Ғылыми қалашықтар құрмайынша, индустриялық-инновациялық дамуға қол жеткізе аламыз ба?

Ғылыми қалашықтар құрмайынша, индустриялық-инновациялық дамуға қол жеткізе аламыз ба?

Мұрат Жұрынов, ҰҒА президенті:

– Ғылыми қалашықтар салуды кез келген елдің әлеуеті көтере бермейді. Мұндай қалашықтар, негізінен, кеңестік кезеңде көптеп салынды. Кеңес Одағының экономикалық күш-қуаты жағынан әлемдік державалардың санатында болғанын жақсы білеміз. Ресейдің Мәскеу облысында Пущино-на-Оке ғылыми қалашығында алты бірдей биологиялық ғылыми зерттеу институты орналасты. Осындай бірнеше қалашыққа КСРО-ның заңды мұрагері Ресей ие болып қалды. Әрине, ғалымдарға жағдай жасап, барлық инфрақұрылымдарды бір ортаға шоғырландырған дұрыс. Қалашықтар салуға да біраз уақыт керек.
Сондықтан біз көштен қалмас үшін индустриялық-инновациялық бағдарламамызды жүзеге асыра беруіміз қажет. Өскемендегі Шығыс Қазақстан техникалық университеті жергілікті ғылыми зерттеу орындарымен және зауыттармен бірігіп, үлкен технопарк құрды. Қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Міне, осылай университеттер мен ғылыми зерттеу орталықтарын біріктіруіміз қажет.

Атамұрат Шәменов, экономика ғылымының докторы, профессор:

– Өте жақсы ұсыныс екен. Бұл – шетелдерде бар тәжірибе. Англияның Манчестер қаласында бір ғана университеттің маңына зерттеу орталықтары мен инфрақұрылымдары орналастырылған. Қаланың ішінде тағы бір қала бар. АҚШ-тың Принстон университетінде де ғылымға қажетті барлық құрылымдар шоғырландырылған. Арнайы қалашық тұрмақ, кезінде жеке қалашық болады деп салынған университеттеріміздің территориясы кеңейгеннің орнына жыл сайын тарылып барады. Индустриялық-инновациялық даму туралы айтамыз да, ғалымдардың жағдайын жасауды естен шығарып аламыз. Күнін көру үшін екі-үш университетте дәріс оқып жүрген профессорлардан қандай ғылыми жаңалық күтуге болады? Сондықтан ғылыми қызметкерлердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін арнайы ғылыми қалашықтар салынғаны дұрыс деп ойлаймын.

Ғарифолла Есім, сенатор:

– Ғылыми қалашықтар салу өткеннің ісі деп түсінемін. Президенттің өзі ғылыми орталықтарды білікті университеттердің маңына топтастыруды айтып жүр. Осы бастаманы жүзеге асырсақ, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Алғашқы тәжірибе ретінде Астанадағы Назарбаев университетін ашып жатырмыз. Міне, осы орталықта білім мен ғылым ұштаспақ. Осындай оқу орындарын облыс орталықтарынан ашу жекелеген қалашықтар салғаннан тиімдірек болады. Себебі арнайы ғылыми қалашықтар салу уақытты да, қаржыны да көптеп қажет етеді. Сондықтан заманауи үлгідегі әмбебап университеттерді ашуды қолға алып, соларды кеңінен насихаттауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста