Еліміздегі өзен-көлдерді тазалау мен қорғау мәселесін ұмыт қалдырған жоқпыз ба?

Еліміздегі өзен-көлдерді тазалау мен қорғау мәселесін ұмыт қалдырған жоқпыз ба?


Ахметқал МЕДЕУ, география ғылымының докторы:
– Еліміздегі су саласының мамандары, ғалымдар, жобалаушылар бірлесе отырып, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын жою бойынша ірі ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асырды. Бағдарламада еліміздегі су қо­рының, суға сұраныстың қазіргі кездегі және 2020, 2030 жылдарға қарай орын алуы мүмкін ша­малары бағаланып, су тапшылығының алдын алу іс-шаралары қарастырылды. Су нысан­да­ры­ның тазалығына келетін болсақ, бұл мәселенің аса ушығып тұрғанын айтуға болады. Мә­селені күрделендіріп тұрған жайт, еліміздің ағын суларының едәуір бөлігінің көрші шет мем­ле­кеттерден ағып келетіні. Ал еліміз аумағындағы жағдайды шешу, табиғи су көздерінің эко­­­логиялық ахуалын рет­теп алу жауапты мемлекеттік ұйымның іс-әрекетімен тікелей бай­ланысты, яғни аталған са­ланың жан-жақты толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Қа­зіргі басты мәселелер – су­ды тиімсіз пайдалану, бақылау, зерттеу және қорғау шараларының жет­кіліксіздігі, сондай-ақ са­ла бойынша білікті мамандар тапшылығы деуге болады. Еліміздегі ең ірі су тұтынушы сала – суар­малы егіншіліктің су сұранысын қамтамасыз етіп отырған су­шар­уашылық имараттардың ба­сым бөлігі тозған, тиімділігі 0,4-0,5 шамасында, яғни бастауында ал­ған судың жартысына жуы­ғы босқа ысырапталып отыр. Көлдер мәселесі сол 40-50 жыл бұ­рынғы зерттеулерден кейін жал­пы еліміз деңгейінде тіпті қайта қаралмаған. Айтылған басты мәселелерді шешпейінше, анда-сан­да көтеріліп, қайта басылатын көлдерді тазалау, қорғау мәселелерін нақты бағалап, түзеу жол­да­ры жайлы ұсыныс айту мүмкін емес.


Жақыпбай ДОСАЙ, География институты су мәселелері бөлімінің меңгерушісі, профессор:
– Еліміздегі көлдердің жағдайы бойынша қазір де бұдан 50 жыл бұрын жасалған зерт­теу­лер­дің нәтижесіне жүгінеміз, соған сілтеме жа­­сай­мыз. Ал олардың қаншасы қалды, олар­­­­дың таза­лы­ғы қандай екені қазірге бей­мә­­лім. Қа­зір Қаз­ги­дромет неміс ком­па­ния­сы­мен бі­рігіп, Шор­тан­ды көліне зерттеу жұ­мыс­та­рын жа­сауға кіріс­келі жатыр. Соңғы мә­­ліметтерге қа­рағанда, Шор­танды көлінің дең­гейі 16 метрге төмендеген. Та­банында қа­лыңдығы 1,5-2 метрдей шөгінділер жи­нал­ған. Ал елі­міздегі қалған көлдерге зерт­теу­­лер жүр­гізіліп отыр­ған жоқ. Біздің институт Білім жә­не ғылым министрлігінің көлдерге мо­ни­торинг жүр­гізу бойынша жариялаған тен­дер­ге қатысып отыр­мыз. Егер тендерден же­ңіп шықсақ, келесі жыл­­дан бастап жұмысқа кі­рісетін боламыз.


Қуат НҰРҒАЗЫ, ҚҰАУ аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, профессор:
– Бүгінгі таңда еліміздегі өзендер мен көлдерді тазалау мен қорғау мәселесіне мүлде көңіл бөлініп отырған жоқ деуге болады. Бұл мәселеде Үкімет ша­ра­лар қолданып, нақты көмек жасауы керек. Әй­т­песе бұл мәселенің оңтайлы шешілуі екіталай. Бүгінгі таңда өзендер мен көлдердің қорғалмауы және судың таза болмауы балық қорының азаюына себеп болып отыр. Судың тартылуы, ластануы жыл сайын балықтардың қырылуына әкеліп соқтырып отыр. Балық қорының аз болуынан қазіргі таңда жетіліп үлгермеген балық­тар­ды сатылымға шығарып жатырмыз. Бұл тұста қанша ұтылып отырғанымыз экономист маманға ғана емес, қарапайым халыққа да түсінікті. Егер осылай жалғаса беретін болса, көп ұзамай тығырыққа тірелуіміз мүм­кін. Сондықтан бұл мәселеге Үкімет шешім шыға­рып, шара қолдануы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста