Кейінгі кездері дәрігерлерге қатысты шағымның жиі айтылуының себебі неде деп ойлайсыз?

Кейінгі кездері дәрігерлерге қатысты шағымның жиі айтылуының себебі неде деп ойлайсыз?


Айжан САДЫҚОВА, Ұлттық медицина қауымдастығының президенті:
– Дәрігерлерге қатысты келіп түсетін арыз-шағымдардың дә­лелді және дәлелсіз түрлері болады. Денсаулық сақтау ми­нистр­лігі талдау жүргізіп, шағымдарға қатысты жүргізілген сот іс­терінің нәтижесіне сәйкес, 2011 жылы – 12, ал 2012 жы­лы 44 дәрігердің жазаланғанын анықтады. Қазір ел арасын­да құ­қық­тық сауаттылықты ашатын және денсаулықты сақтауға бай­­ланысты дұрыс мәлімет беру шараларын ұйымдастыру қа­жет. Себебі көп жағдайда науқастар сырқаттары қатты ас­қын­ған­ша дәрігерлік көмекке жүгінбей, емханаға уақытылы бар­май, ақыры дәрігердің қолынан сиқырды күтеді. Ешбір дә­рігер науқасты бір қарап шығып, құлан таза айықтыра ал­майды. Мұндай келеңсіздіктер, керісінше, науқастардың санын кө­бейтіп, жұмысқа кедергі келтіреді. Үстінен шағым түскен дә­рігер анығын дәлелдей алмай жүгіріп жүргенде, қаншама кө­мек­ке мұқтаж жан қараусыз қалады. Егер ақ халаттыларымызды осылайша негізсіз айыптай берер болсақ, бұл салада бірер жыл­да маман қалмасы анық.


Талғат ӘБДІЖАППАРОВ, «Казпотребнадзор» ҚБ бақылау кеңесінің төрағасы:
– Кеңес өкіметінен кейін медициналық оқу орындарының бі­лім беру сапасы төмендеп кетті. Бұл мәселені зерттеп көр­дік, қа­зір белгілі бір сала мамандарын табу өте қиын екен. Мы­салы, баланы педиатрға апарсаңыз, ол невропатологқа не­месе эндокринологқа апар деуі мүмкін. Ал олар тым аз. Әркім өз саласы бойынша қызмет етпегендіктен, шағымдар күннен-күнге көбейе береді. Сонымен қатар білім сапасы төмен болғандықтан, бұл саладағы сапа мәселесін қатаң бақылауға алу қажет деп есептеймін. Қазір емханаларымыз­дың барлығына дерлік заманауи техникамен жабдықталған, бірақ оның тілін білетін маман тапшы, ал білікті маманда­ры­мыз шетел асып көшіп кеткен. Әр дәрігердің міндетті түр­де өз ұстазы болуы керек. Мысалы, хирургтердің үстінен ша­ғым аз түседі, себебі оларға тәжірибе жүзінде көрсетіп, үй­рететін мектептері, ұстаздары бар. Тағы бір үлкен мә­селе  – отбасылық дәрігерлік амбулаторияны дамыту, бұл да медицина саласының жұмысын жетілдірудің бір жолы.


Рая РАХИМОВА, ШҚО Ана мен бала орталығының бас директоры:
– Кейінгі кездері дәрігерлерге қатысты шағымның жиі айтылуының себебі мынау деп кесіп айту қиын. Дегенмен бүгінгі қоғамда денсаулығына қатысты келеңсіздіктерге жалғыз дәрігер кінәлі деп санайтындар да көбейіп барады. Денсаулықты сақтаудың көп бөлігі адамның өзіне байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазір, оның үстіне, медициналық ұйымдарды тек­се­ретін органдар көп, олар да тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркейтін шұ­ғыл желілерді көбейтіп, насихаттап жүр. Қалай деген күнде мұндай на­си­хат аз да болса адам психикасына әсер етіп, арыз айтуға итермелейді, тіпті ауырып барғанында көмек көрсеткен дәрігеріне алғыс айтуды ұмытып кететіндер бар. Ғаламтор желісі, теледидар дегендер де соңғы кездері негізсіз айыптауларды көрсетуді сәнге айналдырғандай. Онсыз да жа­ла­қысы аз, күрделі маман иелеріне тым болмаса моральдық қолдау болмай, со­нау алыс шалғайлы ауылдардан дәрігер кетсе, олардың орнына ешкім бар­майды. Сонда шағым айтпақ түгіл, науқастарды емдейтін адам таба ал­май қалуымыз әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста