Көлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғандарға қатысты тек қана көлік басқару құқығынан айыру жазасын қалдыру керек пе?

Көлікті спирттік ішімдік ішіп басқарғандарға қатысты тек қана көлік басқару құқығынан айыру жазасын қалдыру керек пе?


Марат БӘШІМОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Қазір көлік адам өміріне үлкен қауіп төндіретін құ­рал­ға айналып барады. Сондықтан адам өміріне қауіп төн­діретін техниканы басқаратын адамдарға тәртіп қа­таң болуы керек. Негізі, көлікті кәсіпке айналдырып, оны­мен нанын тауып жүрген адамдар ешқашан ішіп алып көлік жүргізбейді. Мұны көбіне-көп қалталылар жә­не солардың балалары жасайды. Олар таныс-біліс ар­қылы сотпен сөйлесіп, айыппұлын төлейді де, қай­та­дан көлікке отырады. Ал егер тек қана көлік басқару құ­қы­ғынан айыратын болсақ, онда ішімдік ішіп ұсталған адам­дар өзінің қателігін сезінер еді. Қайтадан оқып, ем­ти­хан тапсырып, әуре-сарсаңға түскеннен кейін ендігіде ішіп алып көлік басқармайтын болады. Сот та бұл жерде еш­теме істей алмай, еріксіз көлік басқару құқынан айы­ру­ға шешім шығарар еді. Сондықтан мен мұны қол­дай­мын әрі осылай етсек жақсы-ақ болар еді деп есеп­тей­мін.

Рамазан САРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Мен осы мәселенің басы-қасында жүрген адам­дар­дың бірімін. Біздің қолданыстағы заңымызда бірінші рет ұсталған кезінде, бір жылда екі рет ұсталғанда немесе көлік жүргізу құқынан айырылғаннан кейін де қайтадан тағы ішімдік ішіп алып көлік жүргізсе, оларға қандай әрекет қолдану керектігіне дейін анық жазылған. Оның ішінде тіпті 15 тәулікке дейін қамауға алу мәселесі де қа­рас­тырылған. Сондықтан қолданыстағы осы заңды өз­герт­кеннен жақсы бір нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ай­та алмаймын. Бұл жерде басты мәселе сол заңды дұрыс қол­дануда болып отыр. Ішімдік ішіп көлік жүргізгендерге айып­пұл салуды да, оларды көлік басқару құқынан айы­руды да сот шешеді. Сондықтан бұл соттардың біліктілігіне, олар­дың әділеттігіне, адалдығына байланысты. Қолданыстағы заңға өзгерту енгізудің ешқандай қажет­тілігі жоқ, тек соттардың әділ шешім шығаруына қадағалау жүргізгеніміз дұрыс.

Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университетінің Машина жасау және көлік институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор:
– Бұл сұрақ өте орынды қойылып отыр. Бізде қазір заң бойынша ішімдік ішіп алып көлікті басқарған адамға айыппұл салу, сонымен қатар көлік басқару құқынан айыру жайлы әкімшілік жаза қаралған. Бірақ мұның барлығын сот шешеді. Бұл жерде сот ішімдікпен көлік басқарған адамға қандай да бір себептермен  айыппұл сала салуы мүмкін. Сонымен қоғамға үлкен қауіп төндірген әлгі шопыр жүргізуші куәлігін алып, қайта көлік руліне отырып,  жүре береді. Өткенде ғана Мәжіліс депутаты Орал Мұхамеджанов 2011 жылы бір жылдың ішінде 50 мың жүргізуші ішімдік ішіп алып көлік жүргізіп ұсталғандығы төңірегінде мәлімдеме жасады. Бұл сұмдық емес пе? Яғни бізде ішімдік ішіп алып көлік жүргізу қалыпты жағдайға айналып кеткен. Сондықтан мұны ретке келтіру үшін арақ ішіп алып көлік жүргізгендерге тек қана көлікті басқару құқынан айыру жазасын қолдану керек. Айыппұл сала салу дегенді тоқтатқанымыз жөн. Себебі қаншама адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болып жатыр, мүгедек болып қалуда. Онсыз да өзіміз аз-ақ халықпыз, демографиялық жағдайымыз нашар. Сондықтан бізде ең бірінші адам өмірі қымбат болуы қажет. Бұған тосқауыл қою үшін көлікті басқару құқынан айыру жазасын ғана қолданғанымыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста