КСРО кезіндегідей автоклуб жүйесін жандандыру керек пе?

КСРО кезіндегідей автоклуб жүйесін жандандыру керек пе?


Сабырхан СМАҒҰЛОВ, тарих ғылымының кандидаты, доцент:
–Расында да, біздің бала күнімізде автоклуб мүшелері жыл он екі ай шағын ауылдарды айтпағанда, қойлы ауылдары, омарташы, бақташы мен қарауылдың ауылына дейін аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынып, киноларын көрсетеп, газет-журналдар тарататын. Клуб мүшелері құрамында кей жылдары Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Бағдат Сәмединова немесе Гүлнар Сиқымбаев сынды өнерпаздар да жүретін. Автоклуб келген күн ауыл тұрғындары үшін ұлттық мерекеден артық болмаса, кем түспейтін тойға пара пар болатын. Автоклубтың концерттік бағдарламасына ауыл тұрғындарының өздері араласа кетіп, оның арты үлкен концертке ұласқанын өз көзіммен көрген кездер де аз болмады. Сол уақыттағы Үкімет осы жүйені іске қосу арқылы саяси мәселелерді насихаттаса, ал екінші жағынан еліміздің әр тұрғынының мәдени сауатының жоғарылауына әсер етіп отыратын. Ал, қазір жағдай басқаша. Ең өкініштісі, автоклубты айтпағанда, бұрындары жұмыс істеп тұрған ауыл ішіндегі клубтардың өзі жабылып қалған. Бірі кафеге айналса, екіншісі қоймаға, үшіншісі биллиардқа айналды. Аудандар мен ірі ауылдардағы клуб жайын әкімдіктегілер шеше жатар, Ал, бірақ автоклуб жүйесін міндетті түрде іске қосу керек деп ойлаймын. Себебі, еліміздің таулы аймақтары мен елді-мекендерден шалғайда жатқан бірді-екілі тұрғындардың барлығы бірдей қазақстандық телеарналарды көріп, қазақ тіліндегі газет-журналдарды оқып жүр деп айта алмаймыз.. Мәселен, республикамыздың шекаралық аймақтарында тұратындар не орыстың, не өзбектің, қала берді қытайдың телеарналарын көріп жүргенін жасыра алмаймыз. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Әйтпесе халқымыз қарайып қалады.


Ақмарал ЕСІМХАНОВА, журналист:
–Мәдениет - адамзаттың өзінің материалдық және рухани байлығын жасау барысындағы белгілі бір тарихи даму дәрежесінің шынайы көрінісі деген түсінікке иек артсақ, алдымен ойымызға еліміздің және халқымыздың рухани-мәдени ахуалы оралады. Дегенмен, әсіресе, мәдени-рухани ағарту саласында кезінде КСРО тұсында болған үрдістер жойылып бара жатыр, құрып кетті де.
Төрдегі ата-әжелеріміз Кеңес замамында болған мәдени үрдістер жайлы тамсана айтатыны шындық. Әсіресе, кезінде еліміздің әр өңіріндеге шалға жатқан ауылдарға барып, қара халықпен жүздесетін автоклуб жұмысын еске алады. Бүгінде бұл көшпелі мәдени-ағарту мекемесі ауыл ауылды аралап, кино көрсетуі тым сирек кездесетін құбылысқа айналғаны қашан. Солардың бірі әңгімеміздің өзегі болған автоклуб жұмысы. Неге оны жандандырмасқа? Ауылдағы ағайын-туыс та бүгінгі заман көшінен қалыспай, кинотундуларды тамашалағысы келеді, рухани тұрғыдан өскісі келеді.


Жеңіс ТЕМІРХАН, өлкетанушы:
–Соғыс жылдарында Роза Бағланова апаларымыз ән салып халықтың рухын көтергені рас қой. Сол сияқты бейбіт заман қазіргі тұста да Кеңестер уақытындағы автоклуб жүйесін қайта жаңғырту өте тиімді деп санаймын. Әсіресе, көктемгі егіс және күзгі егін орағы тұсында еңбек адамдарының көңілін аулау үшін осындай концерт қоятын, әрі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін топ ауадай қажет. 1-1,5 ай бойы егіс даласында жүретін диқан қауымға да қоғамдағы жағдай мен саясат туралы түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізіп отырған жөн ғой. Бұл бір жағынан халыққа идеологиялық жағынан саясатты түсіндіруге де жақсы ықпал етер еді. Ең бастысы бұл еліміздегі мәдени саланың ақсамауына ықпал етеді деп ойлаймын. Кеңестер уақытында лекторлар болатын. Олар қарапайым шаруа адамдарына елдегі жағдайды түсіндіріп, идеологиялық рух беретін жалынды сөздер айтатын. Бірақ мұндай топтар бір жақты болып кетпеуі тиіс. Ең бастысы демократиялық принципті басшылыққа алу керек. Топтың құрамында мәдениет және ағартушылық, сонымен қатар білім-ғылым саласындағы адамдар міндетті түрде болуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста