Елімізде балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүйесін құруымыз керек пе?

Елімізде балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүйесін құруымыз керек пе?


Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, «Ұлан» газетінің бас редакторы:
– Есімде, кезінде бір ғана ауылдың өзінде мектепте бір, ауыл клубында бір кітапхана болатын. Оған барушылар да соншалықты еді. Жекешелендіру басталды да, ненің қайда, кімнің атына өтіп кеткенін білмей қалдық қой. Тек мектептегі кітапханаларды ғана сақтай алдық, бірақ ондағы кітап қоры өте жұтаң. Бұл мәселе Алматыда жақсы жолға қойылғанымен, ауылда жағдай мүлдем басқа. Бір кітап сатып алу үшін кемінде 600 теңге керек, мұны әр ауыл мектебі не кітапханасы ала ала ма? Бүгінде бірді-екілі қалталы азаматтар батырлар жыры, ертегі томдықтары, балаларға қатысты энциклопедияларды мектептерге сыйлап жүр. Бірақ ондай азаматтар барлық ауылдарда табыла бермейді ғой, сондықтан жаппай барлық ауылдардағы кітапханалар жағдайын, кітап қорын мемлекет өз қолына алуға тиіс. Неге? Өзім университетте сабақ беремін, сонда байқағаным, оқушылар тек бірыңғай даталарды жаттап алады да, оның ар жағындағы себеп-салдарды білмейді. Мен оларға «дата бастар» деп ат қойдым. Мұны шұғыл қолға алу керек, мемлекет қоғамға өңкей «дата бас» масылдарды емес, кәдімгі асылдарды дайындауы керек қой.

Шәкен КҮМІСБАЕВ, балалар жазушысы:
– Бұл – өте өзекті мәселе. Бір кездері ауыл қандай еді? Үлкен-кішісі түгел газет-журнал, кітап оқитын, на­ғыз зиялылар ордасы болатын. Бүгінде сол көзден бұл-бұл ұшты, себебі кітапхана атаулының бар деген аты болмаса, кітап қоры жылдан-жылға мо­лаю орнына азайып барады. Аузымызды қу шөп­пен сүрткен жарамас. Еліміздегі қала, аудан, ауыл мектептерінде кітапханалар бар. Балалар кі­тап­ханасы бүгінде солар енді. Алайда сұрақ, он­да­ғы жұмыс қалай жүріп жатыр? Әдеби кітабы бар кітапханалардың картотекаларын ақырын шолып шық­саң, қанша баланың кітап оқып, қаншасының оқы­майтыны содан-ақ белгілі болады. Кітапха­на­шы­лар олармен қалай жұмыс істеп жатыр? Сон­дықтан мемлекет балалар мен жасөспірімдер кі­тап­ханасы жүйесін құрып, балаларды кітап оқытуға еліміз кірісуі керек.

Сұлтан ҚАЛИЕВ, балалар жазушысы:
– Әрине, балаларымыздың болашағын ойласақ, мұны құрғанымыз өте тиімді болар еді. Өйткені бүгінде Алматы, Астана секілді үлкен қа­ла­лар­да ғана республикалық балалар кітапханасы болмаса, аудан, ауыл­дар­да жоқ. Егер осы ретте кітапханалар жүйесін құрар болсақ, онда оған ке­йінгі жылдары шығып жатқан жаңа кітаптар түсер еді. Оны ауылда жүр­ген балаларымыз оқып, білімге, имандылыққа, тәрбиеге жүгінер еді. Бірақ кейде кітапханаларға кітап барғанымен, сол күйінде бумасы ашыл­мастан жататынын көріп қалдым. Ал ол кімнің кінәсі? Кітапхана­шы­лар жақсы жұмыс істеп, жас жеткіншекті кітап оқуға құмарта білуі ке­рек. Сондай-ақ, менің білуімше, мектеп кітапханаларына кітап алуға, ба­лалар басылымына жазылуға облыстық, аудандық әкімдіктерден қар­жы бөлінетін секілді көрінді. Ал басшылар тарапынан кейде қаржыны үнем­деу себебімен кітапқа арналған қаржы бөлінбей қалады екен. Сон­дық­тан балалар әдебиеті мен басылымдары бүгінде мемлекет тарапынан бақылау мен қамқорлыққа өте зәру.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста