Балаларға арналған веб-ресурстарды көбейтуге не кедергі?

Балаларға арналған веб-ресурстарды көбейтуге не кедергі?


Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры:
– Жалпы, қазақтілді сайттардың өзі бізде тым аз. Қазақ балаларына арнап сайт­­тар ашқымыз келсе, оны міндетті түрде қазақтілді қылып ашуымыз керек. Ең бірін­ші кедергі – интернеттің таралу аймағының аздығы. Қазақша ойлап, қа­зақ ті­лін­де сөйлеп, қазақтілді сайтты керек ететін халықтың барлығы ауылда тұра­ды. Ал ауылдық жерлеріміздің көбіне әлі күнге ғаламтор қолжетімді болмай отыр. Сон­дықтан қазақтілді балаларға арналған сайтты талап етіп, керексінетін ауыл балалары өз­деріне арналған сайт түгіл, ғаламтордың не екенін түсінбейтін дә­­ре­жеде. Ал қала балаларының көбі – орыстілділер. Олар өзімізде болмаса да, ресейліктердің веб-ресурсына кіріп, іздегенін тауып отыра береді. Екіншіден, та­лап етпегеннен кейін, қолдау да жоқ. Қазақтілді балалар сайтын дамыту үшін мем­­лекет тарапынан қолдау қажет. Арнайы грант бөліп, балаларға арналған сайт­тың дамуына жағдай жасау керек. Мәдениет, экономика, әлеумет секілді әр­түрлі саладағы қазақтілді сайттарды көбейту заман сұранысы екенін ұғатын кез жет­ті. Балалар да ғаламторға кіргісі келеді. Өздеріне арналған сайтты таппаған соң, ересектерге арналған сайтқа кіруге мәжбүр болады. Балаларға арналған веб-ресурстарды көбейтпесек, үйде отырған баланың бұзылуына өзіміз себепші боламыз.

Мейіргүл ОҢҒАРОВА, «Массагет.кз» порталының редакторы:
– Қазақ тілінде еріктілер ашқан бірді-екі­лі ғана балаларға арналған сайт бар. Өкі­нішке қарай, олардың өзі анда-санда ғана жаңарып тұрады. Балалар журна­лының, газе­тінің, «Балапан» арнасының сайты бар. Бірақ жеке-дара балаларға арналған сайт деп айтуға тұрарлықтай толық­қан­ды сайт болмай тұр. Менің ойым­ша, бұл жерде бәрі интернетті қолдану са­уат­тылығына келіп тірелетін сияқты. Жет­кіншектердің көбі интернетті қалай қол­­дану керек екенін білмейді. Қазақ интер­нетінде қазақтілді сайттардың аяққа тұрып жатқаны енді ғана, сол себепті балаларға арнал­ған сайттарды көбейту болашақтың ен­шісінде деп ойлаймын.

Абай ОТАР, блоггер:
– Бізде балаларға арналған сайт тұрмақ, үлкендерге арналған салалық сайт­тар саусақпен санарлық. Мұның басты себебі осы салада арнайы әзірленген маман­дардың аздығында деп ойлаймын. Қазіргі салалық сайттарды жасап жүр­гендер жеке фантазиясына, өз интузиясына жүгінеді. Ақпараттық техно­ло­гия саласында еңбек етіп жүрген, PHP, Java, Ajax, C++ тілдерін жетік меңгерген жастар жетерлік. Соларға мемлекет тарапынан дұрыс қолдау көрсетіліп отырған жоқ. Мәселен, жастарға арналған мемлекет тарапынан қаржыландыратын сайт жоқ. Қазақ интернетінің аудиториясы да шектеулі. Елімізде 16 млн халық бар болса, оның 8 миллионы ғана жаһандық желіге кіре алады. Бұл есепке бір рет болса да интернетті қосқан, агентте отыратын әрбір адам кіреді. Ал веб-ресурстың агентпен бітпейтіні белгілі. Әлгі 8 миллион тұрғынды орыс жә­не қазақтілді қолданушылар деп екіге бөлсек, бұл статистика тіпті азаяды. Сон­да қазақтілді интернет қолданушылардың санының болмашы ғана екені бай­қалады. Менің ойымша, бұл мәселені шешудің жолы – жаңа идея жетелеген жас­тарға қолдау көрсету керек. Сонда ғана қазақ интернетінде салалық сайт­тар дами бастайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста