жоба да жасаған. Бұл жоба бойынша, бірінші сы­нып пен бесінші сынып арасындағы оқушылар арасында бұрынғы «ок­тябрят» деген сияқты «отаншыл» деген ұйым құру көзделді. «Отан­шылдардың» қатарға қабылданар кезіндегі анттарының мәтіні, арнайы төс­бел­гілерінің кескіні де дайындалды. Төсбелгінің ортасына тәуелсіздік мону­менті бейнеленіп, астына «отаншыл» деп жазылады. Ал алтыншы сынып пен он бірінші сынып оқушылары үшін «Жалынды жастар» ұйымын құру жос­пар­ланған. Тиісінше олардың да анттары мен төсбелгілері, галстуктері жоба бо­йынша жасалды. Біз бұл ұсынысымызды жергілікті жерлердегі атқарушы ор­ган­дарға табыстағанбыз. Әзірге қаржылай көмектің жоқтығынан бұл бастама қолдау таппай отыр. Менің ойымша, өтпелі кезеңде жеткіншектер мен боз­балалар өздерінің қоғамдағы орнын адаспай табуы үшін мұндай ұйымдар ауа­дай қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста