Алкоголь өнімдерін тек банктің төлем картасы бойынша сату ұсынысы тиімді ме?

Алкоголь өнімдерін тек банктің төлем картасы бойынша сату ұсынысы тиімді ме?


Тоқтамыс Мендебаев, техника ғылымының докторы:
– Бұл мүмкін емес. Себебі біз әлі банк карта­сы­мен сауда жасау дәрежесіне жеткен жоқпыз. Әсі­ресе шағын қалаларда, ауылдық жерлерде бұл көп қиындықтар тудыруы мүмкін. Бізде елдің бәрі жалақыны банк картасы арқылы алмайтыны, оның үстіне кез келген дүкенде ондай төлемді жүзеге асыратын құралдың кездеспейтіні белгілі. Сондықтан мұндай өзгеріс ыңғайсыз жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Меніңше, ішімдік сатуды тек банк картасына байлап қою дұрыс емес. Бі­рін­шіден, әркімнің таңдау құқығы болуы қажет. Банк картасымен төлей ме, қолма-қол ақшамен есеп айырыса ма, ол өз еркі. Екіншіден, осы арқылы ішім­дік не темекі тұтынуды шектейміз деудің өзі жаң­сақ пікір.


Арықбай Ағыбаев, заң ғылымының докторы, профессор:
– Меніңше, бұл болмайтын шаруа. Ресейде осындай ұсыныс айтылды. Олар осы арқылы алкоголь нарығын ба­қы­лауда ұстап тұруға, кәмелетке толмағандарға ішімдік сатуды шек­теуге болады дегенді айтты. Осы ұсыныстың өзі қоғамда көп пікірталас тудырды. Сұраныс бар жерде ұсыныс та бар. Ішімдік сатып алғысы келген адам әлгіндей кедергіні айналып өтуге қашанда жол табады. Оның үстіне мұндай өзгеріс ішімдіктің жасырын өндірісінің ұлғаюына әсерін тигізетіні сөзсіз. Ондай өндірістен шыққан арақтан уланып жатқандар қазірдің өзінде қаншама. Осыны да ескерген жөн. Жалпы, тыйым салу деген қай қоғамда да кері құбылыстарға алып ке­летіні заңдылық.


Артық Сейітқалиева, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті:
– Мен мұндай ұсынысқа үзілді-кесілді қарсымын. Бұл ең әуелі тұтынушының құқығын бұзу болып табылады. Сонда оған таңдау құқығы берілмей ме? Қандай жолмен төлесе де өз еркі емес пе? Ресейде ондай ұсыныс айтылса, бір депутаттың ойына сондай идея келген ғой. Бірақ біреудің басына сондай идея келді екен деп оны енгізе салуға болмайды. ғой. Сондықтан мұндай ұсынысты өте өрескел, тіпті күлкілі дер едім. Себебі ішкісі келетін адам бәрібір амалын тауып сатып алады. Ал сонда тұрғылықты мекені жоқ адамдар қайтеді? Олардың жағдайы онсыз да оңып тұрған жоқ, оларда қайдағы банк картасы? Бұл дегеніңіз – адамды нағыз тығырыққа апарып тіреу. Ішімдікті осылай шектейміз деген ойлары болса, басқа жолды таңдаған дұрыс. Оның зияны туралы көбірек айтылса, салауатты өмір салты жан-жақты, кеңінен насихатталса, міне, тыйымнан гөрі сол көбірек жемісін беретіні сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста