Билет құны арзан болса да, қазақ театрға неге бармайды?

Билет құны арзан болса да, қазақ театрға неге бармайды?


Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы:
– Ол енді адамның өзінің мәдениетіне байланысты. Мәдениеті биік адам театрды өзі іздеп тұрады. Ал енді мәдениеті төмен көрерменді топтап қойып, алдыңа салып айдасаң да, алып бара алмайсың театрға. Ол қымбат болса да бармайды, ол арзан болса да бармайды, яғни бармайтын адам. Ал бағаны тіпті арзан қойса, оған театрдың өзі кінәлі. Театрдың қадір-қасиетін табанға басып, жердегі бағаны қоюға болмайды. Неге олар ол бағаны дұрыстап қоймайды? Содан соң сендердің неге бұлай деп жатқандарыңды түсінбеймін. Қазір қазақ театрларына көрермен өте жақсы барады. Бұрын-соңды мұндай болмайтын. Журналистер мұндай тақырыптарға әлеуметтік зерттеу жүргізуі керек. «Билетті күніне қанша адам алады, театрға кімдер барады, қай қойылымға қанша адам барды?» деген сауалдарды зерттеуге тиіс. Мен мәселен, театрға ең көп баратын адаммын. Мен барып жүргенде бос тұрған орынды немесе көрермен мүлдем келмейтін театрды көргенім жоқ. Сондықтан бұл – өте кереғар пікір.

Аманхан ӘЛІМ, ақын:
– Оның бір себебін мен асығыс уақыттан, қарбалас тіршіліктен, беймаза кезеңдерден көрер едім. Тосыннан келген нарық адам­ды жанталастырып жіберді. Халық ана бір жылдары тіпті театрға баруды мүлдем қойған болатын. Ел-жұрт енді ғана есін жинап келе жатыр. Кітапты іздеп, театрға барып дегендей. Бірақ мұны «сананы тұрмыс билейді» деген қасаң қағидаға жатқызуға болмайды. Мен бұл тіркестің өзін жек көремін. Меніңше, халық театрды тұрмысты санаға билеткенде іздейді. Яғни сана рухани азықты алға шығарғанда ғана театр, кино, әдебиет, мәдениеттің мерейі үстем болады. Ал қазіргі ахуал, расында, қара­пайым халықты жанталас тұрмыстың қамымен алып бара жатыр.

Қымбат СМАҒҰЛОВА, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің редакторы:
– Театрға адам өте көп келеді. Мен «билет бағасы арзан болса да, театрға халық бармайды» деген пікірмен келіспеймін. Рас, бұрын қиын кезеңдерде бармаған шығар. Бірақ қазір театрға халық сыймай қалатын, қойылымдардың аншлагпен өтетін кездері көп. Бұл, меніңше, біздің театрға ғана қатысты айтып отырған пікір емес, барлық театрларда да осындай ахуал деп ойлаймын. Театр билеттері бағасының төмендеу екені жасырын емес. Біздің билеттер – 300-600 теңгенің аралығында. Ол бірақ театрдағы қойылымдардың сапасының төмендігін немесе көрерменнің келмейтіндігін көрсетпейді. Ол, керісінше, театр басшылығының қарапайым халықтың жағдайын ойлап, билет құнының арзандығы сол көрерменнің келер-кетер жолының есебіне кетсінші дегені деп қабылдаған жөн. Мұндай әңгіме біздің театрда айтылды да. Сондықтан театрдың сапасы, көрерменнің театрға келуі билет бағасының арзандығымен өлшенбесе керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста