Күй өнерін насихаттау кенже қалып отырған жоқ па?

Күй өнерін насихаттау кенже қалып отырған жоқ па?


Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, өнертанушы, әнші:
– Қазіргі уақытта тек күй өнерін насихаттау ғана емес, жалпы, қазақ өнерін насихаттау кенже қалып отыр. Мұны жасырудың қажеті жоқ. Ал күй өнерінің ішіндегі шертпе күй өнерінің бүгінгі ахуалы тым нашар. Бір ғана мысал келтірейін, осы жақында концерт өткізу үшін Әбікен Қасеновтің «Қоңыр» деген күйін тарта алатын адам таппадық. Сондай-ақ Тәттімбеттің бірсыпыра күйлерін тартатын Алматыда да адам жоқ екен. Қазақтың күрделі классикалық күйлерін тартатын адамдардың тапшылығы да күй өнерінің бүгінгі жағдайын көрсетіп беріп отыр. Оның үстіне бұрмаланған қазіргінің музыкалық жанрлары күйдің табиғатына нұқсан келтіріп, күй атаулының құдіретіне балта шауып жатыр. Әйтпесе күйден папури шығару деген қайдан келді? Ол аздай, домбыраларымыз да қоңыр үнін жоғалтып, өте жоғары бұраумен шыңқылдап шығып жүр. Демек, алдымен қоңыр дом­бы­рамызды ортамызға қайта әкеліп, халықтың күнделікті күй тыңдауына жағдай жасауымыз керек. Бізге күй өнерін насихаттаудың жеке бағдар­ламасы қажет деп ойлаймын. Себебі күй тыңдалмай, күй өнерін насихат­тауды дұрыс жолға сала алмасымыз анық.


Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, өнертанушы, ҚР мәдениет қайраткері:
– Күй өнерін насихаттау кенже қалып отыр деп айту тым аздық етер, қазақтың күй өнері мүлдем насихатталып жүрген жоқ. Халықтың санасына «мынау халық әні» деп эстрадаға салынған әнді тыңдату, «мынау біздің халық күйіміз» деп компьютермен жасалған, өзге аспаптармен қатар орында­латын музыканы тыңдату – ол өнер де емес, өнерді насихаттау да емес. Мұнымен тек халықты адастырып, қазақ өнерін құртып жіберуге ғана болады. Онсыз да теледидардан күйлер берілмейді. Өзгені емес, өзімді айтайын. Міне, 3-4 жылдың жүзі болды, домбырамды қо­лыма алып халықтың алдына шыққан емеспін. Иә, телеарналарға шақырады, «сұхбат беріңіз» дейді. Бірақ күйшілер әңгіме айту үшін халықтың алдына шығуы керек деп есептемеймін. Тым болмаса «елдің алдына шығасыз, бір күй орындап беріңіз» деп айтса бола­ды ғой. Міне, біздің насихаттың сықпыты.


Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ, өнертанушы, домбырашы-күйші:
– Күй – қазақтың төл өнері. Әрине, оның бүгінгі жетімсіреген күйі бәрі­міздің жанымызға батады. Күйге деген атүсті көзқарастың пайда болуына заманауи рэп, рок, поп сынды музыкалық жанрлардың кең сұ­ра­нысқа ие болуы сеп болды. Бірақ сол сұранысты да тудырған – өзіміз. Шетелден келген шикі дүниені бас сала жарна­ма­лап, насихаттап, тас­па­ла­рын таласа сатып алатынымыз бар. Демек, күй өнерін насихат­тауды да сол таспалардан бастауға тиіспіз. Қазіргі заманның жастарын ғалам­тор же­лісі, теледидар қызықтырады. Олай болса, интернетке қазақ күй­лерін көптеп енгізіп, күй жинақтарын қолже­тімді бағамен сату­ға бола­ды. Қо­ғамда мынадай бұрыс пікір қалып­тасқан: «халық өнері тек музыкаға әуес адам үшін ғана қажет, ал қара­пайым халық үшін халық өнері –мұражайдағы экспонат». Сондықтан күй өнерін насихаттауды мектептен бастаған жөн болар деп есептеймін. Күй тың­дауды мектеп бағдар­лама­сына енгізу керек. Халық өнерін жат­тап өскен бала ұлттық өнеріміздің қай түріне болсын қырын қара­майтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста