Биыл оралмандарға квотаның бөлінбеуін қалай бағалайсыз?

Биыл оралмандарға квотаның бөлінбеуін қалай бағалайсыз?


Зәбира АЛЛАБЕРГЕНОВА, «Нұр қоныс» оралман әйелдер қайырымдылық қорының атқарушы директоры:
– Биыл оралмандарға квотаның бөлінбеуін, әрине, жақсы хабар деп бағалай алмаймын. Әлі алыс және жақын шетелдерде бес миллионға жуық қандасымыз елге жете алмай отыр. Олардың барлығы Отанына оралуға мүдделі. Бірақ өз бетімен көшіп келуге жағдайы жоқ. Сондықтан олар үшін мемлекет тарапынан квота бөлінгені дұрыс еді. Мәселен, мен де оралманмын. Өзбекстаннан келгендіктен онда қалған қандастарымыздың жағдайын да жақсы білемін. Жақында аталмыш елге барып та келдім, сонда көзімнің жеткені Өзбекстандағы қазақтардың жағдайы өте қиындап кеткен. Жалақылары өте аз, дүкеннен керек-жарақ, азық-түліктеріне дейін әлі күнге карточкамен ғана алады екен. Олар елге көшіп келу үшін үйін сатқанымен өтпейді. «Қазақстан сендерге квота береді, үй береді, ал мына жақтағы үйлерің Өзбекстандікі, тастап кетіңдер» дейтін көрінеді. Осындай кезде оларға еліміз тарапынан квота берілсе, жер алып, әрі қарай үйін салып, өз күндерін өздері көріп кетер еді. Оралмандардың барлығы еңбексүйгіш, бір-бір кәсіпті дөңгелетіп кетуге бейім тұрады және патриот, елі үшін жанын беруге бар. Сондай-ақ олардың барлығы көпбалалы. Сондықтан біз оралмандарға квота беріп, көшіріп әкелуден ұтпасақ ұтылмас едік. 


Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ, Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары:
– ІІМ ресми хаты бойынша 2012 жылдан бастап квота тоқтап тұр. Онда «мемлекеттен арнайы қаржы бөлін­беуіне байланысты уақытша квотаға құжат қабылдау тоқтатылсын» деп қана көрсетілген. Енді қазір түрлі өзгерістер қарастырылып жатыр. Орал­мандарға Қазақстан Республи­ка­сының азаматты­ғын алғаннан кейін ғана квота берілсін деген де ұсыныстар айтылып жатыр. Қазір осы қарастырылып жатқан түрлі өз­геріс­терге орай квота уақытша тоқта­ты­лып тұр деп ойлаймын. Сондықтан алда болатын өзгерістердің нәти­жесін күте тұру керек.


Амангелді МОМЫШЕВ, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, қоғам қайраткері:
– Оралмандарға квотаны аз бөлуге немесе оны тоқтатып қоюға мүлдем қарсымын. Керісінше, бізге оралмандардың көптеп келіп, орыстанған өлкелерімізге қоныстанып, қазақылықтың иісін елімізге әкелгені керек. Әсіресе оралмандарымызды солтүстік облыстарымызға қоныстандыру идеясын ерекше қолдайтынның біреуі менмін. Сондықтан бұрынғы қалпымыздан танбай, осы бір үрдісті жалғастыра беруіміз керек еді. Оралмандарға бөлінетін квотаның санын арттырып, тегін жер беріп, үй салып алуына жағдай жасасақ, одан арғыны олардың өздері-ақ істеп алар еді. Қазір елімізге еңбек күші жетіспейді. Керек десеңіз, мал бағатын адамды табу қиын бізге. Ал көрші Өзбекстанда талай қазақ жұмыссыз отыр. Сондықтан кең-байтақ жеріміздің иесі атанып, жерімізді игеретін оралмандарға бөлінетін квота санын көбейтіп, шетте жүрген барлық қандасымыздың басын Қазақстанда қосу басты мақсатымыз болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста