“Астана су қоймасы 500 мың адамға есептелген еді”

“Астана су қоймасы 500 мың адамға есептелген еді”

Сенатор Нұрлан Бекенов елорданы сумен жабдықтау Астана су қоймасынан жүзеге асып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Себебі ол 1969 жылы салынған және 500 мың адамға есептелген. Дегенмен елорда халқының саны бұл көрсеткіштен әлдеқашан асып кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Нұрлан Бекенов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында су тапшылығы мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, елорданы сумен жабдықтау Астана су қоймасы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ су қоймасы 1969 жылы салынған және 500 мың адамға есептелген болатын. Дегенмен елорда халқы бұл көрсеткіштен әлдеқашан асып кеткен.

"Қаланың қарқынды дамуына, сондай-ақ халық санының үнемі өсіп отыруына байланысты су тұтыну көлемі де жыл сайын артып келеді. Астана су қоймасының ресурстары толық сарқылған жағдайда, төтенше жағдайлар туындаған кезде елорда үшін балама су көзін салу арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажет. Осылайша, бүгіннен бастап халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешудің балама жолдарын қарастырып, жоспарлау керек”, - деді сенатор Нұрлан Бекенов.

Депутат Нұра жер асты суы кен орнын игеруді және оның ұзақ мерзімді пайдалану нәтижесінде апатты жағдайда тұрған инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды ұсынды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының үкіметке Бұзылық су қоймасын салу туралы ұсынысты зерделеу және енгізу жөніндегі тапсырма бергенін еске салды. Сенатор Бұзылық су қоймасының құрылысы жүктемелердің шарықтау шегі мен су тасқыны қаупін азайтуға, Есіл өзенінің ағынын барлық ұзындықта реттеуге және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының қажеттіліктері үшін су қорларын ұлғайтуға мүмкіндік береді деп есептейді.

"Тұрғындарды сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ елорданы сумен қамтамасыз етудің қосымша көзін салу келешегін ескере отырып, Нұра және Бұзылық су қоймаларында қысқа мерзімде қайта жаңғырту мен қажетті жұмыстарды жүргізу қажет. Астана қаласын сумен жабдықтаудың балама көздерін игеру жөніндегі жұмысты жеделдетіп әрі жалғастыру керек", - деді сенатор. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста